
Түркістан қаласында тұрғындар мен қонақтарға жайлы, қолжетімді әрі қауіпсіз қоғамдық көлік қызметін ұсыну бағытында бүгін 16 жаңа автобус желіге қосылды.
Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының халықпен кездесулерінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер ескеріліп, жаңа автобустар шет аймақтардағы қажетті маршруттарға толықтырылды.
Жаңа автобустар заманауи талаптарға сай бейнебақылау камераларымен, кондиционер, электронды билет жүйесімен жабдықталған. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еркін қатынауына қолайлы болу үшін арнайы пандустар да қарастырылған.
Бүгінгі таңда Түркістан қаласында 22 бағыт бойынша маршруттар мен 683 аялдама бар. Аталған бағыттарға 200-ден аса қоғамдық көлік күнделікті қызмет көрсетуде. Жыл соңына дейін қала тұрғындарының қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында тағы 10 жаңа автобус желіге қосылады деп жоспарланып отыр.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
