Созақ ауданы: «Ақылдыммен ақылдымын» атты балаларға арналған облыстық акция-байқауы өтті

Бүгін аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайында оқырман балаларды кітап және балаларға арналған баспасөзбен таныстыра отырып, бала қиялының шарықтауына, ойын еркін жеткізіп, көркемдеп жазу арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Ақылдыммен Ақылдымын» атты облыстық байқаудың іріктеу кезеңі өтікізілді.

Оқырмандар ІІІ кезең бойынша сыңға түсті. Атап өтер болсақ: «Адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық» тақырыбында эссе жазу, «Мен таңдаған тақырып» тақырыбында қабырға газетін шығару, «Таным, талғам, тапқырлық» тақырыбында сүйікті шығармасын немесе өлеңін сахналап, өз өнерлерін ортаға салды.

Байқауға «Қызмет» ЖШС газеті және балаларға арналған республикалық «Ақылдым» журналының редакторы Бейсенкүл Жақсыбекқызы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, теле-журналист Зәуре Әбдіхамитқызы, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының инновациялық — әдістемелік бөлімінің әдіскері Жанар Қонайқызы, Созақ аудандық Жастар Рухы жастар қанатының төрағасы Ербол Мұхаметжанұлы төрелік етті.

Байқау нәтижесінде Құмкент ауылдық кітапханасының оқырманы Нұрай Қалымбек өз өнерін жоғары дәрежеде көрсетті. Бас жүлдені иеленіп, облысқа жолдаманы ұтып алды. Бабата ауылынан келген қатысушы Кәусар Саруар жүлделі І орынды, Созақ ауылынан келген қатысушы Бегімсұлу Тохтан ІІ орынды иеленіп, Сызған ауылынан келген қатысушы Алаш Қайнарбай жүлделі IІI орынға тұрақтады. Байқауға қатысқан барлық үміткерлерге бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Байқауға келген балаларға кітапханашылар 100 дана «Ақылдым» журналын үлестірді. Мерекелік көңіл-күйде өткен байқауға балалар шат-шадыман күйде атсалысып, ерекше әсерге бөленді.

Осы тұста балалардың қиялының дамуы мәселесіне азды-көпті тоқтала кетсек. Әрине, ешбір ата-ана бала қиялының дамуына кедергі жасағысы келмейді. Көп жағдайда олар балаларын ерте жастан жан-жақты дамытқысы келіп, түрлі секциялар мен үйірмелерге апарады. Алайда осылайша баланы құрдастарымен ойнайтын, қиялына ерік беретін уақытынан айырады.

Қандай да бір үйірмеге немесе қосымшаға бармаған кезде бала не істерін білмей, «ішім пысты» деген сөздер айтуы немесе гаджеттерден көз алмай отырып қалуы мүмкін. Мұның себебі – бала үйірмелер мен секциялар форматына үйреніп қалғаны соншалық, бос уақытты өткізетін қызықты іске қиялы жетпей қалады.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың басты қызметі – партада отыру емес, басқа балалармен ойнау, жан-жағын зерттеу, физикалық белсенділік таныту. Яғни осы 3 фактор – бала миының және психикасының дамуына тікелей әсер етеді. Қосымша үйірмелер қаншалықты пайдалы болса да, баланың күн тәртібі тек олардан тұрмауы тиіс.

Адам қиялы көбіне балалық шақта дамитыны мәлім. Бала табиғат заңдылықтарын жіті білмегендіктен, ол оңайлықпен қиялданады, сол арқылы шығармашылық қабілетін дамытады.

Не себепті ата-аналар бала фантазиясының дамуын шектейді?

Әдетте мұндай проблемалар жанұя ішіндегі климатқа және күйзелістерге тікелей байланысты. Егерде баланың өзін-өзі көрсете білуін қаласаңыз, намысына тиетін жағымсыз сөздерден бас тарту қажет. Мәселен, жалған айтпау үшін, оның шығармашылығын бағаларда еңбекқорлығын, талпынысын мақтап қойыңыз. Шектен тыс сын айту баланың қандай да бір іспен айналысуына деген ынтасын төмендетеді, өзіне деген сенімділігі жоғалады. Ал шамадан тыс мақтау – болашақта сын көтере алмаушылыққа әкеледі, ата-ана бағалауының маңызы жоғалады.

Бала қиялын дамыту үшін арнайы сабақтарға барудың қажеті жоқ. Ол өздігінен ойнау, сурет салу немесе конструктор жинау барысында өздігінен қалыптасады.

Мұнда ата-ананың баламен бірге қиялына ерік беруі ерекше әсер етеді:

— қағаз бетіне кез келген фигура салып, балаға суретті аяқтауын тапсырыңыз. Кейін орын ауыстырып, пайда болған суреттер туралы сөйлесіңіз. Шығармашылық анализі – шығармашылықтың дамуына жағымды әсер етеді

— кезекпен ертегі ойдан шығарып ойнаңыз. Бірінші қатысушы әңгіменің тақырыбын ойластырса, екінші қатысушы өзінше жалғастырып әкетеді

— баламен бірге құпия тіл ойлап табыңыз. Алфавиттің әр әрпінің тұсына шартты белгі салып, бір-біріңізге құпия хабарлама жіберіңіздер — көбірек кітап оқып, баламен бірге талқылаңыз. Саналы оқу мен анализ жасау – баланың шығармашылық ойлай білуінің негізі. 

