Түркістан – Түркі әлемінің 2024 жылғы туристік астанасы: Түркістан шаһарына жыл басынан бері 300 мыңнан астам турист келді

Түркістан облыс орталығы ретінде жаңа серпінмен дамып, өркендеудің алғашқы кезеңін өткерді. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды қала тұрғындарымен кездесіп, қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің 2024 жылдың алғашқы 4 айдың қорытындысы және алдағы жоспарлар бойынша баяндамасын тыңдады.

Түркістанның жалпы аумағы соңғы үш жылда 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұлғайып, халық саны 230,2 мыңға жетті. Жыл басынан бері Түркістан қаласына келуші зияратшылар мен туристердің саны 326 мың адамнан асып, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 37,6% өсті. Шетелдік туристер саны 4,3 мың адамға жетті, яғни өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 58,1% өсті.

Биыл 3967 түркістандық қоныс тойын тойлайды. Жыл соңына дейін жалпы алаңы 400 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріледі. Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция көлемі 14,5 миллиард теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде 16 645 азамат тұр.

Сонымен қатар 2024 жылы кезектегі азаматтарға тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында баспана сатып алуға қаржы қарастыру жұмыстары жүргізілуде. «Отбасы банк» арқылы 66 көпқабатты тұрғын үйден 3317 пәтер сату жоспарланған.

Турист демекші, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту оларға Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту бойынша қызмет түрлерін көрсетеді. Көші-қон саласындағы мелекеттік саясатты жүргізудің және еңбек ресурстарының теңгерімділігін арттырудың негізгі бағыты – халқы тығыз орналасқан өңірлерден, еңбек ресурстары аз, халқы сирек орналасқан өңірлерге халықты қоныстандырып, ішкі көші-қонды реттеу.

Биылғы жылы 1 маусымдағы көрсеткіштер бойынша облысқа 231 отбасы, 403 этникалық қазақ қоныс аударып, оларға қандас мәртебесі берілді. Оның ішінде, көршілес ел Өзбекстаннан – 390 адам, Тәжікстан — 10 адам, Ресейден — 1 адам, басқа мемлекеттерден 2 адам қоныс аударған.

Бүгінде этникалық қазақтар облысқа қарасты аудандарға орналастырылды. Басым бөлігі Сарыағаш ауданында орналасса (163 адам немесе 40,5%), Ордабасы ауданына 44 адам (10,9%), Қазығұрт ауданына 62 адам (15,5%), Келес ауданына 70 адам (17,5%), Сайрам ауданына 18 адам (4,5%), Жетысай ауданына 10 адам (2,6%), Түлкібас ауданына 12 адам (2,8%), Мақтаарал ауданына 18 адам (4,5%), Түркістан қаласына 5 адам (1,2%), қоныстанды.

Қоныс аударған этникалық қазақтардың 58,3%-ы еңбекке жарамдылар болып табылады. Басым бөлігі арнайы оқу орындарын бітірмегендіктен, құрылыс саласында, сауда-саттықпен және ауыл шаруашылығымен айналысады.

Аталған бағытта жауапты мамандар тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда.

Осы ретте ауыз толтырып айтатын жаңалық, Түркістан қаласы әкімдігі жанында «Халықтық кеңсе» мен «1310» Бірыңғай байланыс орталығы тұрғындардың өтініштерімен жұмыс істеуде. Сонымен қатар қала аумағында 6 сектор құрылып, тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста өзекті мәселелерді шешуге өз үлестерін қосуда. Бұл туралы бүгін өткен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының түркістандықтармен кездесуінде мәлімденді. 2024 жылдың алғашқы 4 айдың қорытындысы мен алдағы жоспарларды қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков баяндады.

Халықтық кеңсе арқылы жыл басынан жалпы қызмет алған адамдар саны – 23 942. «1310» Бірыңғай байланыс орталығына 2024 жыл 4 айда 3803 қоңырау түсіп, оның 100% шешімі табылды.

2023 жылдың қорытындысымен жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады. 2024 жылы «Еңбек» бағыты бойынша 8 513 азаматты жұмыспен қамту жоспарланса, 4 айдың қорытындысымен 3661 азамат белсенді шараларға тартылды.

Қала аумағында аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде атқарылуда. 2023 жыл қорытындысымен 4 150 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленсе, 2024 жылдың 4 айында 1745 отбасыға тағайындалды.

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары беріліп, кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілген. Соғыс ардагерлері мен соғыс ардагеріне теңестірілген және тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік көмек көрсетілді. 6 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жүйелі түрде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен деңсаулығына оң жағдай жасау мақсатында ашылған «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» өткен жылы 2 983 адамға, 2024 жылдың 4 айында 1320 адамға қызмет көрсетті. Сәуір айында «Белсенді ұзақ өмір» бөлімшесі іске қосылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin