Түркістан облысында қолайлы инвестициялық климат қалыптасқан

Түркістан облысына 10 айда 1,2 триллион теңге инвестиция тартылып, жаңа зауыттар ашылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров баяндады.

– Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында инвестиция тарту жүйесін жаңғыртуды тапсырған болатын. Осыған орай жалпы облыста қолайлы инвестициялық климат қалыптасқан. Бұл – сыртқы экономикалық байланысты дамытудың нәтижесі. Әрбір инвестор үшін арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарда дайын алаңшалар жоспарланған. Мемлекет тарапынан қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ салықтық жеңілдіктер қарастырылған, – дейді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.

Инвестициялық әлеует зерделеніп, облыс экономикасының дамуына тың серпін беретін, жалпы құны 2,6 триллион теңге болатын 111 инвестициялық жоба пулы әзірленген. Энергетика және ауыл шаруашылығын терең қайта өңдеу негізгі басымдықтар болып айқындалды. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 24 мыңдай жұмыс орны ашылып, бюджетке қосымша 100 миллиард теңге салық түседі.

Биыл 340 миллиард теңгеге 58 жобаны іске асырып, 8 220 жұмыс орнын ашу жоспарланған. 10 айда 41 жоба (180 миллиард теңге) іске қосылып, 5 322 жұмыс орны ашылды.

Аталған бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 10 айда өңір экономикасына 1,2 триллион теңге инвестиция тартылып, өсім 124,2 пайызды құрады. Шетелдік инвесторлармен келіссөздер тұрақты түрде жүргізіліп, жаңа жобалар жүзеге асырылып жатыр.

 Өңір экономикасына инвестиция тарту Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Инвестициялық саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы негізінде бекітілген көрсеткіштердің орындалуы арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ облыс көлемінде форумдармен іс-шараларды ұйымдастыру арқылы сырттан келген инвесторлармен бауырластық және ынтымақтастықты дамыту арқылы бірлескен жобалардың жүзеге асырылуы арқасында инвестиция тарту жұмыстары белсенді түрде жүргізіледі. 

Түркістан облысына биылға негізгі капиталға салынған инвестиция индикаторы 1427,1 миллиард теңге көлемінде бекітілсе, 10 айының (қаңтар – қазан айлары) қорытындысына сәйкес, 1178,4 миллиард теңге негізгі капиталға салынған инвестициялар құрады. Өткен жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 124,2%-ға орындалды. Бекітілген жылдық жоспар орындалады деп күтілуде. Сонымен қатар облысқа 2025 жылға тікелей шетелдік инвестиция көлемі АҚШ доллары475 миллион көлемінде бекітілсе, II тоқсан қорытындысына сәйкес, 543,5 миллион АҚШ долларын құрады. Жылдық жоспар артығымен орындалды. Одан бөлек, 2025 жылдың қорытындысына сәйкес, құны 340,0 миллиард теңге құрайтын 8270 жаңа жұмыс орнын ашумен 58 инвестициялық жоба іске асыру жоспарлануда. Бүгінгі күнге құны 180,5 миллиард теңге құрайтын, 5322 жаңа жұмыс орнымен 41 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.

 Облыста шағын және орта кәсіпкерлік саласында 215 мыңнан астам бизнес субъектісі жұмыс істейді, саны бойынша Алматы және Астана қалаларынан кейін 3 орында. Кәсіпкерлердің саны жыл басынан 6 674 бірлікке артып, бүгінгі таңға 215 406 бірлікті құрап отыр. Олардың ішінде 97 субъект орта бизнес санатында жұмыс жасаса, қалғандары шағын бизнес субъектілері болып табылады. Жалпы саны – 215 406 бірлік. Заңды тұлға – 14 606; жеке кәсіпкерлер – 121 953; шаруалар – 78 847.

Сонымен қатар кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігі сенімді өсім көрсетуде. Шағын және орта бизнеспен өндірілген өнім көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 446,8 миллиард теңгеге артып, 1 363,0 миллиард теңгені құрады (2025 жылдың II тоқсанына). Жыл соңына дейін өнім көлемін 2,8 триллион теңгеге жеткізу жоспарда тұр.

Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша негізгі 4 бағыт арқылы жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда:

  1. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында бизнес жобаларды жүзеге асыру;
  2. Шағын және орта бизнесті қаржылай қолдау;
  3. Индустриялды аймақтарды дамыту;
  4. Өндірістік парктерді дамыту;

Алғашқысына келсек, 5 миллионнан 500 миллион теңгеге дейінге шағын және орта жобаларға сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде.

Жыл басында сүйемелдеуге алынған 343 жобаның қазіргі таңда 234-і іске қосылды. Олардың жалпы құны 39,8 миллиард болатын 2 310 жұмыс орны ашылды. Қалған жобалардың жыл соңына дейін толық іске қосылуын қамтамасыз ету бойынша барлық тиісті сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде.

Екіншісі. Шағын және орта бизнесті қолдаудағы маңызды инструмент – қаржылай қолдау шаралары.

Бірыңғай кешенді бағдарлама аясында биыл 181 жобаға жалпы 22,8 миллиард теңге қаржы берілді. Түркістан облысы кәсіпкерлерді осы бағдарламаға қатыстыру көрсеткіші бойынша облыстар арасында үздік бестіктің қатарында.

Бірыңғай кешенді бағдарламадан бөлек, осы жылдың шілде айында кәсіпкерлер үшін «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылды. Кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген несиелер 7 миллиард теңгеге дейін, 12,6%-бен 10 жыл мерзімге дейін беріледі. Бұл Бағдарламада пайыздық мөлшерлемені субсидиялау көзделмеген, тікелей жеңілдетілген несие ретінде ұсынылады. Яғни, бюджеттен пайыздық ставканы субсидиялауға қаржыны қажет етпейді.

Үшіншіден, шағын және орта бизнесті дамыту жолында – индустриялды аймақтар маңызды қолдау. Облыс көлемінде 20 индустриялды аймақ құрылған.

Төртіншіден, өндірісті дамыту жолында шағын өндірістік парктер үлкен қызмет атқарады. Бүгінгі таңда Сауран ауданында жеке кәсіпкерлер өз қаражаты есебінен ауыл округтерде 148 өндірістік ғимаратты құруда.

Сауран ауданы әкімдігі қажетті жер телімдерін үйлестіріп, инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп отыр. Облыс басшысы тарапынан Сауран ауданы тәжірбиесін пайдалана отырып, барлық аудан және қала аумағында кемінде 5 өндірістік ғимаратты құру тапсырылды.

Өндірістік парктерді іске асырудың алгоритмін, эскиздік жобаларды, жер телімдерін қарастыру мәселелері бойынша әкімдіктерге толық ақпарат ұсынылды. Бүгінгі таңда барлық аудан, қала әкімдіктерінде 5 өндірістік ғимараттың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Индустриалды аймақтар. 152 миллиард теңге. 99 инвестициялық жоба

Тағы бір атап өтерлігі, Түркістан облысындағы индустриалды аймақтарда құны 152 миллиард теңгені құрайтын 99 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық бағытын айқындап берді. Жолдаудың басты идеясы – мемлекетімізді инновация мен цифрлық технологияға негізделген экономикаға көшіру. Біріншіден, экономиканы әртараптандыру міндеті қойылды. Яғни, ел экономикасының негізгі басымдығы мұнай мен шикізат емес, жоғары технологиялық өндіріс пен инновациялық индустрия болуы тиіс. Түркістан облысында осы бағытта жүйелі жұмыстар жүріп жатыр.

– Өндірісті дамыту мақсатында өңірімізге сырттан келетін тауарларға талдау жүргіздік. Негізгі үлес құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия өнеркәсібі және тамақ өндірісіне тиесілі. Олар бойынша импорт көлемі 98 миллиардтеңгені құрайды. Бұл тауарларды облыста шығаруға барлық мүмкіндіктеріміз бар. Инвесторлармен келіссөздер жүргізіп, оларға индустриалды және арнайы экономикалық аймақтардан дайын алаңшаларды ұсындық. Нәтижесінде маңызды жобаларды іске асыруға қол жеткіздік. Өңірде зауыттар мен кәсіпорындар саны артып жатыр, – дейді Нұралхан Көшеров.

Түркістан облысындағы 20 индустриалды аймақта құны 152 миллиард теңгені құрайтын 99 инвестициялық жоба іске асырылуда. Толық іске асқанда 6 361 жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда 39 миллиард теңге инвестиция тартылып, 50 жоба іске қосылды. 2609 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. «Turan» арнайы экономикалық аймағында 211,8 миллиард теңгеге 28 ірі жоба қолға алынған.

Иә, облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында 20 индустриалдық және «Turan» арнайы экономикалық аймақтары құрылған. Өндірісті дамыту мақсатында өңірге сырттан келетін тауарларға облыс әкімдігі талдау жүргізген-ді. Негізгі үлес құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия өнеркәсібі және тамақ өндірісіне тиесілі екені анықталды. Олар бойынша импорт көлемі 98 миллиард теңгені құрайды.

«Бұл тауарларды облыста шығаруға барлық мүмкіндіктеріміз бар. Инвесторлармен келіссөздер жүргізіп, оларға индустриалдық және арнайы экономикалық аймақтардан дайын алаңшаларды ұсындық. Нәтижесімен, бірнеше маңызды жобаларды іске асыруға қол жеткіздік», — дейді өңір басшысы.

Индустриалды аймақтарда құны 152 миллиард теңгені құрайтын 99 инвестициялық жоба іске асырылуда. 6 361 жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда 39 миллиард теңге инвестиция тартылып, 50 жоба іске қосылды. 2 609 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. «Turan» арнайы экономикалық аймағында 211,8 миллиард теңгеге 28 ірі жоба жүзеге асырылуда. Президент өз Жолдауында Орталық Азия елдерімен экономикалық байланысты күшейтуді тапсырған болатын. Көршілес Өзбекстанмен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 100 гектар аумақта «Орталық Азия халықаралық кооперация орталығы» құрылды. Нысан – кеден бекетімен заманауи қоймалар және өндірістік нысандармен интеграцияланған логистикалық орталық қызметін атқарады.

Мемлекет басшысы Орталық – еліміздің индустриялық қуатын арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. 7 инвестор Орталықта жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. Нәтижесінде, өңір экономикасына 185 миллиард теңге инвестиция тартылып, 1 175 жұмыс орны ашылады. Бюджетке қосымша салық түседі (355 миллион теңге). Бүгінгі таңда 8 өндірістік ғимарат пен ішкі инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Келесі жылы іске қосу жоспарлануда. Жалпы өнеркәсіп саласында биыл 107 миллиард теңгеге 22 жоба іске асырылып, 2 443 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде, маңызды ірі жобалары:

— Созақ ауданында табиғи уран өңдеу кешені («Катко» ЖШС, құны — 35 миллиард теңге, 300 жұмыс орны);

— Отырар ауданында 2 мақта өңдеу зауыты («Kazakhstan Lihua» ЖШС, құны — 21 миллиард теңге, 960 жұмыс орны);

— Түлкібас ауданында «RC Cola» брендімен түрлі түсті сусын шығаратын зауыт («Beibars Bottlers» ЖШС, құны — 9 миллиард теңге, 96 жұмыс орны);

— Сайрам ауданында заманауи ет комбинаты («KazEcoMeat» ЖШС, құны — 8,5 миллиард теңге, 150 жұмыс орны);

— Ордабасы ауданында алюминий бұйымдарын шығаратын зауыт («Central Asia Aluminium» ЖШС, құны — 8 миллиард теңге, 150 жұмыс орны).

Жыл соңында 103,5 миллиард теңгеге қосымша 8 өнеркәсіп жобасын іске қосу межеленген.

Биыл өңірде өнеркәсіп өнім көлемі 1,3 триллион теңгені құрады

Иә, бұл туралы да Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров баяндады.

Облыста жыл басынан бері 10 айда өнеркәсіп саласында биыл 107 миллиард теңгеге 22 жоба іске асырылып, 2443 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде маңызды әрі ірі жобалар қатарында Созақ ауданындағы табиғи уран өңдеу кешені («Катко» ЖШС, құны – 35 миллиард теңге, 300 жұмыс орны); Отырар ауданындағы 2 мақта өңдеу зауыты («Kazakhstan Lihua» ЖШС, құны – 21 миллиард теңге, 960 жұмыс орны); Түлкібас ауданында RC Cola брендімен түрлі түсті сусын шығаратын зауыт («Beibars Bottlers» ЖШС, құны – 9 миллиард теңге, 96 жұмыс орны) бар. Сонымен қатар Сайрам ауданында заманауи ет комбинаты («KazEcoMeat» ЖШС, құны – 8,5 миллиард теңге, 150 жұмыс орны); Ордабасы ауданында алюминий бұйымдарын шығаратын зауыт («Central Asia Aluminium» ЖШС, құны – 8 миллиард теңге, 150 жұмыс орны) жұмысын жүргізіп жатыр. Жыл соңында 103,5 миллиард теңгеге қосымша 8 өнеркәсіп жобасы іске қосылады.

– Президентіміз өз Жолдауында Орталық Азия елдерімен экономикалық байланысты күшейтуді тапсырған болатын. Көршілес Өзбекстанмен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 100 гектар аумақта «Орталық Азия халықаралық кооперация орталығы» құрылды. Нысан – кеден бекетімен заманауи қоймалар және өндірістік нысандармен интеграцияланған логистикалық орталық қызметін атқарады, – деді Нұралхан Көшеров.

Қазір 7 инвестор осы орталықта жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. Нәтижесінде өңір экономикасына 185 миллиард теңге инвестиция тартылып, 1175 жұмыс орны ашылады. Бюджетке қосымша салық түседі (355 миллион теңге). Бүгінгі таңда 8 өндірістік ғимарат пен ішкі инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Келесі жылы іске қосу жоспарлануда.

 «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында — «Атамекен» және «Гүлстан» бақылау-өткізу бекеттері маңында орналасады. 100 гектар аумақта ірі кәсіпорындар жұмыс істейді. Жабық кешенде өндіріс және көтерме саудаға лайықты жағдай жасалады. Мыңдаған жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін жобалар жүзеге аспақ. Инвесторлар үшін салықтық жеңілдіктер де қарастырылады. Өзбекстан — бүгінде Орталық Азиядағы негізгі сауда-экономикалық серіктестеріміздің бірі. Екі ел арасындағы өзара сауда-саттық көлемін алдағы бес жылда 10 миллиард долларға жеткізу көзделген.

Бұл туралы ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев: «Бүгінде жалпы құны 220 миллион доллардан асатын 13 бірлескен жоба жүзеге асырылды. Мұнан бөлек, Қазақстан мен Өзбекстан болашақта 1,7 миллиард доллар болатын 80-ге жуық жобаны қолға алмақ. Олар негізінен өнеркәсіп, көлік тасымалы, энергетика, ауыл шаруашылығы мен сауда салаларын қамтиды», — дейді.

Естеріңізде болса, биыл 13 наурызда сенаторлар халықаралық келісімді ратификациялады. Отырыс барысында Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарап, мақұлдады. Орталық шекаралас аумақтарда орналасқан және оның әр бөлігі өз мемлекетінің құзырында болады.

«Мақұлданған заң Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өнеркәсіп саласындағы жаңа кооперация орталығының құқықтық негізін айқындайды. Соның аясында «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының мәртебесі, оның қызмет түрлері мен құзыреті белгіленді. Алдағы уақытта заң бауырлас екі елдің іскерлік байланыстарын арттыруға, сондай-ақ, сауда-экономикалық қатынастарын нығайтуға оң ықпал тигізеді деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Депутаттар атап өткендей, орталықтың қызметі Тараптар мемлекеттерінің шағын және орта өнеркәсіптік кәсіпорындарын халықаралық қосылған құн тізбегіне интеграциялау үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Заң нормалары шекара маңындағы аумақтардың өндірістік базасын пайдалану тиімділігін арттыруды, орталық территориясында құрылатын өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндіріс процестерін оңтайландыруды, олардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуды, сондай-ақ, инновациялық және ғылымды қажет ететін өндірістерді дамытуды көздейді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібін дамыту, технологиялық серпіліс жасау және халықаралық әріптестікті нығайту бағыттары нақты іске асырылып келеді. Президенттің халыққа Жолдауындағы міндеттерді орындау мақсатында биыл 11 қыркүйекте Мақтаарал ауданының Атакент кеден бекеті маңындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының (ХӨКО) аумағында бүгін өнеркәсіптік паркінің іргетасы қаланды.

Жобаның жалпы инвестициялық құны – 123 миллиард теңге, ал ашылатын жұмыс орындарының саны 3 000-нан асады деп күтілуде. Бұл, әсіресе, Мақтаарал ауданы мен жалпы Түркістан облысы үшін әлеуметтік-экономикалық серпіліс әкелетін көрсеткіш. Қазірдің өзінде орталық аумағында 10-ға жуық жергілікті кәсіпкерлер өз жобасын бастауда. Салтанатты шарада Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жаңа индустриалды парк жобасының жұмысына сәттілік тіледі.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында өңдеу өнеркәсібі саласына инвестиция тарту міндетін қойған болатын. Осы бағытта өңіріміздің әлеуетін дамыту үшін бүгін біз «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығында қытайлық инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылатын индустриалды парктің іргетасын қалап отырмыз. Бұл жерде электр энергиясын таратуға арналған жабдықтар, төмен вольтты электр жабдықтары, инвесторлар мен өнеркәсіптік автоматика жүйелері, сондай-ақ пилотсыз ұшу аппараттарын өндіру бойынша кәсіпорындар ашу жоспарлануда. Бұл жұмыстар өңіріміздің республикалық бюджетке тәуелділігін төмендетіп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Бұл жерге 123 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылып, 3 000 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар зауыттардан түсетін салықтар арқылы республикалық және жергілікті бюджетке түсетін кіріс көлемі артады, – деді Н.Көшеров.

«Орталық Азия» Халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы – тек өндірістік жоба емес, ол аймақтың болашағын, жаңа экономикалық дәуірін айқындайтын стратегиялық платформа.

Сондай-ақ іс-шара барысында Қытайдың халықаралық инвестицияларды қолдау қауымдастығы Экономикалық комитеті бас хатшысының орынбасары Лю Цинфэн, Вэньчжоу қаласының Сауда департаментінің басшысы Юй Лицин сөз сөйлеп, екі ел көшбасшыларының қолдауымен қолға алынған өңдеу өнеркәсібі саласына жобаларды жүзеге асыруға күш салатындарын жеткізді. Жаңа кәсіпорындардың құрылысын сапалы да мерзімінде іске асатынын айтты.

Жобалар аясында төмен вольтті электр жабдықтарын өндіру, инверторлар мен автоматтандыру жүйелері, пилотсыз ұшу аппараттары (БПЛА), сондай-ақ жаңартылатын энергия көздеріне арналған құрылғылар өндірісі көзделуде. Бұл өңірді техникалық-инновациялық кластерге айналдыруға мүмкіндік береді.

«Орталық Азия» ХӨК орталығы өңірдегі ең ірі жүк ағындарын біріктіру, өңдеу және тарату, сондай-ақ «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізі аясында өндірістік кооперацияны дамыту орталығы ретінде қызмет атқарады. Сонымен қатар бұл орталық аймақтың логистикалық әлеуетін арттырып, Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтатын ірі платформа болмақ. 2027 жылға қарай мұнда 60-тан астам ірі жоба іске қосылып, 13 мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Нәтижесінде Түркістан облысы өңдеу өнеркәсібінің жаңа орталығына айналмақ. Жергілікті бюджетке түсетін салық көлемі едәуір артады. Жаңа жұмыс орындары құрылып, жастарды жұмыспен қамту және кәсіптік даярлау жолға қойылады. Цифрлық өндіріс, автоматтандыру және жасанды интеллект салаларындағы заманауи шешімдер енгізіледі. Жаңа өндірістік, қоймалық және көліктік желілер салынып, логистика жеңілдейді.

Облыстағы индустриалды аймақтар, инвестиция тарту, шағын өндірістік парктер мен арнайы экономикалық аймақтардың жұмысын жандандыру нәтижесінде 10 айда өнеркәсіп өнім көлемі 1,3 триллион теңгеге жетіп, өсім деңгейі 113,4 пайызды құрады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You