Түркістан облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 медициналық нысанның құрылысы басталды

Түркістан облысында денсаулық сақтау саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы басталды. Атап айтқанда, 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 медициналық пункт салынады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиында баяндалды.

Облыс әкімінің орынбасары денсаулық сақтау саласындағы жұмыстарды жандандыру керектігін айтып, кейбір нысандарда құрылыс жұмыстарын тездетіп, ғимараттардың сапалы салынуын қадағалауды тапсырды.

– Түркістан облысы үшін денсаулық сақтау саласын дамыту ең маңызды мәселе болып отыр. Жалпы өңірде медициналық орталықтардың жетіспеушілігі шешу маңызды. Кейбір ауылды аймақтарда денсаулық нысандарының жоқтығы анықталған. Өңірде 49 медпункттің құрылысын жүргізу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда ауыл аймақтардағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталып, жер қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Уақыт тығыз. Сондықтан тиісті басқармалармен құрылыс нысандарының басына барып, мердігерлермен кездесіп, іргетасын құю, құрылысқа кедергі келтіретін мәселелерді тиісті басқармалармен шұғыл анықтап, қателіктерді жойып, жұмысты ширату керек. Бірқатар аудандарда тиянақтылық бар. Кестеден кешіккен аудандарға және талапқа сай құрылыс жүргізбеген мердігерлерге шара қолданылады, – деді облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев.

Бүгінгі таңда «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Баққоныс, Төрткөл, Көкпарсай елді мекендерінде 3 фельдшерлік-акушерлік тірек құрылысы жүргізілуде. Одан бөлек, 27 жобаға республикалық және жергілікті бюджеттен қаржысы қаралып, конкурс жарияланды. Жеңімпаз анықталып, келісімшарт түзілді. Қалған нысандар бойынша мемлекеттік сатып алу процесі өткізілуде. Аталған нысандар жыл соңынай дейін пайдалануға тапсырылуы тиіс.

Атап өтер жайт, бүгінгі таңда Ұлттық жоба шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, мемелекеттік сараптама қорытындылары негізінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп, байланыстыру жұмыстарын толығымен аяқтады. Құрылысы жоспарланған 655 МСАК нысанының ішінде 22,9 миллиард теңгеге 102 нысандағы құрылыс жұмысы аяқталды. 

Бүгінгі таңда облыс әкімдіктері тарапынан жергілікті бюджеттерден 551 нысанға бірлесіп қаржыландыру көзделген. 441 нысанның құрылысы бойынша шарттар жасалды. 107 нысан бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Биыл 355 нысанның құрылысына республикалық бюджет және Үкімет резерві есебінен қаражат бөлу көзделген.

194 нысанның құрылысына қаржы министрлігімен бірлесіп бұрын қабылданған қаулыға өзгерістер енгізу арқылы Үкімет резервінен қаражат бөлу жоспарлануда.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Жобаның аясында 3 міндет іске асырылуда:

  1. 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салу;
  2. Жұмыс істеп тұрған аудандық ауруханаларды жаңғырту және оларды жарақтандыру арқылы 32 заманауи ауданаралық көпбейінді орталық аурухананы ұйымдастыруды қамтитын ауыл халқына шұғыл медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру;
  3. Ауылдағы денсаулық сақтау нысандарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету.

«Осы міндет бойынша 1 100 медицина қызметкерін даярлау жоспарланып отыр», — дейді министр. 

Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу мерзімдері мен құнын оңтайландыру мақсатында медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының бірыңғай оңтайлы параметрлерін сақтай отырып, жобалауға біріздендірілген тәсіл көзделген. Бірыңғай жобалаушы жергілікті атқарушы органдар қайта қолдану үшін өңірлердің климаттық және сейсмикалық ерекшеліктерін ескере отырып, нысандардың 3 түрі бойынша 16 эталондық жобаны әзірледі. 

Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің барлық нысанында компьютерлік техникасы бар телемедицина кабинеттері көзделген, алайда құрылыс аясында телемедициналық консультациялар өткізу үшін медициналық жабдықтармен жарақтандыруға қаражат көзделмеген. Осыған байланысты ауыл халқының сапалы медициналық көмекке тең қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдардан аталған нысандарды интернет желісіне қосу және тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету сұралады.

Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, медициналық және медициналық емес бұйымдарды таңдау кезінде отандық тауар өндірушілердің өнімдеріне басымдық берілді. Жалпы пайыздық көрсеткіш 71%-ды құрады. Ұлттық жобаның бірінші міндетінің аясында барлығы 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салу жоспарлануда, оның ішінде 2023 жылы 92 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанының құрылысы аяқталды, 7 жоба мерзімдері бұзылып, биыл аяқталады деп күтілуде. 2024 жылы 556 нысан пайдалануға берілмек.

«Бүгінгі таңда 239 жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, 317 жоба сараптамадан өтуде. Қорытынды алудың күтілетін мерзімі – осы жылдың сәуір айы. Сол кезде біз толығымен сараптамадан өткізіп аяқтаймыз», — дейді министр.

Бүгінгі таңда әкімдіктер конкурстарды өткізіп, нысандардың құрылысына 109 шарт жасалынып отыр, оның ішінде 99 нысанға жергілікті атқарушы органдардың қоса қаржыландыруы көзделген, бұл ретте республикалық бюджеттен 58 нысан қаржыландырумен қамтамасыз етілген. Жалпы 2024 жылға арналған қосымша қаржыландыру қажеттілігі 498 нысан салуға 99,6 миллиард теңгені құрайды.

Биыл нысандардың құрылысын аяқтаудың жоспарланған мерзімдері: 7 нысан – биылғы маусым; 10 нысан – қазан; 226 нысан – қараша; ал желтоқсанда 120 нысан беріледі деп күтілуде.

Ұлттық жобаның екінші міндеті аясында 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 12 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама бар, оның ішінде 9 жоба республикалық бюджеттен қаржыландырумен қамтамасыз етілген. 9 жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде, 14 жоба – әзірлеу сатысында.

Ұлттық жоба аясында 32 көпбейінді аудандық орталық аурухананы материалдық-техникалық жарақтандыруға 33,6 миллиард теңге мөлшерінде шығыстар көзделген. 2023 жылы жалпы сомасы 10,5 миллиард теңгеге 1 800 медициналық техника сатып алынды. 2024-2025 жылдары 23 млрд теңге сомасына 9 ангиограф, 17 МРТ, 6 КТ сатып алу жоспарланған.

«Сонымен қатар бүгінде болжамды тиімділік тұрғысынан медициналық техникамен жарақтандыру жоспарына ревизия жүргізілуде, осыған байланысты бұл сандар түзетілетін болады. Ұлттық жобаның денсаулық сақтау нысандарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі үшінші мінде аясында министрлік өңірлермен бірлесіп талдау жүргізді», — дейді Ақмарал Әлназарова.

655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны үшін кадрларға жалпы қажеттілік 254 медицина қызметкерін құрайды. 32 көпбейінді аудандық орталық аурухана үшін 898 медицина қызметкері қажет. 2023 жылы медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанына 39 жас маман және көпбейінді аудандық орталық ауруханаға 89 жас маман жұмысқа орналастырылды. Биыл осы бағыт бойынша жұмыс істеу үшін 215 грант иегерін жіберу жоспарланып отыр.

«2024-2025 жылдары ұлттық жобаның 2 бағыты бойынша өңірлер 486 дәрігермен және 323 орта медицина қызметкерімен қамтамасыз етілетін болады. Әлеуметтік пакеттер өңір қаражатының есебінен көзделетін болады. Әлеуметтік пакеттер өңір қаражаты есебінен тұрғын үй, көтерме төлемдер және басқа да әлеуметтік қолдау шаралары түрінде көзделетін болады. Осы мәселені әкімдердің қолдауы қажет. Ұлттық жобаны іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда және министрліктің ерекше бақылауында», — дейді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Ұлттық жобаның бірінші міндетінің шеңберінде барлығы 655 МСАК нысанын салу жоспарлануда, оның ішінде 2023 жылы 92 МСАК объектісінің құрылысы аяқталды, 7 жоба мерзімдерін бұза отырып аяқталады. Бүгінгі таңда 239 жоба бойынша ЖСҚ бар, 317 жоба мемлекеттік сараптаманың қарауында тұр.