 Бала  қиялын тәрбиелеуде олардың дүниетанымын, қызығуы мен мүдделерін, мақсат-тілектерін армандарын ескеріп отыру маңызды. Бала дәл қазір өзінің арманын іс жүзіне асыра алмаса да, келешекте оны іс жүзінде асыратынына сенімі болғаны абзал. Бала әр кез өз қиялының жемісті болуына сын көзбен қарап қиял біткеннің бәріне сене берместен, оны ой тезінен өткізіп отыруға дағдылануы тиіс. Бала тұрмысына үйлеспейтін, тіршілікке пайдасыз, күш-қуат бірмейтін, еркін ширатпайтын, құрғақ қиялдардың болмау жағын мұғалімдер үнемі ескеруі тиіс.

Баланың білімі болса, оның ақыл-ойы мен қиялы жемісті де бай болып келетініне баланың көзін жеткізу – ата-ана мен тәрбиеші ұстаздардың міндеті. Мектептегі, үйдегі көркемдік эстетикалық тәрбие қиялдың дамуына үлкен әсер етеді. Мысалы, музыка түрлі өнер салаларына дағдылану – олардың көркемдігін сезіне алу балада қиялдың шарықтауына қажетті шарттардың бірі.

Шәкірт  қиялын сабақ үстінде тәрбиелеуге  көп мүмкіншіліктер бар. Мәселен, қай  пән болса да (тарих, география, математика, т.б.) оқушыға ғылыми мағлұматтарды  көбірек берумен бірге олардың өмірімен бай танысатын жақтарына ерекше көңіл бөлген дұрыс. Бала қиялын тәрбиелеуде кластан және сектептен тыс жұмыстар үлкен орын алу керек. Бұл үшін түрлі үйірмелер жұмыстарын жақсы жолға қою қажет (әдеби, ғылыми-техника үйірмелері т.б.). Келе жатқан мейрамдарға дайындалған уақытта, дайындық жұмыстарына балаларды қатыстырып, мейрамды қалай өткізу жайында олармен бірге жоспар жасап, оларды қатыстырып отырған жөн. Қиял дамытуда театр мен киноның да орны айрықша. Бала театрдан, кинодан көрген үлгілі адамдарға ұқсап, келешекте солардан өмір сүргісі келеді. 

Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын – бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Ойын үстінде ойын баланың шығармашылық талабына кең жол ашылады. Бала өз қиялынан ылғи да бір нәрсені жасау, құрастыруға әрекет жасау нәтижесінде баланың ойлау белсенділігін күш-қуатын барынша жұмсауға мүмкіндік туғызады. Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетегінде кетеді. Бала психикасының осы жағы да қиял тәрбиесінде есте болатын жай.

Сонымен, мектепке дейінгі балалардың қиялының дамуына оның әлеуметтік ортасы, отбасындағы қарым-қатынас, ойын, білім, заттық іс-әрекеттер арқылы ықпал ету, онымен санасу, оны қызықтыратын барлық нәрселерге үлкен мән беріп, ықпал ету жатады. Бала дамуын балабақшада тәрбиешілер, үйінде ата-анасы үлкен назарға алуы тиіс. Қорыта келе, мектепке дейінгі ұйым — бала дамуының, өсуінің, тәрбиеленуінің алғашқы баспалдағы екені бәрімізге мәлім.

Бала тәрбиесі – күрделі процесс. Бала бойында көрінетін әртүрлі өзгерістер ең бірінші тәрбиешілердің көмегімен жүзеге асырылады. Сондықтан, болашақ тәрбиеші ретінде балалардың қиялын дамыту арқылы, баланы шығармашылыққа, ұшқырлыққа, ойлау процесінің жүйелі болуына тәрбиелейміз. Баланың дамуы, танымдық процестерінің қалыптасуы, қарым-қатынасының жүйелілігі — балабақшаларда оқыту барысында жүзеге асады. Қиялдың адам өмірінде маңыздылығы өте жоғары екені белгілі. Бала бойындағы танымдық процестер, соның ішінде қиялдың көрініс табуы үлкен маңызға ие.

Қиял — баланың ойлауын мен қиялдауын қалыптастырады. Қиялды балада дамыту мен қалыптастыру өте жас кезінен қадағалап, болашақ ұрпағымыздың саналы да ақылды, ойы ұшқыр болуы үшін қиялдылықты тәрбиелеуіміз қажет. Бала дамуында танымдық процестерді жетік игерте алсақ, онда болашақ бүлдіршіндердің сана – сезімінің қалыптасуы жоғары деңгейде көрініс табатын еді.

Қазіргі заман талабына сай әрбір мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, жаңа тың ізденістерге талпынады. Мұғалім оқыту процесінде оқушыларды жан-жақты салада тәрбиелейді. Осы сан алуан ізденістердің нәтижесі сабақта көрінісін табады. Сабақ өткізу барысында оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, баланың даралық ерекшеліктерін ескере отырып, тұлғалық қасиеттерін дамыту әдістің тиімді түрлерін пайдалану қажет. Оқыту процесінде балалардың танымдық дербестігін ұйымдастырудың негізгі құралы өзіндік жұмыс және ол баланың дербес танымдық іс-әрекетін жандандыруда ерекше жұмысты сабақ жүргізудің, ұйымдастырудың формасы оқыту әдісі ғана емес, ол балаларды дербес танымдық іс-әрекетке тарту, қызықтыру құралы деп есептеуге болады. Олай болса, балалардың дербес танымдық іс-әрекеті олардың танымдық белсенділігін арттырудың ең тиімді жолы.

 «WWW.ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin