Түркістан облысы: Созақ ауданының әкімі аудан орталығынан салынып жатқан 200 орындық Спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан орталығынан салынып жатқан заманауи үлгідегі 200 орындық Спорттық-сауықтыру кешені құрылысының барысын бақылауға алды. Онда мердігер мекеме өкілдері және жауапты сала мамандары болды.

Аудан басшысы жұмысшы қол күшін әлі де көбейту керекігін айтып, жұмысты барынша ширатуды тапсырды. Бұл жөнінде жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеп, сапасына мән беру керектігін ескертті.

Қазіргі уақытта жалпы ауданы 3 гектар болатын спорт кешенінің төбесіне металл құрылымын орнатумен қатар, қалау жұмыстары қоса жүруде. Оқу-жаттығу базасы барлық талаптарға сай жабдықталатын жаңа кешенде түрлі облыстық, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды өткізуге қолайлы жағдай жасалған. Екі қабатты ғимаратта волейбол және баскетбол алаңдары, күрес және боксқа арналған зал, бассейн, футболмен айналысуға арналған ашық спорт алаңы болады.

Спорт демекші, аудан тұрғындарының спортпен тұрақты түрде шұғылдануына ықпал жасау мақсатында ауданда 148 спорттық нысан жұмыс істейді.

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінің қорытындысына сәйкес, 3 спорт нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Атап айтар болсақ, Шолаққорған ауылынан «Катко» БК демеушілігімен шағын футбол және балалар ойын алаңшасы, Шаға елді мекенінде сол ауылдан шыққан кәсіпкердің демеушілігімен шағын футбол алаңшасы салынды.

Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен Қарақұр елді мекенінен төбесі жабық үлгідегі шағын футбол алаңшасы салынып пайдалануға берілді және «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Шолаққорған ауылының Түркістан бағытына қарай тас жол бойынан республикалық бюджет есебінен заманауи үлгідегі спорт кешенінің құрылысы басталып, 2025 жылы құрылысы аяқталады деп күтіліп отыр.

«Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде ұлттық қордан Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысы жобасына 231,8 миллион теңге (2022 жылдан өтпелі) бөлініп, 2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қабылданды.

Сонымен қатар, Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысы (сыртқы инженерлік желілері) жобасына 227,6 миллион теңге бөлініп, 2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.

«Қаратау ауылынан жабық кіші футбол алаңының құрылысы» жобасына 97,5 миллион теңге бөлініп, 2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.

2023 жылы Шолаққорған ауылынан заманауи спорттық сауықтыру кешені құрылысы басталды  (жобаның құны 1 миллиард 924 миллион теңге) 2023 жылға ұлттық қордан 300 миллион теңге қаралып, игерілді. Нысан 2025 жылға өтпелі.

   «Тасты ауылындағы 75 орындық мәдениет үйінің құрылысы» жобасына 176,6 миллион теңге бөлініп, 2023 жылы 4 желтоқсанда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қабылданды.

Қарақұр ауылдық округі аппараты әкімшілік ғимараты мен кіші жабық футбол алаңының құрылысы ел игілігіне пайдалануға берілді.

Орайы келгенде атап өтейік, Түркістан облысында 3814 спорт нысаны тіркелген. Оның 2673-і білім беру мекемелерінде орналасқан. 3056 нысан ауылдық жерде (80%), 758 нысан қалалы жерде (20%) тіркелген. 2023 жылдың қорытындысына сәйкес 1000 адамға шаққанда спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіші 38,4 пайызға жетіп (жоспар — 31 пайыз), жоспар толығымен орындалған.

Алайда бұл бағыттағы жұмысты әлі де күшейту керек. Аталған мәселе биыл ақпанның аяғына таман облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында талқыланған-ды. Өңір басшысы олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға басымдық беріп, типтік үлгідегі спорт кешендерін салуды тапсырды.

