Түркістан облысы: Созақ ауданындағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 900 орындық мектептің құрылыс қарқыны артып келеді

Бүгін Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан орталығында «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 900 орындық Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің құрылыс жұмыстарының барысын бақылауына алды. Мердігер мекеменің өкілдерімен тілдесіп, ең алдымен құрылыс сапасына қатысты талаптарды қатаң сақтап, әрбір жобаға мұқият болуды ескертті.

Айта кетейік, қазіргі уақытта нысанның ішкі жұмыстарымен қатар, сыртқы фасадын травертинмен қаптау жұмыстары жүруде. Құрылысқа 150-ге тарта адам жұмылдырылып, жұмыс қарқыны өндірістік кестеге сай өрбуде. Жаңа мектептің техникалық жарақтандыру үлесі 4 есеге ұлғайтылып, робототехника кабинеттері, зертханалар, хореография залдары қарастырылмақ. Оқу кабинеттері интерактивті тақталармен және компьютерлермен жабдықталады. Жайлылық пен тиімділікті қамтамасыз етіп, мектепішілік кеңістік ыңғайлы болу мақсатында бастауыш сыныптар, орта, жоғары буын оқушылары үшін жеке блок жасалады.

Жалпы, Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 3 үш жыл ішінде кемі 50 мың оқушы үшін 63 мектеп салу жоспарланған. Өңірде жыл соңына дейін пайдалануға берілетін 29 мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Абаттандыру және жолдардың құрылыстары да дер кезінде аяқталуы тиіс. Білім нысандарының құрылысында орын алып отырған проблемаларды талқылап, шешім шығару үшін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жобаны үйлестіруші «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ұлттық жобаны іске асыру департаментінің Түркістан облысы бойынша Өңірлік басшысы Сәкен Әшірбаев пен барлық жауапты тұлғалардың басын қосып, Президенттің қойған міндетінің орындалу барысын талқылады. Облыс әкімі жауапсыздық танытқандарға шара қаралатынын ескертті.

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын іске асыру міндеті «Samruk-Kazyna Construction» Ұлттық компаниясына жүктелген. Жиналыста ерекше мектептердің құрылысы барысында орын алып жатқан өзекті мәселелер ортаға салынды. Кей құрылыс компаниялары мектеп құрылысын жоспардан кешіктіруде. Жауапты мердігерлер құрылыс барысындағы кедергілерді түсіндірді. Бірі құрылыс материалдарының бағасы шарықтап, жеткізу мерзімінің созылуын алға тартса, енді бірі жұмыс қолының жеткіліксіздігін айтты. Тағы бірі сараптама қорытындыларының мерзімінің созылуын атады.

– Бұл – тарихта болмаған жоба. Оның орындалуы – бәрімізге сын. Сондықтан мойындарыңызға алған жауапкершілікті сезініп, жұмысты мерзімінде және сапалы аяқтауға бар күштеріңізді салыңыздар. Әртүрлі сылтау, бос сөз айтып, баланың тірлігін жасаудың қажеті жоқ. «Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама!» деген, енді ақталу артық. Әр нәрсенің сұрауы бар. Бітіріңіздер, бітті. Сіздерден басқа сұрау жоқ. Кедергілер болса, дер кезінде көтеру керек. Мерзімдердің бұзылуына ешқандай жол беруге болмайды. Бұл ретте жұмыстардың сапасы ақсамауы тиіс. Олай болмаған жағдайда жауапты тұлғаларға шаралар қолданылатын болады, – деді Дархан Сатыбалды.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы – Мемлекет басшысының 2022 жылы халыққа Жолдауында айтылған бастамасы. Жобаны 2023-2025 жылдар аралығында іске асыру көзделген. Ауқымды іс еліміздегі мектеп тапшылығы мен үш ауысымда оқыту мәселесін жою мақсатында жүзеге асуда. Бұған демографиялық өсім мен мектептердің ескіруі себеп болып отыр.

Құрылысы бірыңғай стандарт бойынша жүзеге асырылатын оқу нысандары жиһазбен, заманауи құралдармен жабдықталады. Бастауыш және жоғары сыныптар үшін оқу кабинеттері және спорт залдары бар жеке блоктар қарастырылған. Оған қоса, жоғары деңгейдегі қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілмек. Мектептердің ішкі жабдығын қамтамасыз етуде отандық өндірісті тарту көзделген.

Тұтастай алғанда, өңір бойынша 35 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның 3-і – «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы есебінен, 32-сі – республикалық бюджет есебінен. 2023 жылы 20 мектеп тапсырылған. 2024 жылы қалған 15 мектептің 13-і пайдалануға берілетін болады, 2-і 2025 жылға өтпелі.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 2024 жылы облыста жалпы қуаттылығы 1 800 оқушы орындық 8 мектеп құрылысын жүргізу ұсынылып, облыстық мәслихаттан қолдау тапты.

Аталған мектептерде 3 507 оқушы білім алады.

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп құрылысын салу жоспарланған.

Анықтама үшін нақтылай кетсек:

Оның ішінде: 300 орындық – 11 мектеп; 600 орындық – 25 мектеп; 900 орындық – 15 мектеп; 1200 орындық – 6 мектеп; 1500 орындық – 4 мектеп; 2000 орындық – 2 мектеп.

Аталған 29 мектептің 19-ы ағымдағы жылдың қыркүйек айында, қалған 10-ы желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Анықтама ретінде нақтырақ айтсақ:

2023 жылы басталған 29 мектеп:

— Түркістан қаласында – 3 мектеп: 2000 орындық – 2 мектеп, 1200 орындық – 1 мектеп;

— Арыс қаласында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Шардара ауданында – 2 мектеп: 1200 орындық – 1 мектеп; 300 орындық – 1 мектеп;

— Сарыағаш ауданында – 4 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 3 мектеп;

— Бәйдібек ауданында – 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;

— Жетісай ауданында – 3 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Келес ауданында – 3 мектеп: 600 орындық – 2 мектеп, 300 орындық – 1 мектеп;

— Сайрам ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Мақтаарал ауданында – 2 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Отырар ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Ордабасы ауданында — 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;

— Созақ ауданында – 1 мектеп: 900 орындық – 1 мектеп;

— Төлеби ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп;

— Сауран ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 2 мектеп.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан 2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектепті ұстап тұруға, яғни, қосымша ашылатын штат бірліктеріне айлық жалақы, коммуналдық қызмет төлемдері үшін қажетті жобамен 2,9 миллиард теңге қаржыға қолдау білдірілді. Аталған қаржы ағымдағы жылдың қыркүйек айында бөлінетін болады.

Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында пайдалануға берілетін мектептерді алдағы 3 жылда, яғни, 2025-2027 ұстап тұруға қажетті қаржы көлемі облыстық білім басқармасы тарапынан есептелуде. Бұл бағыттағы қаржыларға да министрлік қолдау білдіретін болады.

Тиісті есептеулер министрлікке ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында ұсынылды.

Сонымен қатар, білім басқармасы тарапынан аталған мектептерде ашылатын жаңа штат бірліктері мен оқушылар қозғалысы есептелді.

2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектептің 21-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 800 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 223.

Тарқата айтсақ:

Түркістан – 3 мектеп, 5200 оқушы орын;

Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Сарыағаш – 4 мектеп, 3000 оқушы орын;

Жетісай – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;

Шардара – 1 мектеп, 1200 оқушы орын;

Бәйдібек – 1 мектеп, 300 оқушы орын;

Келес – 3 мектеп, 1500 оқушы орын;

Сайрам – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Отырар – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Төлеби – 3 мектеп, 1800 оқушы орын.

2025 жылы пайдалануға берілетін 34 мектептің 22-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 700 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 558.

Дәлірек айтсақ:

Түркістан – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;

Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Сарыағаш – 1 мектеп, 1500 оқушы орын;

Жетісай – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;

Кентау – 2 мектеп, 2400 оқушы орын;

Қазығұрт – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Келес – 2 мектеп, 600 оқушы орын;

Сайрам – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;

Мақтаарал – 2 мектеп, 1800 оқушы орын;

Ордабасы – 4 мектеп, 3900 оқушы орын;

Түлкібас – 2 мектеп, 900 оқушы орын.

Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасына енген мектептердің директоры бос тұрған лауазымдарына директор тағайындау кезіңде «Білім берудегі 1000 көшбасшы» кадр резервіне енген педагогтарды тағайындауға басымдық берілетін болады.

Сондай-ақ, осы мектептерде жұмыс атқаратын 41 басшылық құрам мен педагог кадрлар Алматы қаласында орналасқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде және «Назарбаев Зияткерлік Мектептері ДББҰ» Педагогикалық Шеберлік Орталықтарында арнайы курстардан (5 күн – қаралған қаржы 9,9 миллион теңге (курс ақысы мен іссапар шығынын қосқанда)  толық өтетін болады.

Жоба аясында енгізілетін мектептерде педагогикалық кадрлармен сапалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамтылмаған «Үздік», «Қызыл диплом» алған түлектердің тізімін сұратып және жұмысқа орналасуға түсіндірме жұмыстарын жүргізуге ықпал жасау мақсатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне хаттар жолданылып, бірлесе жұмыстар атқарылып жатыр.    

Осы ретте жаңадан ашылатын мектептерді немесе облыстағы жалпы мектептерді орындық, парта, тақта және т.б. қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мен мектептің ішкі бөлігін безендіруде «Binom School» мектептер желісінің тәжірибесі ескерілетін болады.

Орайы келгенде, күрделі жөндеу мәселесін де қамти кетейік.

Түркістан облысында 1900-2011 жылдар аралығында пайдалануға берілген 121 мектеп күрделі жөңдеу жұмыстарын қажет етеді. Оған қажетті қаржы көлемінің жалпы сомасы 80 миллиард теңгені құрайды. Қазіргі таңда 66 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы дайын. Бұл ретте күрделі жөндеуге қажетті қаржы 50,4 миллиард теңгені құрап отыр.

2024 жылға 22 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы 7,7 миллиард теңге қаржы қаралды. Тарқата айтсақ, «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасымен 7 мектеп (2,7 миллиард теңге), облыстық бюджеттен 15 мектеп (4,9 миллиард теңге) күрделі жөндеуден өткізіледі. Оның ішінде 5 мектепті («Ауыл — ел бесігі» бағдарламасымен – 3, облыстық бюджеттен – 2) ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегіне пайдалануға беру жоспарланған. Ал, қалған 17 мектеп («Ауыл — ел бесігі» бағдарламасымен — 4, облыстық бюджеттен — 10) келесі жылға өтпелі.         

Атап өтерлігі, биылғы 1 қыркүйекке дейін 20 жайлы мектеп ашылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

Жаңа мектептер «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында алғаш рет ашылады.

«Биылғы 20 тамызға дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында алғаш рет 20 мектеп іске қосылады», — деді Ғани Бейсембаев Үкіметтің 6 тамыздағы отырысында.

Жалпы, республика бойынша биыл 536 мың оқушыны қабылдай алатын 302 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Бұл шаралар 92 үш ауысымды және оқушы орны тапшылығы бар 249 мектептің проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Әкімдіктер мектептерді іске қосу мерзімінің бұзылуына жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдауы қажет», — деп атап өтті министр.

Бұдан бөлек жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстанда күрделі жөндеуден кейін 222 мектеп ашылады. Бұл туралы да Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.

Бүгінгі таңда республика бойынша 7 859 мектеп жұмыс істейді, оның 6 387-сі — жақсы жағдайда. Жамбыл, Павлодар, Ақмола және Түркістан облыстарында 1290 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді.

«Сонымен қатар 280 мектепте жайлы оқу жағдайын жасау үшін қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 222 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары оқу жының басына дейін аяқталады», — деді Ғани Бейсембаев.

Кестеден артта қалу қаупі Қарағанды, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында қосымша 15 объект бойынша анықталып отыр.

Су тасқыны салдарынан зардап шеккен білім беру нысандары бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

«Ауқымды су тасқыны салдарынан барлығы 40 білім беру нысаны зардап шекті. Бүгінгі таңда 5 нысан бойынша қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 16 нысан бойынша жұмыс жүргізілуде», — деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

Ал 29 шілдеде Үкіметте премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысы талқыланған кеңес өткен болатын. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 2026 жылға дейін 740 мың оқушы орнына арналған жаңа форматтағы 369 мектеп салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 217 мектеп бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы М. Айманбетов алғашқы нысандарды іске қосу белгіленген мерзімнен бұрын аяқталғанын хабарлады. Яғни, 21 жайлы мектеп тамыз айында оқу жылы басталғанға дейін ашылады.

Бұдан әрі жоспарға сәйкес қыркүйек айында 18 мектеп, қазан айында тағы 58 және жыл соңына дейін 112 мектеп ашылады.

«Елімізде түрлі қаржы көздері есебінен 85 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 8 мектеп пайдалануға берілді және 30-дан астам мектепті жаңа оқу жылы басталғанға дейін салу жоспарлануда», — делінген ақпаратта.

Сондай-ақ ұлттық жобаның 2-кезеңін іске асыру бойынша, 2025 жылдың соңына дейін 152 жайлы мектеп салу үшін мердігерлік ұйымдарды анықтау бойынша конкурстарды қысқа мерзімде өткізу тапсырылды.

Жиналыс барысында Роман Скляр уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға отандық өндірушілерді барынша тарту, құрылыстың сапасына қатаң бақылау жасау, пайдалануға берудің белгіленген жоспарын сақтау бойынша шараларды қамтамасыз етуді тапсырды.

6 тамыздағы Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек атқарылып жатқан жұмыстар туралы, ішкі істер министрі Ержан Сәденов білім беру нысандарындағы қауіпсіздіктің ағымдағы жағдайы туралы баяндады. Сондай-ақ жекелеген өңір әкімдері тыңдалды.

Жаңа оқу жылында қазақстандық 3,9 миллион оқушы мектепке барады, оның 360 мыңға жуығы – бірінші сынып оқушылары. 1 қыркүйекке қарай елімізде 61 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Жалпы, 2024 жылға арналған жоспарға сәйкес, елімізде 536 мың оқушыға арналған 302 жаңа мектеп ашылады.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов білім беру инфрақұрылымының және бүкіл оқу процесінің жаңа оқу жылына толық әзірлігін қамтамасыз етудің маңызды екенін баса айтты. Пайдалануға берілгеннен кейін мектептерді бала қабылдауға дайындау үшін де үлкен жұмыс атқарылатыны атап өтілді. Ғимараттарға, оқу кабинеттеріне, асханаларға қойылатын барлық қауіпсіздік шарттарын, санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы талаптарды орындау қажет.

Премьер-Министр мектептерді жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіп, пәндік кабинеттерді, зертханалар мен спорт залдарын жабдықтауды тапсырды. Сонымен қатар бұл – тек «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына ғана емес, барлық білім беру нысандарына қатысты қойылып отырған талап.

Үкімет басшысы бірқатар өңірлерде кейбір оқу орындарының дайындығы алаңдаушылық туғызып отырғанын айтты. Мәселен, жаңа оқу жылына дейін үлгермей қалу қаупі жоғары білім ошақтарының жетеуі Ақтөбе облысында орналасқан.

«Құрылыс жұмыстары негізсіз созылып кетті. Осы бағытта барлық күш-жігерді біріктіріп, нысандардың белгіленген мерзімде тапсырылуын қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ тамыз айында күрделі жөндеу жұмыстарының барлығы аяқталуға тиіс. Алайда, 18 мектепте жоспарланған жұмыстардың 30%-ы ғана орындалған. Бұл Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарына қатысты. Аталған өңірлер шұғыл шаралар қабылдамаса болмайды. Балалар таза әрі ыңғайлы кабинеттерде білім алуы үшін оқу процесі басталғанға дейін жөндеу жұмыстарын аяқтаңыздар. Сонымен қатар оқу жылы басталғанша, физика, химия, биология, робототехника бойынша мыңға жуық пәндік кабинет сатып алынуы керек. Өңір әкімдіктері Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, барлық мектептерде заманауи пәндік кабинеттер ашу үшін кешенді жаңғырту жұмыстарын уақтылы қамтамасыз етуі қажет. Бұл жұмысқа салғырт қарауға болмайды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет отырысында білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселесі де жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар ІІМ биыл 2 655 нысан тексерілді, 1 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Құқық қорғау органдары арқылы 95 млн теңгеге айыппұл салынып, 340 басшы жауапкершілікке тартылды. Бүгінде көптеген білім беру ұйымы бейнебақылаумен 100% жабдықталған, алайда жеке құрылымдар камераларының тек 55%-ы Жедел басқару орталығына шығарылған. Ең нашар жағдай Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында қалыптасып отыр.

Жеке нысандардың 85%-ы дабыл түймелерімен қамтамасыз етілген. Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстары дабыл түймелерімен ең аз қамтылған аймақтар қатарында. 700-ден астам адамнан тұратын білім беру нысандары: радиобайланыс құралдары, қызметтік қарулары, жедел мобилді топтары бар лицензияланған күзет ұйымдарын тартуы тиіс. Алайда, ішкі істер министрі атап өткендей, жекелеген нысандарда күзетшілердің көбі – қарапайым вахтерлер мен зейнеткерлер.

«Өңір әкімдері білім беру ұйымдарын лицензияланған күзетпен, турникеттермен, жедел басқару орталықтарына қосылған камералармен жабдықтауы қажет. Ішкі істер министрлігі осы бағытта тексерулерді жалғастырсын. 1 қыркүйекке қарай қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау үлесін 90%-ға дейін қамтамасыз етіп, жыл соңына дейін 100%-ға жеткізу керек», — деп атап өткен Олжас Бектенов вице-премьер Тамара Дүйсеноваға әкімдіктер жүргізіп жатқан жұмысты жеке бақылауына алуын тапсырды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin