Түркістан облысында тауар өндірушілер жаңадан 1 531 дана техника сатып алды

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылдан 907 мың гектарға орналастырылды. Соңғы үш-жылда тамшылатып суару және жаңбырлатып суару технологияларының енгізілуі есебінен егіс көлемі 43,4 мың гектарға ұлғайтуға қол жеткізіліп отыр. Дала жұмыстарына жанар-жағар май босату мен кредиттік ресурстар, минералды тыңайтқыштар бөлу шаралары мерзімінде жүргізілді.

Дала және жиын терім жұмыстарына 93,3 мың тонна жанар-жағармай бөлінді, өткен жылдан 2 есе артты. Көктемгі дала жұмыстарына бөлінген 55,3 мың тонна жанар-жағар май толық сатып алынып, 41,7 мың тонна (3032 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші) босатылды, күзгі дала жұмыстарына 38 мың тонна жанар-жағар май толық сатып алынып, бүгінгі күнге 12,4 мың тонна (1768 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші) босатылды. Мемлекет басшысының минералды тыңайтқыштарды ғылыми негізде енгізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға бюджеттен 12,2 миллиард теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде 781 мың гектар егіс алқаптарына 227,1 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізілді, жоспар 120,0% орындалды (Жоспар — 190 мың тонна). 

Жалпы, 3 жылда егіс алқаптарына тыңайтыштар енгізу көлемі 2 есе артып отыр. Дала жұмыстарын несиелендіру бойынша облыста «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Оңтүстік» АИО» ЖШС, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС жұмыс жүргізуде. Осы жылдың 10 айына 2 329 жобаға 26,4 миллиард теңге қаржы бөлініп, өткен жылдан 1,6 есе артты. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 5,8 миллиард теңге (262 жоба); «Оңтүстік АИО» ЖШС, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС арқылы 12,7 миллиард теңге (1704 жоба); «Түркістан» ӘКК» АҚ арқылы 8,0 миллиард теңге (363 жоба). Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру жұмыстары жалғасуда. Ауыл шаруашылығы техникалар паркін жаңалау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Бүгінгі таңда қолданыста 25 мың бірлік техникалар бар. Оның ішінде, 16 мың трактор, 1,8 мың комбайн және 11,6 дана қосалқы агрегаттар бар. 

Бүгінгі күнге тауар өндірушілер жаңадан 1 531 дана техника сатып алды. Техникалар паркін жаңалау 8,8%-ды құрады. Жыл соңына дейін 10%-ға дейін жаңалау қамтамасыз етілетін болады. Биыл «Оңтүстік» АИО» ЖШС-і арқылы 470,0 миллион теңге қаржы бөлініп, Жетісай ауданында «Мақталы Жер» ЖШС МТС-і құрылды. Серіктестіктің жалпы 87 бірлік техникасы бар. Несие қаржы есебінен 37 бірлік сатып алынды.

 2025 жылғы қаңтар-маусымдағы өндірілген жалпы өңірлік өнім көлемі 2 056,3 миллиард теңгені құрады. Алдын ала есеп бойынша 10 айда өндірілген өңім көлемі 4 387,8 миллиард теңгеге жетіп, қысқа мерзімді экономикалық өсім 114,8%-ды құрады (2-орын). Биылғы қаңтар-қазан аралығында өңдеу өнеркәсібі саласында 593,2 миллиард теңгеге өнім өндіріліп, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі – 111,2% құрады. 10 ай қорытындысына сәйкес Түркістан облысы Қазақстан Республикасы өңірлері арасында өсім бойынша 5-орынға жайғасты. Жалпы өнеркәсіп өнімінің 47,2% үлесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Облыс аумағында 350 аса өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны белсенді жұмыс істейді. Өңдеу өнеркәсібі саласында 15,6 мың адам жұмыспен қамтылғаны тағы бар.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You