– Спорт саласында Түркістан облысының өз басымдықтары болуы тиіс. Олимпиада бағдарламасына енген белгілі бір спорт түрлеріне маманданып, нәтиже шығаратындай жағдай жасайық. Ол үшін барлық аудан, қалада типтік үлгідегі спорт кешенінің жобасын ұсыныңыздар. Сараптайық, қарап шығайық. Екіншіден, спортта әр ауданның өз ерекшелігі, басымдығы болуы тиіс. Мысалы, Шардара қол күресін жақсы дамытты, Түлкібаста күрес жақсы жолға қойылған. Осы жағын да зерделеп, нақты жоспар жасауды тапсырамын. Спорт кешендерін салуға инвесторларды да тартқан жөн. Бірақ нысан салатын аумақты әкімдіктер ұсынып, қадағалауы тиіс. Спорттың нысандар салу, инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар қарқынды түрде жалғасады, – деген Дархан Сатыбалды спорттық инфрақұрылыммен қамту көрсеткіші төмен аудан, қала әкімдеріне жұмысты ширатуды ескертті.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараевтың айтуынша, облыста спорт инфрақұрылымын саралау нәтижесімен ауылдық жерлерде спорт нысандарын қажет ететін 96 елді мекен анықталып отыр. Талапқа сай емес спорт нысандары сарапталып, есептен шығарылуда. Былтыр «Ауыл – Ел бесігі» республикалық жобасы аясында өңірде 7 нысан (Бәйдібек – 2, Созақ – 1, Төлеби –1 Жетісай – 2, Мақтаарал – 1) құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. 2024 жылы 12 нысан құрылысы аяқталады.

2023 жылы аудан, қалаларда 44 нысан жеке инвестициялар есебінен салынып, пайдалануға берілді. Инвестиция көлемі – 3 миллиард 939 миллион теңге.

Былтыр спорт мекемелері ғимараттарында 5 ағымдағы және 1 күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2024 жылы 3 мекемеге 56 миллион теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Мәжілісте ескек есу каналының құрылысын жалғастыру мәселесі де қаралды. Жоба толық жүзеге асу үшін қаражат керек. Ұсыныстар қарастырылады. Сонымен бірге халықаралық талапқа сай атшабар мен Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінің құрылысы да талқыланды. Атшабарда ат спортын дамытуға, ірі жарыстар, бәйгелер, көкпар бәсекесін өткізуге барлық жағдай жасалмақ.

Жанкүйерлер секторы да заман талабына сай жасақталады. Жарықтандыру жүйесі жасалып, балаларды атқа мінуге үйрететін орын да жасақталмақ. Ал Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінің құрылыс жұмыстары жалғасуда. Биыл жазда тапсырылады деп күтіліп отыр. Облыс әкімі аталған нысандардың құрылысын сапалы әрі уақтылы аяқтау жөнінде тапсырма берді.

Айта кетейік, Түркістан облысында 100 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелері мен кәсіпорындары тіркелген. Онда 61 (29 олимпиадалық, 32 олимпиадалық емес) спорт түрі дамытылып, 2426 жаттықтырушы 60173 баланы кәсіби түрде спортқа баулып жатыр.

Білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы. Олай болса, балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің мойнындағы борышы. Сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Президент ретіндегі алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударған болатын.

– Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз, – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешенді бағдарлама қабылдау керектігін айтқан болатын.

Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында «Дене шынықтыру мен бұқа­ралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған ке­шенді жоспар» әзірленіп, ол Үкіметтің қау­лысымен бекітілгені мәлім. Осы жос­парға сәйкес, мемлекет-жекеменшік әріп­тестігі аясында балалар мен жасөс­пірімдерге арналған спорт секцияларына жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілді.

Спорт кешенін ашып, мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында жұмыс істегісі келсе, арнайы ашылған www.artsport.edu.kz порталы арқылы өтініш береді. Жергілікті уәкілетті органдар қызмет көрсетушінің талапқа сәйкестігін тексеріп, порталға енгізеді. Өз кезегінде ата-аналар да баласын тегін өнер үйірмесі немесе спорт секциясына жаздырғысы келсе, аталған портал арқылы өтініш беруіне болады. Порталға тіркеліп, өз шағын ауданындағы спорт секциясын және ондағы спорт түрін өзі таңдап алады. Содан кейін баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі мен медициналық анықтаманы дайындап өткізсе болғаны, баласы спорт секциясына тегін барады.

Әйткенмен Тамара Дүйсенова бұқаралық дене шынықтыруды, оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді талап ететінін айтады.

 «Бұқаралық спортты дамытуға жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбейді. Мәселен, 2023 жылы бұқаралық спортқа жұмсалған қаржы өңірлердің бюджет қаражатының жалпы көлемінің небәрі 0,061% құрады. Сонымен қатар қаражатты бөлуде бұрмаланулар бар. Жоғары жетістіктер спортына жұмсалатын қаржы көлемі – 97,2 % болса, бұқаралық спортқа жұмсалатын шығыстар небәрі 2,8% құрайды. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, бұқаралық спортты дамытудың тиімді құралы мектеп жасынан егде жасқа дейінгі спорт лигаларын дамыту, оның ішінде жарыс алдында тікелей спорт командаларын құрудан тұрақты жұмыс істейтін командаларға көшу жолымен дамыту», — дейді Премьер-Министрдің орынбасары.

