
Түркістан қаласында 2025–2026 жылғы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары басталды. Бұл бағыттағы кешенді іс-шаралар Түркістан қалалық газ инспекциясы тарапынан, Түркістан қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 23 мамырдағы №272 қаулысына сәйкес жүзеге асырылуда.
Жоспарға сәйкес, бүгін әлеуметтік әл-ауқаты төмен тұрғындар санатына жататын азаматтардың жеке тұрғын үйлерінде жылу жүйелерін тексеру, ақауларды жою, жөндеу және қайта іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар алдағы жылу маусымының қауіпсіз әрі үздіксіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.
Жұмыс барысында газ инспекциясы мамандары нысандардың техникалық жай-күйіне, қауіпсіздік талаптарының сақталуына және жүйелердің нормативтік құжаттарға сәйкестігіне ерекше көңіл бөлуде.
Жалпы, дайындық жұмыстары қала тұрғындарының қыс мезгілінде қолайлы әрі жылы жағдайда өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған.
Сондай-ақ аталған іс-шара шеңберінде қалалық бюджет және коммуналдық меншіктегі нысандардың жылу жүйелерін қысқы кезеңге дайындау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, қазіргі таңда Түркістан қаласындағы 39 мемлекеттік мектеп пен 150 балабақшада жылу жүйелерін тексеру, жөндеу және қайта іске қосуға бағытталған жұмыстар жоспарға сай атқарылуда.
Бұл жұмыстар жылу маусымының сапалы әрі үздіксіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Инспекция тарапынан нысандардың техникалық жай-күйіне, қауіпсіздік талаптарының сақталуына және нормативтік құжаттарға сәйкестігіне ерекше назар аударылып жатыр.
Сонымен қатар бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен қала аумағындағы инфрақұрылымдық даму мен көгалдандыру жұмыстары бойынша кезекті жиын өтті. Жиынға қала әкімінің кеңесшілері мен құрылымдық бөлім басшылары, коммуналдық мекемелер мен мердігер ұйым жетекшілері қатысты. Кездесу барысында ағымдағы кезеңде орындалған жұмыстардың есебі тыңдалып, алдағы жоспарлар пысықталды.Биыл Түркістан қаласы бойынша көгалдандыру жұмыстары 250 гектар аумақты қамтиды. Жалпы саны 192 467 дана ағаш пен бұта отырғызу көзделсе, оның ішінде 160 975 дана жасыл желек Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан қамтамасыз етіледі.Осы жылы қала аумағына 1 200 000 дана біржылдық және көпжылдық гүл отырғызылды. Бұл жұмыстың негізгі бөлігін «Kaspiyan» ЖШС мен «SK Geokart» ЖШС жүзеге асыруда. Сонымен қатар, 10 гектарға жуық аумақта көгал төселіп, декоративті жасыл жамылғы орнатылуда. Көгалдандыруды қолдау мақсатында қалада суару инфрақұрылымы белсенді түрде жаңартылып, гидрантты суару жүйелері, тамшылатып суғару, мотопомпа және насос жүйелері енгізілуде. Әуежай жолы, айналма жол, Коммунизм аумағы сынды бірнеше бағытта су айдағыш құрылғылар орнатылуда. Жиын соңында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы барлық жауапты мекемелер мен бөлім басшыларына берілген тапсырмаларды сапалы әрі мерзімінде орындауды тапсырды. Сонымен қатар, егілген көшеттердің күтімін жүйелеу, гүлдендіру мен абаттандыру жұмыстарын маусымдық кестеге сай жүргізу міндеттелді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.