Биыл Түркістан облысының құрылыс басқармасы әкімшісі болып табылатын ұлттық қор, республикалық және облыстық бюджет есебінен 485 нысан құрылысын жүзеге асыруға 129,9 миллиард теңге бөлінді. Әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауында тұр. Жыл қорытындысына сәйкес 418 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Қалған 67 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі. Атап айтқанда, білім беру саласында 21 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жаңа оқу жылына Қазығұрт ауданында 2 мектеп, Отырар және Төлеби аудандарында 2 мектеп, жалпы 4 білім беру ұясы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 10 нысанның құрылысы аяқталады деп күтіліп отыр. Қалған 7 нысан құрылысы 2025 жылы аяқталады.
Сонымен қатар 94 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, облыстық бюджет есебінен құрылысы жүргізілген 3 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Бұл нысандар Сарыағаш ауданында орналасқан. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында 48 жоба іске асырылуда. Барлық нысандарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Жобалардың жалпы құны – 11,1 миллиард теңге. Аталған пилоттық жоба аясында іске асырылатын жобаларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында 42 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.
Бұдан бөлек, өңірде 8 әкімшілік ғимарат бой көтеруде. Бүгінгі таңда 3 нысан пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 3 ғимарат құрылысы аяқталмақ. Қалған 2 нысан 2025 жылға өтпелі.
Облыс аумағында құрылысы басталған 12 мәдени нысанның 4-і осы жылы ел игілігіне пайдалануға берілмек. Қалған 8 ғимараттың құрылысы келесі жылы аяқталады.
Сондай-ақ аймақта 23 спорт нысанының құрылысы қолға алынып, оның 3-і пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 11 жобаны аяқтау жоспарланған. Қалған 9 нысан келесі жылы пайдалануға тапсырылады.
Ауыл шаруашылығы саласында 8 нысан құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда Кентау қаласында Қосқорған су қоймасын одан әрі толықтыра отырып, су төмендету жүйесін салу жұмыстары аяқталды. Жыл соңына дейін тағы 1 нысан пайдалануға берілсе («Кеңсай-Қосқорған–2» су қоймасы 2-кезек), қалған 6 нысан 2025 жылға өтпелі.
Қоршаған ортаны қорғау саласында 3 нысан құрылысы жоспарланып, 1 нысан құрылысы аяқталды (Созақ ауданы, Жуантөбе ауылында полигон құрылысы). Жыл соңына дейін Созақ ауданы, Қаратау ауылындағы полигон құрылысын аяқтау көзделуде. Ал қалған 1 нысанның құрылысы келесі жыл аяқталмақ.
Облыс аумағында 2 469 пәтерлі, жалпы ауданы 66,0 мың шаршы метрді құрайтын 221 үйдің құрылысы басталған. Жыл қорытындысына орай арендалық тұрғын үй кезегінде тұрған 2 469 отбасыны баспанамен қамтамасыз ету көзделуде.
Осы тұрғыда атап өтерлігі, Түркістан облысында халықты баспанамен қамту, арендалық тұрғын үй сатып алу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Маңызды мәселе — облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатаң бақылауында. Мәселен, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылындағы Жаңа тұрғын үй алабында жеке инвесторлар есебінен арендалық тұрғын үйлер салынып жатыр. 10 тұрғын үйдің құрылыс барысын бақылауға барған аудан әкімі Қайрат Жолдыбай жауапты мердігерлермен кездесті. Салынып жатқан үйлердің сапасы қатаң бақылауда. Айта кету керек, аталған тұрғын үйлер аудандағы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға үлестірілетін болады. Қазіргі таңда Отырар ауданы бойынша тұрғын үй кезегіне 2303 азамат тіркелген.
Биыл тұрғындарды баспанамен қамту үшін 2 469 пәтер сатып алуға республикалық және облыс қазынасынан 44,8 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде «Тұрғын үй-моммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 500-ден астам пәтер сатып алуға қаражат бағытталады. Пәтерлер аудан, қалаларда кезекте тұрғандар санына теңдей бөлінуде. Бағдарлама бойынша тұрғын үйдің 1 шаршы метрін сатып алу құны 300 мың теңгеден асады.
Бекітілген ережеге сәйкес, тұрғын үй құрылысына бөлінетін жер учаскелері аукцион арқылы тұрғын үй мақсатында бөлінеді. Құрылысшы тиісті құжаттар әзірлеп, тұрғын үйді салады. Дайын үйлерді әкімдік мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы сатып алып, кезекте тұрған азаматтарға ұсынады.
Бүгінгі таңда Түркістан қаласындағы 20 көпқабатты тұрғын үйден 1628 пәтер сатып алынған. Аудан, қалалардан 1000-ға жуық баспана сатып алынады. Тағы 2469 пәтер республикалық қазынадан бөлінген қаражатқа сатып алу көзделген. Аудан, қала тарапынан 3 мың пәтердің құрылысы жүріп жатыр. 13 ауданда жоспардан артық 545 пәтер салынып жатыр.
Елімізде тұрғын үй кезегінде тұрған 650 мыңға жуық азаматтың 65 мыңнан астамы Түркістан облысының тұрғындары. Бұл елдегі ең үлкен көрсеткіш. Баспана кезегінде тұрғандардың ішінде көпбалалы отбасылар, әлеуметтік жағынан әлсіз топтағылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жандар бар.
Түркістан қаласын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша 12 нысанның құрылысы қолға алынған. Жыл қорытындысына сәйкес 4 нысан құрылысы аяқталады деп күтілуде. Қалған 8 нысан келесі жылы аяқталмақ.
Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдерін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша 39 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 4 нысан пайдлануға тапсырылды. Жыл соңына дейін 14 нысанның құрылысын аяқтау көзделген. Қалған 21 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі.
Абаттандыру және саябақ құрылысы бойынша 7 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Бүгінгі күнге 1 нысан (Яссы көшесі бойындағы желілік саябақ, 3-кезек) құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін 3 нысанның құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Қалған 3 нысан 2025 жылы тапсырылады.
«Turan» АЭА-на инженерлік инфрақұрылым жүргізу бойынша 6 нысанның құрылысы жоспарланған. Бүгінгі күнге 2 нысан пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 3 нысан құрылысы аяқталса, қалған 1 нысан (электрмен жабдықтау) келесі жылы тапсырылады.
Иә, Түркістан өңірінде жаңа зауыттар ашу, кәсіпорындар салу жұмыстарына басымдық берілген. Осы бағытта жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Бұл ретте инвесторлар мен кәсіпкерлерге арнайы инфрақұрылыммен қамтылған аймақтар қажет. Сондықтан Түркістан қаласы маңында «Turan» арнайы экономикалық аймағы құрылып, инженерлік инфрақұрылыммен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аталған аймаққа барып, жай-күйімен танысты.
– «Turan» арнайы экономикалық аймағына үлкен үміт артылып отыр. Сондықтан инфрақұрылыммен қамту жұмыстары сапалы атқарылуы тиіс. Осы аймақта су қорын молайтуды қолға алыңыздар. Көгалдандыру да назардан тыс қалмауы тиіс. Аталған аймақта орналасатын жобаларды қазірден іріктеп, инвесторлармен, кәсіпкерлермен тиісті жұмыс жүргізіңіздер, – деген Дархан Сатыбалды жауаптыларға тапсырмалар берді.
«Turan» арнайы экономикалық аймағында бүгінгі таңда өрт сөндіру депосы, газ жүйелері, интернет желісінің жұмыстары 100%-ға аяқталған. Жолдың 1,4 шақырымына асфальт жабындысы төселген. Жолды толық 2024 жылдың қазан айында пайдалануға беру жоспарланған. Теміржол құрылыс жұмыстары 40%-ға орындалып, теміржолдың 2,1 шақырымына рельстер орнатылды.
Сонымен қатар су және кәріз желілерінің құрылыс жұмыстары 70%-ға орындалып, су құбырының 8,5 шақырымы тартылды. Кәріз жүйесінің 3 шақырымына құбыр жүргізілді. Аталған нысандарыдың құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Электрмен жабдықтау жұмыстарын аяқтау 2025 жылға жоспарланған. Атқарылып жатқан жұмыстардың барысы облыс әкімі мен Облыстық құрылыс басқармасы мамандарының тұрақты қадағалауында.
«Turan» арнайы экономикалық аймағындағы инженерлік инфрақұрылымдардың құрылыс жұмыстары аяқталған соң, мұнда 50-ге жуық кәсіпорын орналасып, жұмысын бастайды. Нәтижесінде, 1000-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтіліп отыр.
Жайлы мектептерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша биыл тапсырылатын 29 мектептің 4-і қамтылған. 25 мектептің құрылысына 4,9 миллиард теңге қаржы қаралып, жұмыстар толық аяқталған. Түркістан қаласындағы «Жаңа қала» шағынауданында 2000 орындық мектептің құрылысын қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Сауран ауданы, Еңбекші Дихан ауылындағы 600 орындық, Түркістан қаласы, «Яссы» мөлтек ауданындағы 1200 орындық, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылындағы 600 орындық, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы 900 орындық, Шардара ауданы, №4 мөлтек ауданындағы 1200 орындық жаңа білім ордаларын қазан айының соңына дейін аяқтау көзделіп отыр. Сонымен қатар 14 мектеп жыл соңына дейін тапсырылмақ. Қалған 9 мектептің құрылысы келесі жылға өтпелі.
Айта кетейік, Түркістан облысы – еліміз бойынша білім нысаны ең көп салынып жатқан өңір. Бұл жаңа ғимараттар өңірде шығарылатын жиһаздармен жабдықталады. Білім сапасын арттыру мақсатында мектепті білікті ұстаздармен қамту мәселесі де назарға алынған.
Облыс аумағында Ұлттық жоба аясында бой көтеріп жатқан «Жайлы мектептердің» құрылыс сапасы мен орындалу мерзімі облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тұрақты қадағалауында тұр. Сонымен қатар мектептің құрылыс жұмыстары бойынша арнайы штаб құрылып, құрылыс барысы бақылауға алынған.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.