Бұдан бөлек бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Бабата елді мекеніне барып, онда жеке инвестор арқылы салынып жатқан 50 орындық балабақша құрылысының жұмыс барысымен танысты. Қазіргі уақытта жаңа нысанның ішкі жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, аудан басшысы тұрғындардың талап-тілектері негізінде қолға алынған жобаларға жеке-жеке тоқталып, округ әкіміне әрбір істі жіті бақылауды тапсырды. Елді мекенде демеушілер есебінен қосымша ауыз су құдығын қазу жұмысын пысықтады.

Айта кетейік, 350 шаршы метр аумақты алып жатқан балабақшаны жеке кәсіпкер Нұрман Назаров салуда. Ғимарат заман талабына лайықталып, бүлдіршіндердің жас ерекшелігіне сай жабдықталмақ. Асхана, ойын бөлмесі, жатын бөлме, медициналық кабинетпен қамтылып, балабақшада 15-ке тарта адам жұмыспен қамтылатын болады.

Балабқша дегенде еске түсіп отыр, Түркістан облысындағы балабақшалардың жұмысы жандана түспек. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қолдауымен мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың сапалы жұмыс жүргізілуі басты назарға алынып, балабақшаларды ретке келтіру мақсатында цифрландыру және воучерлік жүйе енгізілмек. Воучерлік жүйе арқылы ата-ана бәсекеге қабілетті балабақшаны таңдап, қаржысын соған жұмсауға ықпал ете алады. Биыл балабақшаларға ауқымды мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, бірқатар кемшілік анықталып, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 7664 орын қысқартылды. Түркістан білім басқармасы тарапынан «Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 1 наурыздағы №53 бұйрығын орындау үшін пилоттық жобаға қатысушылармен (ата-аналар, балабақшалар) консультациялық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, облыста 1424 мектепке дейінгі ұйым қызмет атқаруда. Атап айтқанда, мемлекеттік – 265, жекеменшік – 1110, 2 арнайы мектеп-балабақша, мектеп жанындағы шағын орталық – 46, 1 балабақша-бастауыш мектеп бар. Жалпы мектепке дейінгі ұйымдар үлесінің 77,9 пайызын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар құрайды. Мектепке дейінгі 2-6 жас аралығындағы балалар саны 187 612 болса, оның 183 454-і мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған. Облыста мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған балалар үлесі 97,8 пайызды құрайды.

Биыл Созақ ауданы бойынша құрылыс жұмыстарын бастауға бірнеше жобаларға қаржы қарастырылған екен. Олар:

«Құмкент елді мекеніндегі Жылыбұлақ каналын салу» жобасының құны – 470,1 миллион теңге; 2023 жылға 30 миллион теңге игерілсе, 2024 жылы 250 миллион теңге қаралды. Нысан 2025 жылға өтпелі.

«Қаратау елді мекенінің қатты қалдықтар тастайтын орынының құрылысы» жобасының құны – 201,6 миллион теңге; 2023 жылға 6 миллион теңге игерілсе, 2024 жылы 173 миллион теңге қаралған. Нысанның пайдалануға беру уақытысы — 2024 жылдың қыркүйек айы.

«Қарақұр елді мекенінің қатты қалдықтар тастайтын орынының құрылысы» жобасының құны – 303,2 миллион теңге. 2023 жылға 1 миллион теңге игерілсе, 2024 жылы – 128 миллион теңге қаралды. Нысан 2025 жылға өтпелі.

«Жуантөбе елді мекенінің қатты қалдықтар тастайтын орынының құрылысы» жобасының құны – 174,6 миллион теңге. 2023 жылға 6 миллион теңге игерілсе, 2024 жылы 155 миллион теңге қаралған. Нысанның пайдалануға беру уақытысы — 2024 жылдың қыркүйек айы.

Шолаққорған ауылындағы «Астана» мөлтек ауданына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жобалық-сметалық құжаттамасына түзету енгізуге оң сарапта қорытындысы алынды. Жобаның құны 2 миллиард 555 миллион теңгені құрайды. Нәтижесінде жер кезегінде тұрған 435 адам тұрғын үйге жер телімдерін беруге мүмкіндік болады.

Сонымен қатар, «Жартытөбе, Жуантөбе ауылдарынан мал емдейтін станок құрылысы, Абай, Жуантөбе ауылдарынан және Таукент, Қыземшек кенттерінен ұсақ малдарды тоғытатын нысан құрылысы, Шолаққорған ауылынан мал өлекселерін тастайтын шұңқыр құрылысы, «Беккери» шұңқыры құрылысы» жобаларына 2024 жылы 207 миллион теңге қаралған. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде. Нысанның пайдалануға беру уақытысы — 2024 жылдың қазан айы.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin