Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен Turkistan hub Telegram-ның шексіз мүмкіндіктері туралы workshop өткізді.
Аталған шараға 20-ға жуық адам және БАҚ өкілдері қатысты. Воркшопта Turkistan hub менеджері Ғалымжан Айтқалиев спикерлік етіп, телеграмды толық пайдалану жолдарын түсіндіріп өтті. Онда чаттар мен арналар, боттар және олардың автоматтандырылуы, сондай-ақ файлдарды сақтау және бөлісу жайлы айтылды. Шара соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Айта кетейік, басқарма тарапынан бұған дейін «pizza pitch» шарасы өткізіліп, көптің қызығушылығын арттырған еді. Ендігі кезек, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.
Айта өтейік, Telegram — смартфондар мен басқа да құрылғылар үшін, мәтіндік хабарламалар мен түрлі форматтағы медиафайлдармен алмасуға мүмкіндік беретін тегін кроссплатформды мессенджер. Қызмет халықаралық нарыққа бағдарланған, көптілді интерфейсі бар.
Статистика бойынша 2015 жылдың мамырында Telegram қызметінің белсенді қолданушылардың саны 62 миллионға, ал күнделікті жіберілетін хабарламалар саны 10 миллиардқа жуық болды. Көптеген елдерде әйгілі Facebook messenger қосымшасын озған, ал Apple App Store-да 48 елде тегін қосымшалардың арасында ең жүктелетін қосымша болып есептелді (ақпан 2014 жыл). Павел Дуровтың мәлімдеуінше, Telegram-ның жылдық өсімі 2017 жылдың сәуір айдағы дерегіне сәйкес 50%-дан асқан.
Жоба «Вконтакте» әлеуметтік желісінің негізін қалаған Павел Дуровтың көмегімен жасалды. «The New York Times» журналында берген сұхбатында оның есігінің алдына қаруланған адамдар келгенде, дәлірек айтқанда, 2011 жылы қосымшаны құрудың алғашқы идеясы келді. Соңғылары кетуімен, Дуров бірден өз ағасы Николайға хат жазды. Сол кезде ол ағасымен байланысудың қауіпсіз жолы жоқ екенін түсінді. Сервис ағасы Николаймен әзірленген MTProto хатын шифрлеу технологиялар негізінде құрастырылды. «Телеграмның» өзі алғашында MTProto-ны үлкен жүктемелерде тексеру мақсатында Павелге тиесілі «Digital Fortress» компаниясының сынағы болатын. 2013 жылы 14 тамызда IOS платформасында бірінші клиенті пайда болды.
Әлемнің 50-ден астам мемлекетінде қолданылады. Офисі Нью-Йорк штатындағы Буффало қаласында болғандығына қарамастан Телеграм командасының орталығы ол жерде емес. Telegram-ның бас-офисі Берлинде орналасқан. Себебі, сервис өкілдерінің айтуынша, Германия аумағында орналасу оларды арнайы қауіпсіздік қызметтерінен тәуелсіз етеді.
WhatsApp-ты Фейсбук сатып алғаннан кейін, қолданушылардың көбісі басқа ыңғайлы мессенджерге ауысу қажет деп тапты. Телеграм Чили, Мексика, Италия, Испания, Германия, Нидерланды және Таяу Шығыс елдерінде көш бастап тұр. Осылайша аз уақыт ішінде жаңа желі үлкен жетістікке жетті.
Telegram-ды барлық хабарламалар бұзып кіруден қорғалған. Осы функциясы арқылы кеңінен танымал болды. Қолданушыларының мәліметтерін америкалық бақылау қызметіне ұсынады дейтін Facebook тәрізді жанжалдарға жолай қойған жоқ. Террористік ұйымдардың көпшілігі де Telegram каналдары арқылы байланысады деседі. Дегенмен мамандардың сөзінше, сервис барлық хабарламаларды құпияландырмайды. Сіз тек белгілі бір фунцияны қосқаннан кейін ғана ақпаратыңыз сақталған болып есептеледі.
Павел Дуров Telegram-ды қалай таныстырады?
- Бүгінде Telegram Messenger iOS, Android, Windows Phone, Win, Mac OS және Linux, сонымен қатар веб-нұсқа түрінде де жұмыс істейді. Ғаламтордан алынған статистика бойынша, 2014 жылдың наурыз айында WhatsApp қолданушылары 550 миллионды құраса, телеграмның белсенді қолданушылары 35 миллионға жеткен.
- 2015 жылдың соңынан бастап Телеграм құпия чат функциясын іске қосты. Бұл қызмет бойынша хабарламалар белгілеген уақытта ғана көрсетіліп, кейіннен автоматты түрде өшіп отырады. Сонымен қатар көлемі 1 Гб дейінгі файлдарды жіберуге болады. Және қатысушылар саны 100 адамға дейін құрайтын мультичаттар ашуға болады.
- Бұл мессенджердің құрастырушылар мақтан ететін тағы бір артықшылығы. Бағдарлама шынымен де өте жылдам жұмыс істейді. Деректер онлайн-қорда сақталады, ал серверлері әртүрлі елдерде орналасқан. Ол қажетті ақпаратты жылдам табуға көмектеседі.
- Экранға толығымен ашылып тұрған суретті алып тастау үшін, оны саусақпен жоғары көтере салса жеткілікті. Ал жабу үшін кескіннің үстінен басса болды. Бұл шынымен де ыңғайлы байқап көріңіздер!
- Гуглдан қажетті дүниені бағдарламадан шықпай-ақ іздей беруге болады. Сонымен қатар, суретті жіберу үшін оны міндетті түрде телефонға жүктеудің да қажеті жоқ. Желіде отырып-ақ тікелей жібере беруге болады.
- Telegram-ды компьютер арқылы қолданғанда тағы бір әдіс бар. Хатты браузер терезесіне сақтап, хабар теретін кезде көшіріп қоя салуға болады. Бұл әдіс біраз уақытыңызды үнемдейді.
Толығырақ айта кетсек, құпия чаттар – екі адам ғана қатыса алатын Telegram-дағы арнайы чат түрі. Ол жоғары қауіпсіздендірілген. Құпия чаттағы хабарламалар Telegram серверлері арқылы жіберілген болса да, хабар жеткізілгеннен кейін бірден өшіп отырады. Чаттың екі қатысушыларының байланыс құралдарында ғана сақталады. Құпия чаттарда қабылданған суреттерді сақтауға болмайды. Бірақ өзгеруі мүмкін. Оның орнына скриншот жасауға тыйым салынады.
Құрастырушылар Телеграмды барынша қауіпсіз әрі сенімді мессенджер ету үшін барын салуда
Telegram-да екі ресми және онға жуық ресми емес версиялары бар. Ресми дегеніміз яғни Telegram өз клиенттерің сапасын және авторлығын мойындайды. Telegram-ның ресми қолданушылары тек екеу. Олар: iPhone және Android.
Ресми емес қолданушылардың ішінде Windows, Mac OS X, Linux клиенттері, Игорь Жуковтың браузерлік версиясы, және Android-қа арналған тағы бір S-edition клиенті бар. Сонымен қатар, Windows Phone-ның жеті әртүрлі тұтынущылары бар.
Telegram клиенттерінің бастапқы коды (Android, iOS және Linux командалары үшін) ашық және еркін жүктеуге мүмкіндік бар. Ол GNU GPL 2.0 бойынша лицензияланғандықтан коммерциялық мақсатта да қолдануға болады.
Telegram құжаттары сақталатын серверлердің әлем бойынша бес нүктесі бар. Еуропалық қолданушыларға Лондондағы дата-орталығы қызмет көрсетеді. Азияға – Сингапурде. Ал мексикалық қолданушыларға – Сан-Франциско қызмет көрсетеді. Орталық сақтау сервері деген жоқ. Барлығы тәуелсіз жұмыс атқарады. Қолданушылар әртүрлі дата-орталықтарға қосылып, ауыса алады.
Telegram дата-орталықтарын басып алудың пайдасы жоқ. Дата-орталықтарда деректер қатқыл дискте шифрленген түрде сақталады. Сондықтан орталықты басып алып, дискті қолға түсіргеннің өзінде де хабарламаларды аша алмайды. Әрбір кластер арнайы кілтпен шифрленген. Ал ол кілт тек қолданушының құралында ғана сақталады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.