Сауран ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша комиссия отырысы өтті

Сауран ауданы әкімдігінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров төрағалық етіп, азаматтық қорғау саласының өзекті мәселелері қаралды.

Алдымен аудан аумағындағы сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары талқыланды. Бұл мәселе бойынша Сауран аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, подполковник Мұхтар Қуанышбаев баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе – аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу. Бұл бағыттағы жұмыстар туралы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Түймеғали Жаңабайұлы баяндап, тұрғындар арасында түсіндіру іс-шаралары жүргізіліп жатқанын және індеттің таралуына жол бермеу мақсатында қабылданған шараларды атап өтті.

Азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіру және халықты хабарландырудың жаңа тәсілдері жөнінде Сауран аудандық ТЖБ-ның азаматтық қорғаныс тобының бастығы, подполковник Мұхтар Қуанышбаев сөз сөйледі. Ол халыққа дер кезінде хабар беру жүйесін жетілдірудің және жауапты қызметтердің дайындық деңгейін арттырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар жиында көктемгі су тасқынының алдын алу мәселесі қаралды. Бөгеттердің беріктігін тексеру, арық-атыздарды тазалау және гидротехникалық нысандардың жай-күйін бақылау бойынша аудан әкімі тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар берді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You