Бүгінгі таңда әкімдіктер конкурстар өткізіп, нысандарды салуға 109 шарт жасасты, оның ішінде 99 объектіге ЖАО-ны қоса қаржыландыру көзделген (10%), бұл ретте республикалық бюджеттен 58 нысан қаржыландырумен қамтамасыз етілген.

Жалпы, 2024 жылға арналған қосымша қаржыландыру қажеттілігі 498 МСАК нысанын салуға 99,6 миллиард теңгені құрайды.

Ұлттық жобаның екінші міндетінің шеңберінде 32 аудандық аурухананы жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілуде, оның ішінде 12 жоба бойынша ЖСҚ бар, оның ішінде 9 жоба республикалық бюджеттен қаржыландырумен қамтамасыз етілген.

Ұлттық жобаның шеңберінде 32 көпбейінді аудандық орталық аурухананы материалдық-техникалық жарақтандыруға 33,6 миллиард теңге көлемінде шығыстар көзделген. Бұл шығыстар жоғары мамандандырылған жабдықпен толық жарақтандыруға көзделген.

2023 жылы диагностикалық жабдықты (УДЗ), зертханалық жабдықты, реанимациялық жабдықты, рентген-диагностикалық, физиотерапиялық, хирургиялық және эндоскопиялық бейнеақпараттық жабдықты қоса алғанда, жалпы сомасы 10,5 миллиард теңгеге 1800 бірлік медициналық техника сатып алынды. 2024-2025 жылдары 23,1 миллиард теңге сомасына ангиографтар, МРТ, КТ сатып алу жоспарланған.

Ұлттық жобаны денсаулық сақтау нысандарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі үшінші міндеттің шеңберінде Министрлік өңірлермен бірлесіп талдау жүргізді, деп атап өтті ведомство басшысы.

655 МСАК нысаны үшін кадрларға жалпы қажеттілік 254 медицина қызметкерін, оның ішінде 46 дәрігерді және 208 орта медициналық персоналды құрайды. 32 көпбейінді аудандық орталық ауруханалар үшін – 898 медицина қызметкері (486 дәрігер және 412 мейіргер). 2023 жылы МСАК — 39 нысанына және КАОА — 89 жас маман жұмысқа орналастырылды. Биыл МСАК нысандарына жұмыс істеу үшін 215 грант иегерін жіберу жоспарлануда.

Ұлттық жобаның шеңберінде 3 міндетті іске асыру көзделгенін естеріңізге сала кетейік: біріншісі – 655 МСАК нысанын (257 медициналық пункт, 238 ФАП, 160 дәрігерлік амбулатория) салуды қамтитын ауылдық елді мекендерді МСАК ұйымдарымен қамтамасыз ету. Екіншісі – жұмыс істеп тұрған аудандық ауруханаларды жаңғырту (ғимараттарды күрделі жөндеу, реконструкциялау, инсульт және кардиологиялық орталықтар, медициналық оңалту, травматология және ортопедия, хирургия, реанимация, қарқынды терапия және т.б. бөлімшелер ашу) және оларды жарақтандыру арқылы 32 заманауи көпбейінді орталық аудандық аурухананы ұйымдастыруды қамтитын ауыл халқына шұғыл медициналық көмек көрсетудің уақтылығын арттыру. Үшінші міндет – ауылдық денсаулық сақтау нысандарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету. Осы міндет бойынша ауылдық денсаулық сақтау нысандары үшін 1100 медицина қызметкерін даярлау жоспарланып отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin