2025 жыл: Түркістан – ерекше мәртебе берілген шаһар: Аялдамаларға тазалық жұмыстары жүргізілді

Түркістан қаласында қоғамдық көлік аялдамалары мен олардың айналасындағы аумақтарға тұрақты түрде тазалық жұмыстары жүргізіледі. Осы аптада қала аумағындағы барлық аялдамалардың павильондары мен орындықтарын жуу, айналар мен басқа да элементтерді тазалау, сондай-ақ бұзылған немесе тозған жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары атқарылды.

Қазіргі таңда қала бойынша жалпы 683 аялдама нысаны қызмет көрсетеді. Қосымша 100 аялдама орнату жоспарланған, қазіргі таңда 78 аялдама пайдалануға берілді.

Қоғамдық көлік аялдамаларының тазалығын қамтамасыз ету, қала инфрақұрылымын жақсарту, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау күнделікті әкімдік тарапынан қатаң бақылауда тұр.

Тазалық демекші, бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, Түркістан қаласында санитарлық тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында жалпы қалалық сенбілік өтті. «Таза қала – ортақ міндет» атты ауқымды акция қаланың тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға бағытталған кең көлемді флешмобтан басталды.

Тазалық шарасына қала әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер, 6 сектор, коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттер белсене атсалысты. Жалпы саны 1000-ға жуық қызметкер сенбілікке жұмылдырылды.

Қатысушылар Гауһар ана мен Бала би кесенелері аумағында, сондай-ақ Бейімбет Майлин, А.Жангелдин, О.Жандосов көшелерінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке 6 арнайы техника тартылып, шөптер шабылып, аяқжолдар сыпырылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Нәтижесінде 7 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, белгіленген аумақтар толықтай тазартылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You