Шымкент: АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері емхана ұжымымен кездесті

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері Шымкент қалалық №6 емхана ұжымымен кездесті.

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров, Айгүл Қапбарова және Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков бастаған Халықтық штаб өкілдері Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын талқылай келе, электр өндірісін өркендетудегі кедергілер және атом электр станцияларының пайдалы тұстары жайында пікір білдірді.

Нұрлан Бекназаров: «Елімізде энергия тапшылығы ұлғайып келеді. Бұл мәселенің шешімін қазірден таппайтын болсақ, тіпті күрделене түседі. Атом энергетикасы ұзақ мерзімді перспективада электр энергиясының тұрақты бағасын қамтамасыз етеді», десе Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков: «АЭС салу және пайдалану озық технологияларды, инновацияларды және үздік ІТ шешімдерді дамытуға серпін береді» деген ойларын жеткізді.

Жиын соңында Парламент депутаттары медицина қызметкерлеріне ел болашағы үшін маңызды бастамаға қолдау көрсетіп, референдум кезінде белсенді болуға шақырды.

Айта кетейік, Қазақстанда АЭС (атом электр станциясын) салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб құрылған болатын. Оның құрамына 6 саяси партияның, сондай-ақ 20 республикалық қоғамдық бірлестіктің 250-ге жуық өкілі кірді. Атап айтқанда, Парламент және мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, белгілі ғалымдар, еңбек сіңірген мәдениет және спорт қайраткерлері, сондай-ақ азаматтық белсенділер.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin