Түркістан облысы: Созақ ауданының спортшылары гір спортынан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары атанды

2025 жылдың 13–15 маусымы аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында гір спортынан ересектер арасында серпе және жұлқа көтеру бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған чемпионатқа еліміздің әр өңірінен мықты спортшылар қатысып, өзара сынға түсті. Бұл додада Түркістан облысының атынан қатысқан Созақ ауданының спортшылары үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді.

Тарқата айтсақ, серпе көтеру жаттығуында 63 келі салмақ дәрежесінде – Мақсатұлы Бақыт 1-орынды, 68 келі салмақ дәрежесінде – Қабылбек Ержан 1-орынды, 85 келі салмақ дәрежесінде – Құдайберген Сырым 1-орын иеленді.

Жарыстың екінші күнінде өткен жұлқа көтеру түрінен 63 келі салмақ дәрежесінде – Ергешбай Еркебұлан 1-орынды жеңіп алды.

Спортшыларды бұл жарысқа дайындаған – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұрат Серікбаев пен жаттықтырушы Бақтан Тұрсынбаевтың да еселі еңбектерін айта кеткен жөн.

Орайы келгенде айта өтейік, аудан тұрғындарының спортпен тұрақты түрде шұғылдануына ықпал жасау мақсатында ауданда 148 спорттық нысан жұмыс істейді. 2024 жылы аудан аумағында 6 балалар ойын алаңшасы, 8 кіші футбол алаңшасы салынған. Нәтижесінде, ауданда бұқаралық спортпен шұғылданушылардың саны бүгінгі таңға 24 мың адамнан асып, аудан халқының 41%-ына жетті. Шолаққорған ауылынан республикалық бюджет есебінен заманауи үлгідегі спорт кешенінің құрылысы басталып, 2025 жылы  құрылысы аяқталады деп күтіліп отыр.

Кір (Гир) көтеру – халық арасында кең тараған спорт түрі. Шойыннан құйылған кірді бір қолмен көтеру арқылы орындалады. Атақты Балуан Шолақ, Қажымұқан кір көтеру өнерін көрсеткен. Кірлер 16, 24, 32 келілік салмақтарға жіктеледі.

ХХ ғасырдың 1940 жылдарының соңына дейін, гір көтеру спорты күш шыдамдылығы жарысы ретінде заманауи түсінік болмаған. Дегенмен, гірдің өзі, спорттық снаряд ретінде ХVII ғасырдың соңынан танымал болған. Гір, штанга және гантельмен қатар дене күшін дамыту үшін, немесе цирктік көрсетілімдерде қолданылған.
1948 жылдың 24 қазанында маман патронаждарымен ауыр атлетикадан бірініші жарыстар өткізілді, атлеттер екі пұттық гірлермен машықтанған. Ресми ережелер сол кезде болмағанымен, осы тәрізді конкурстар дайыми негізде өткізіле бастады және ауыратлеттер оның өз спорттарына көпшілікті тарту тәсілін байқады. 1962 жылы гір көтеру спорты жарыстарының алғашқы ережелері өңделді. 1970 жылдардан бастап ұдайы ССРО спортшылары арасында кездесулер өткізіле бастады, спорт сондай-ақ Қарулы Күштерде таратылды. Сол кезде гір көтеру спортының ережелері, көбірек қалың топтарды еліктіру мақсатында оңай жағына үнемі ауысып тұрды.
1985 жылы гір көтеру спорты ресми түрде қадір артты, ал 1987 жылы КСРО гір көтеру спортының Бүкілресейлік Федерациясы құрылды. 1992 жылдың 29 қазанында тарқалып, оның орнына гір көтеру спортының Халықаралық федерациясы құрылды.
Гір көтеру спорты – циклдық спорт түрі болып табылады, тағайындалған уақыт ішінде тұрегеп тұрған жағдайда гірді барынша көп рет көтеру керек. Ерлерде тәртіптің екі түрі бар, ал әйелдерде бір түр. Ерлер классикалық қоссайыста немесе ұзын циклдық түрткіде жарысады. Қоссайыс екі жаттығудан тұрады: кеудеден екі гірдің екі қолмен түртуі және әр қолмен бір гірді жұлқи көтеру. Жұлқуда снарядты тұғырға қоймай қолды бір рет ауыстыруға рұқсат етіледі. Екі жаттығуды орындаған соң қоссайыс сомасында ұпайлар саналады. Ұзын цикл бойынша жұлқу гірді кеудеге лақтырумен, кеудеден жоғары қарай көтеріп, кеудеге түсіріп әрі қарай тұғырға тигізбей төмен түсірумен тұрады. Жаттығу екі гірмен орындалады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You