Түркістан облысы: Созақ ауданында жеке инвестор тарапынан салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы жалғасып жатыр

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан орталығынан жеке инвесторлар арқылы салынып жатқан 2 пәтерлі 18 тұрғын үйдің құрылысын аралап, жұмыс барысын бақылауына алды. Мердігер мекеменің өкілдерімен тілдесіп, құрылыстың сапасына баса мән берді. Салаға жауапты мамандарға жаңа үйлердің суыққа төзімділігі мен сәулеттілігін қатаң бақылауды тапсырды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта құрылыс аумағында 70-ке тарта адам сыртқы жұмыстарымен айналысуда. Жақын күнде ішкі жұмыстарына қосымша бригадалар жұмылдырылады. Әлеуметтік жағынан осал топтағы тұрғындарға арнап салынып жатқан жаңа үйлер желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Жаңа үйлердің сыртқы фасады травертинмен әсемделіп, су, жылу сынды коммуналдық қызметтері мен ішкі жұмыстары толық жүргізіледі. Әр тұрғын үйдің жалпы алаңы 71,1 шаршы мерт аумақты құрайды.

Атап өтер жайт, Түркістан облысында биыл жалпы 224 тұрғын үй (2 469 пәтер) құрылысы жүргізіліп жатыр. Олардың басым бөлігі — көпқабатты тұрғын үйлер. Құрылыс сапасы — басты назарда.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров облыстық құрылыс басқармасы мамандарымен Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтарал, Шардара аудандарында бой көтеріп жатқан тұрғын үйлердің жұмыс барысын қадағалап, аудан әкімдіктерінің жауапты қызметкерлері мен медігер мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді. Құрылыстың сапасына басты назар аударып, тұрғын үйлердің сейсмоқауіпсіздігінің сақталуына қатаң бақылау жүргізуді тапсырды. Бастысы – құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес аяқталуы тиіс. Құрылыс қарқынын бәсеңдетпеуді ескертті.

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында жалпы 63 мектептің құрылысы жоспарланған. Оның ішінде биыл 29 мектеп, 2025 жылы 34 мектеп пайдалануға берілмек. Облыс әкімінің орынбасары Отырар, Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтарал, Шардара аудандарында салынып жатқан білім беру нысандарының құрылыс барысымен танысты. Туындаған өзекті мәселелердің шешімін қарастыру мақсатында «Самұрық Қазына Констракшн» АҚ-ның, мердігер мекемелер, техникалық және авторлық қадағалау мекемелерінің өкілдерімен нысандарды аралап көрді. Құрылысқа жауаптылардың жұмыстарына жанашырлықпен қарап, тапсыру мерзімі белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асыруды тапсырды.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында облыс көлемінде 49 медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету нысандарының құрылысы жоспарланған. Құрылыс барысы қатаң бақылауда тұр. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Оралбайұлы Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтарал, Шардара аудандарында салынып жатқан денсаулық сақтау нысандарының құрылыс барысымен танысты. Туындаған өзекті мәселелердің шешімін қарастыру мақсатында мердігер мекемелер, техникалық және авторлық қадағалау мекемелерінің өкілдерімен бірге құрылыс алаңдарында болып, тиісті тапсырмалар берді. Жаңа медициналық нысандарды желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарлануда.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйенсек, Түркістан облысы көлемінде құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 245127,9 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 128,6% құрады.

2024 жылғы қаңтар-тамызда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 11,2% өсіп, 584,5 мың шаршы метрді құрады, олардан жеке тұрғын үйлер – 18,4% (478,3 мың шаршы метр), ал көппәтерлі тұрғын үйлер 15% кеміді (103,1 мың шаршы метр). Бұдан бөлек, жалпы алаңы 3,1 мың шаршы метр жатақхана пайдалануға берілді.

2024 жылғы қаңтар-тамызда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 8,8% өсіп, 3996,8 млрд. теңгені құрады. Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 88,4%, шетелдік – 11,1%, мемлекеттік – 0,5% орындалды.

2024 жылғы қаңтар-тамызда құрылыс жұмыстары көлемінің 2023 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда ұлғаюы тұрғын ғимараттар (18,3%) мен имараттар (12,9%) құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарымен байланысты.

2024 жылғы қаңтар-тамызда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 22,9%) мен автомобиль жолдары (16,1%) және тұрғын үйлердің (14,3%) құрылысы алады.

Аумақтық бөлінісінде республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Қызылорда (42,6%), Шығыс Қазақстан (37,2%), Қарағанды (34%), Жетісу (32,7%), Түркістан (28,6%), Ұлытау (26,2%), Абай (21,8%), Солтүстік Қазақстан (18,6%), Маңғыстау (18,5%), Павлодар (13,4%), Жамбыл (12,5%), Ақтобе (12,2%) және Алматы облыстарында (11,2%), Астана (41,6%) және Шымкент қалаларында (26,5%) байқалады.

Қазақстан Республикасында 2024 жылғы қаңтар-тамызда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 12051,4 мың шаршы метрді құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2023 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 4,7% өсті, 10464 мың шаршы метрді құрады, олардан 6519,3 мың шаршы метр — көп пәтерлі және 3886,9 мың шаршы метр — жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 9768,8 мың шаршы метрді немесе 93,4%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 4105 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

2024 жылғы қаңтар-тамызда білім беру және денсаулық сақтау саласында 16619 оқу орнына арналған 35 жалпы білім беретін мектеп, 1620 орынға арналған 14 мектепке дейінгі ұйымдар 250 орынға арналған 1 аурухана және ауысымда 600 келіп-кетушіге арналған 21 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.

Нақтылай өтетін мысалдар. Тәуелсіздік алған 30 жылда Қазақстанда 169 миллион шаршы метр жаңа тұрғын үй салынды. Осының нәтижесінде 1,5 миллион адам тұрғын үй жағдайын жақсартты. Бұл – елдегі құрылыс саласының ерекше қарқын алғанының айғағы.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 18 жылда бір тұрғынға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші 34 пайызға өсіп, 21,9 шаршы метрге жетті. «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру басталғалы бері, яғни 2017-2020 жылдары 52 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл дегеніміз – 470 мың тұрғын үй. 30 жыл ішінде тұрғын үй құры­­лысына 3,6 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды. Оның 864 миллиард теңгесі – мем­лекеттік инвестиция. Мем­ле­кет­тің 1 теңгесіне жеке инвес­тор­лардан 6 теңге тартылды.

Халықты жайлы өмірмен қам­тамасыз ету мақсатында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық сек­торын және тұрғын үй қо­рын жаңғырту бойынша 132,9 миллиард теңгеге 572 жоба іске асырылды. Нәтижесінде, 8 мыңнан аса жұмыс орны құ­рылды. Үкіметтің мақсаты – 2030 жылға қарай дамыған ел­­­дер­дің деңгейіне жету және тұр­­­ғын үйді іске қосу көлемін тө­­мендетпеу.

Жыл сайынғы өсу дина­мика­сын 8-10 пайыз шегінде сақ­­тау көзделіп отыр. Бұл үшін жап­пай тұрғын үй құрылысы са­лынатын аудандарды ин­же­­нер­лік коммуникациялармен қамту, сондай-ақ халыққа және құрылыс салушыларға жеңілдетілген несиелер беру жоспарланған. Мақсат – халық пен бизнесті тұрғын үй құры­лы­сымен айналысуға ынталандыру. Бұл жеке инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қолдаудың не­гіз­­гі шаралары халықтың көп бө­лігіне қолжетімді тұрғын үй салуға бағытталған. Негізінен тұрақты табысы жоқ халықтың әлеуметтік осал санаттарын сатып алу құқығынсыз ком­мунал­дық жалға берілетін тұрғын үймен қамту көзделген. Бұл са­­натқа мүгедектер, жетім ба­ла­­лар, көпбалалы отбасылар, сондай-ақ ірі мегаполистерде жұмыс істейтін жастар жатады. Халықтың өзге топтары үшін ипотекалық өнімдер, тұр­ғын үй құрылыс жинақтары және үлестік құрылыс тетіктері қа­рас­тырылған.

2018 жылы республикада көпшілікке қолжетімді «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама ипо­те­калық несиелеуді дамы­ту­дың катализаторына айналды.

Сапалы коммуналдық қыз­меттерді, тиімді басқару жүйе­сін ұсыну, азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту, энер­гия тұрғысынан тиімді және ресурс үнемдейтін техноло­гия­ларды қолдану маңызды бо­лып қала бермек. Заманауи тех­нологиялардың көмегімен са­лынып жатқан тұрғын үйдің са­пасына қойылатын талаптар және оларды зияткерлік басқару жүйелерімен жарақтандыруға айрықша мән берілуде.

Елімізде мамандар тұрғын үй тапшылығы туындауы мүмкін екенін айтып, жиі дабыл қағып жүр. Соңғы 3 жылда Қазақстанда қанша тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде қай облыстар алда тұр?

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша соңғы 3 жылда (2021-2023 жылдары) республикада жалпы ауданы 50 миллион шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға берілген. Оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы – 20 миллион шаршы метр және көп пәтерлі тұрғын үй кешені – 30 миллион шаршы метрді құрайды.

Биыл елімізде тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 15,5 миллион шаршы метрден 18 миллион шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ пайдалануға берілген 439 752 пәтердің 113 871-ін тұрғындар салған. Статистика бойынша, 2021 жылы – 149 497 пәтер, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы – 40 785 пәтер, 2022 жылы – 133 195 пәтер, оның ішінде, жеке тұрғын үй құрылысы – 38 201 пәтер, 2023 жылы – 157 060 пәтер, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы бойынша – 34 881 пәтер салынды.

Қай өңір үздік үштікте?

  • 2021 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің үздік үштігіне
    Шымкент (1012,4 мың шаршы метр),
    Қарағанды (663,3 мың шаршы метр),
    Қостанай облысы кіреді.
  • 2022 жылдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы (488,1 мың шаршы метр) мен Шығыс Қазақстан облысы (320,5 мың шаршы метр) алдыңғы орында. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Астана – 158,1 пайыз (3 810,1 мың шаршы метр), Алматы – 130,7 пайыз (2 502,2 мың шаршы метр), Ұлытау облысы – 131,6 пайыз (82,7 мың шаршы метр) көш бастаған.

Биыл қанша үй пайдалануға берілді?

Биыл 170 мың тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Ал қаңтар-тамыз айларындағы көрсеткіш бойынша 93 658 тұрғын үй пайдалануға берілді. 

8 айдың қорытындысына орай республиканың 18 өңірінде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің өсімі тіркелді. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша Шымкент қаласы (27,3 пайызға – 649,1 мың шаршы метр) көш бастап тұр.

Одан кейінгі орында:

  • Жетісу облысы (20,6 пайызға – 150,2 мың шаршы метр),
  • Қарағанды (18,8 пайызға – 330,9 мың шаршы метр),
  • Павлодар облысы (16,5 пайызға – 203,9 мың шаршы метр),
  • Абай облысы (14,4 пайызға – 189,8 мың шаршы метр) және
  • Атырау облысы (13,5 пайызға – 416,6 мың шаршы метр) тұр.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың сөзіне сүйенсек, биыл 64 мың азаматтың тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында тұрғын үй құрылысына 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлінген.

Еліміздегі жалпы тұрғын үй құрылысын алсақ, соңғы 5 жылда тұрғын үй құрылысына 12 триллион теңгеден астам инвестиция тартылып, 78,5 миллион шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Осылайша, барлық қаржыландырудың көздері есебінен 695 мың отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартты.

«2030 жылға қарай, қаржыландырудың барлық көздері есебінен 111 миллион шаршы метр тұрғын үй салу және 1 миллионнан астам отбасыны жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр», – дейді Қанат Шарлапаев.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin