«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары Мейіржан Жалайыров мәлімдеді.
«Акция аясында Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар жолдар бойынша «Қазавтожол ҰҚ» АҚ облыстық филиалы, облыстық маңызы бар жолдарда басқармадағы «Оңтүстік жолдары» мекемесі тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекен көшелерінде тазалық шаралары атқарылды. Тарқата айтсақ, 65 679 ағаш әктеліп, 32 74 құраған тал кесілген. Сондай-ақ, 2 963 тонна қоқыс шығарылып, 5 407,9 шақырым көше бойлары мен 811,5 шақырым аяқ жолдар тазаланды. Одан бөлек, 42,8 шақырым ирригектарция жүйелері тазаланды. Аталған жұмыстарға жалпы 542 арнайы техника мен 14 600 жұмысшы жұмылдырылған», — деді Мейіржан Серікбайұлы.
Брифингке қатысқан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов «Таза Қазақстан» шарасы аясында өңірде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп, аудандық, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары өз аулалары мен іргелес аумақтарында ауқымды сенбіліктер өткізгендігін айтты.
Бұдан бөлек, брифингте облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Исатаев Ержан басқармаға қарасты Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі жұмыс тобы құрылғандығын мәлімдеді. Сондай-ақ, аудан-қаладағы зияратшылар мен туристер көп баратын 28 нысанның инфрақұрылымы, тазалығы мен сервистик қызметтеріне мониторинг жұмыстары басталғандығын айтты.
Сонымен қатар, облыстық аумақтық инспекциясының тамақ өнімдері қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Мейірхан Смағұловтың айтуынша, облыс аумағындағы мал сою орындарына тексеру жұмыстары қарқынды жүргізілетіндігін айтты.
Айта кетейік, бағдарлама басталғаннан бері сенбіліктер мен тазалық жұмыстарына 300 мыңнан астам тұрғын қатысып, 1 500-ден астам техника жұмылдырылған. Нәтижесінде, 1 милионға жуық тал отырғызылып, 3 389 тонна қоқыс шығарылған.
Тал демекші, желтоқсанның басында Түркістанда «ARAL – 2024» жасылдар партияларының халықаралық І саммиті өтті. Самитке Қазақстан, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттеріндегі жасыл партиялардың жетекшілері мен табиғат жанашырлары жиналды. Олар апатқа ұшыраған Арал аумағын оңалту, трансшекаралық өзендердің су қорын тиімді пайдалану, су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану, климаттық өзгерістерге төтеп беру тақырыптарын талқылап, экологиялық мәселелерді бірлесе шешудің жолдарын саралады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Арал теңізін қорғау мақсатында қабылдаған шешімдері мен экологиялық мәдениетті қалыптыруда серпін беретін «Таза Қазақстан» бастамасының маңызын ерекше атап өтті.
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев су қауіпсіздігі Орталық Азиядағы ең өзекті мәселе екенін айтты. Сонымен қатар саммитте Қырғызстан Жасылдар партиясының төрағасы Еркін Бөлекбаев, Ресейдің экологиялық «Жасылдар» партиясының тең төрайымы Александра Кудзагова, Моңғолияның «Азаматтық ерік» Жасыл партиясы төрағасының орынбасары Тогоочийн Бат-Эрдэнэ, Өзбекстан экологиялық партиясының өкілі Комилжон Жураев тұшымды ой-тұжырымдарын жеткізді.
Саммит барысында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Моңғолия жасыл партиялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Атап айтқанда, тараптар табиғатты қорғау шараларын өткізу, халық арасында экологиялық білім мен үгіт-насихатты бірлесіп кеңейту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы тәжірибе мен білім алмасу жөнінде келісімге келді. Сонымен бірге жасыл партиялардың жетекшілері айтулы саммитті тұрақты негізде өткізуге уағдаласты.
Халықаралық саммиттің соңы «Байтақ» партиясының құрылғанына 2 жыл толуына орайластырылған салтанатты жиынға жалғасты. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, облыс басшысының жылы лебізін жеткізді. Сонымен қоса құндылығы жоғары халықаралық саммиттің іске асуына ұйытқы болған «Байтақ» жасылдар партиясына алғысын білдірді.
– Түркістан облысында Президенттің тапсырмасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы қарқынды іске асырылуда. Биылғы жылы облыс аумағында жалпы 1 миллион түп ағаш отырғызылды. Түркістан қаласының айналасынан жасыл белдеу құруға 30 мың гектар жер қаралып, қазіргі таңда аумаққа ағаштар отырғызылып жатыр. Осы жұмыстардың бәрі ауқымды. Біздің басты мақсатымыздың бірі – еліміздің, оның ішінде аймағымыздың экологиялық жағдайын жақсарту. Су ресурстарын тиімді пайдалануға, су тапшылығының алдын алу үшін үнемдеу технологияларын дамытуға күш салып жатырмыз. Бүгінгі халықаралық саммит Орта Азияның, Арал теңізінің ғана емес, Түркістан облысының экологиялық ахуалын жақсартуға оң әсер етеді деп сенеміз. Осы бағытта жұмыстарымызды бірлесіп атқаруға дайынбыз, – деген облыс әкімінің орынбасары шет елден келген қонақтарға тұтас Түркі жұртының құты, береке мен бірлігінің символы «Тайқазан» кәдесыйын табыс етті.
«Таза Қазақстан» бағдарламасын ұйымдастыру бойынша аудан, қала әкімдерінің рейтингі әзірленді
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы жалғасын тауып келеді. Жыл соңына дейінгі бекітілген кестеге сәйкес аудан, қалаларда жалпы 624 ауқымды сенбілік өткізілді. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде үнемі кеңінен талқыланып тұрады. Өңір басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандардыруды, жүйелеуді және жіті қадағалауды тапсырып отырады.
Таяуда жиын барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов баяндама жасап, облыс көлемінде сенбіліктер тұрақты өткізіліп жатқанын жеткізді. Өткен аптаның ішінде 14 ауданның 35 елді мекенінде ауқымды сенбілік ұйымдастырылып, 3 мыңнан аса тұрғын қатысып, 67 техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 40 тоннаға жуық қоқыс шығарылған. Аудан мен қалаларға кіреберіс аумақтары реттеліп, тазалау жұмыстары жүргізілді.
Республика күніне орай, барлық, аудан, қала аумақтарында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Оған 30 мыңнан аса тұрғын атсалысып, 456 техника тартылды. Сенбілік барысында 790 ағаш отырғызылып, 200-ден аса аялдама ретке келтірілді. Ішкі жол бойлары тазаланған.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» бағдарламасын ұйымдастыру бойынша аудан, қала әкімдерінің рейтингі әзірленді. Әкімдердің жұмысын бағалау барысында бірнеше критерийлер басшылыққа алынды. Нәтижесінде Түркістан қаласы және Бәйдібек, Мақтаарал, Жетісай, аудандарының көрсеткіштері жоғары деңгейді құраса, Сарыағаш, Шардара, Түлкібас аудандары және Арыс, Кентау қалалары орта деңгейдегі көрсеткіштерге қол жеткізді. Ал қалған аудандардың көрсеткіштері — төмен деңгейде. Әдістеменің көмегімен аудандар мен қалалар әкімдерінің абаттандыру, көгектарлдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарының объективті бағалауға және өңірлердің дамуын ынталандыруға мүмкіндік туады.
«Телеграмм бот» платформасында бүгінгі таңда 534 өтінім түскен. Оның ішінде 517 өтінім орындалып, 16 өтінім мағынасыз болғандықтан, қайтарылды. Ал 1 өтінім орындалуда. Жыл басынан бері қоғамдық орындарда заң талаптарын бұзған тұлғаларға 25 мыңнан астам хаттама толтырылып 288,5 миллион теңгеге айыппұл салынды.
Бүгінде абаттандыру қағидасына сәйкес іргелес жатқан аумақтың тазалығы бойынша 25 мыңнан астам жеке тұрғын үй мен 15 мыңнан астам кәсіпкерлік объектісіне мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде мыңнан аса ескерту және 625 айыппұл салынды. Қағиданың сапалы орындау бағытындағы жұмыстар күнделікті жүргізіледі. Сондай-ақ 120 көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы келбеттерін ретке келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде 81 көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы келбеті ретке келтірілді. Жыл соңына дейін 39 көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қасбеттері ретке келтірілмек.
Айта кетейік, бүгінде аудан, қала әкімдіктері тарапынан елді мекендерді көгектарлдандыру бойынша ағаштар отырғызылатын орындар жоспарланып, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қараша айынан бастап ағаштарды отырғызу жұмыстары жүргізілді. Жалпы, «Таза Қазақстан» бағдарламасының өтуі тұрақты қадағаланады.
Ал қараша айының ортасында Мақтаарал ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасының аясында «Таза көше, таза аула, ағаш егу» акциясы өтті. Шараға аудан әкімінен бастап, ақсақалдар кеңесі, белсенді жастар, қоғамдық ұйым өкілдері, аудан тұрғындары қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жалпы тазалық жұмыстарына 17 техника тартылып, 2000 дана қара ағаш түптері егілді. 3000-ға жуық адам қатысқан шараға ардагерлер кеңесінің төрағасы Оңғаров Сейітбек тек келіп, өз үлесін қосты.
«Осы ауылдың ақсақалы ретінде біз де бүгін келіп, жастарға үлгі болайық деп шештік. Экологияны қорғау, жас ұрпақты туған жеріне тазалыққа баулу — біздің міндетіміз. Бүгін еккен жас тал ертеңгі күні саялы баққа айналып, ауылымызға көрік береді. Президентіміздің «Таза Қазақстан» бағдарламасы — туған жерімізді аялауға, тұрғындарға экологиялық мәдениетті үйретуге бағытталған кешенді бағдарлама деп ойлаймын”, деген ақсақал бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табу керектігін айтты.
Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» бағдарламасын ұйымдастыру бойынша аудан, қала әкімдерінің рейтингі әзірленді. Әкімдердің жұмысын бағалау барысында ауданда ұйымдастырылған сенбіліктің тұрғындардың қатысуы, сенбілікке тартылған техника саны, Полиция департаменті тарапынан құқық бұзушылықтарды анықтау, «Birge – taza Qazaqstan!» ақпараттық жүйесіне түскен өтінімдер бойынша кері байланыс орнату, тұрғын үйлердің және кәсіпкерлік нысандарының іргелес аумақтарының тазалығына мониторинг жүргізу сияқты критерийлер басшылыққа алынды.
Атап өтейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қазіргі таңда облыста жалпы 712 ауқымды сенбілік өткізілді. Аудан мен қалаларға кіреберіс аумақтарын реттеу, тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар биыл қоғамдық орындарда заң талаптарын бұзған тұлғаларға 26 мыңға жуық хаттама толтырылып 305,7 миллион теңгеге айыппұл салынды.
Жалпы, тазалық жұмыстарының тұрақты жүргізілуі, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауына алынған.
Айта кетейік, қазан айындағы көрсеткіштер бойынша бағдарламаны ұйымдастыруда Түркістан облысы елімізде ең үздік деп танылды.
Биыл қоғамдық орындарда заң талаптарын бұзған тұлғаларға 23 434 мыңнан астам хаттама толтырылып 249,5 миллион теңгеге айыппұл салынды. Бағдарлама басталғалы бері ескертулер мен салынған айыппұлдар саны 16 мынан астам хаттамаға артқан немесе 4 есеге ұлғайған. Сондай-ақ бүгінгі таңға абаттандыру қағидасына сәйкес іргелес жатқан аумақтың тазалығы бойынша 11 004 жеке тұрғын үй мен 6 147 кәсіпкерлік объектісіне мониторинг жүргізілді. Оларға 1143 ескерту және 620 айыппұл салынды. Қағиданың сапалы орындау бағытындағы жұмыстар күнделікті жүргізіледі.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында білім, денсаулық, мәдениет, кәсіпкерлік нысандары, полиция пункттері және «Қазпошта» филиалдарының жағдайына мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде тазалық, абаттандыру бойынша кемшіліктер анықталған. Осы мекемелердің басшыларына тиісті ескерту беріліп, кемшіліктерді жою жөнінде тапсырма берілді. Мониторинг жалғасады.
«Таза Қазақстан» акция аясында Мақтаарал ауданында қоршаған ортаны абаттандыру, жалпы пайдалану орындарын ластау ережелерін бұзудың алдын алу бойынша іс-шараларды жүйелі түрде жүргізіп жатыр. Атап айтқанда полицейлер 1000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Оның ішінде белгiленбеген орындарда сауда жасау — 103, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау-792, елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ жасыл екпелерді жою және бүлдіру- 205 және жол жабындысын ластау – 74 құқықбұзушылық.
Іс-шараның мақсаты — қоғамда кез келген заң бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру. Рұқсат етілмеген үйінділердің пайда болуына бейім орындарда күнделікті рейдтер жүргізіліп, белгісіз орындарға қоқыс түсіретін және ағынды суларды ағызатын тұлғаларды анықтау бойынша мақсатты жұмыстар жасалып жатыр.
Мақтаарал аудандық полиция қызметкерлері барша аудан тұрғындарын қоршаған ортаға немқұрайлы қарамауға шақырады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.