Түркістан облысы: Созақ ауданында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» аясында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасын ұйымдастырып, өткізу ұсынылған болатын.

Осыған орай, 2024 жылдың 6 мамыр күні сағат 10-00-де Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі, №16 мекенжайда орналасқан Созақ ауданы әкімдігі ғимаратының 1-ші қабатындағы кіші мәжіліс залында, «Құжаттандыру-куәліктер, паспорттар, жүргізуші куәліктерін алу әскери билеттер беру, ҰОС куәліктерін беру және т.б.» тақырыптарына арналған іс-шара өткізілді.

Іс-шара өтетіндігі жөнінде алдын ала, 4 мамыр күні «Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Агенттіктің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік ақпаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» бойынша, «Құжаттандыру-куәліктер, паспорттар, жүргізуші куәліктерін алу әскери билеттер беру, ҰОС куәліктерін беру» және т.б. тақырыптарында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

Өтетін уақыты, орны: 06.05.2024 жыл сағат 10:00-де. «Созақ ауданы әкімдігі» ғимараты кіші мәжіліс залында болатынын хабарлаймыз» — деген мәтінде хабарландырулар жүргізілген болатын.

Іс-шараға келген азаматтарға келген құжаттандыру-куәліктер, паспорттар, жүргізуші куәліктерін алу, әскери билеттер беру туралы мемлекеттік қызмет алушыларға құжаттандыру және куәліктер беру мәселері бойынша қолдау шараларын көрсету қызметтері бойынша консультациялық кеңестер берілді.

Бұдан бөлек мамырдың 3-інде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» аясында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасын ұйымдастырып, өткізу ұсынылған болатын.

Осыған орай, 2024 жылдың 3 мамыр күні сағат 10-00-де Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі, №16 мекен-жайда орналасқан Созақ ауданы әкімдігі ғимаратының 1-ші қабатындағы кіші мәжіліс залында, «Денсаулық сақтау-медициналық көмек пен дәрі-дәрмек алу, емханаға тіркелу және т.б.» тақырыптарына арналған іс-шара өткізілді.

Іс-шара өтетіндігі жөнінде алдын ала хабарландырулар жүргізілген болатын.

Іс-шараға келген азаматтарға келген денсаулық сақтау-медициналық көмек пен дәрі-дәрмек алу және емханаға тіркелу туралы мемлекеттік қызмет алушыларға денсаулық мәселері бойынша қолдау шараларын көрсету қызметтері бойынша консультациялық кеңестер берілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin