
Түркістан қаласында заңсыз орналастырылған жарнамаларды анықтау, ретсіз сауданы болдырмау және кәсіпкерлік нысандарының қасбеттерін талапқа сай келтіру мақсатында рейдтік іс-шаралар тұрақты жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде дизайн-кодқа сәйкес келмейтін бірқатар ретсіз жарнамалар алынып, қала келбетіне зиян келтіретін құрылымдар жойылды.
Тексеру жұмыстары барысында сыртқы жарнамалардың орнатылу тәртібі, рұқсат құжаттарының болуы, маңдайша мәтіндерінің эстетикалық және тілдік талаптарға сәйкестігі, сондай-ақ сауда нүктелерінің тек арнайы белгіленген аумақтарда ғана жұмыс істеуі қатаң назарға алынды.
Бұл шаралар Түркістан қаласының 2025 жылы бекітілген дизайн-кодын іске асыру мақсатында жүргізілуде. Дизайн-код қала аумағындағы ғимарат қасбеттері, жарнамалық құрылымдар, шағын архитектуралық формалар, ақпараттық белгілер мен абаттандыру элементтерінің бірыңғай стильде рәсімделуін қамтамасыз етуді көздейді.
Түркістан қаласының сәулеттік келбетін біріздендіру және қала аумағындағы жарнамалық нысандарды бекітілген дизайн-код талаптарына сәйкестендіру мақсатында жүйелі түсіндіру және реттеу жұмыстары жүргізілуде. Себебі, Түркістан қаласының сәулеттік келбетін біріздендіру және қала аумағындағы жарнамалық нысандардың эстетикалық талаптарға сай болуын қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласының дизайн-коды бекітілген. Айта кетейік, 2003 жылғы «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының 8-бабы 2-тармақшасына сәйкес, 2025 жылғы 18 сәуірде Түркістан қалалық мәслихатының шешімімен қала бойынша бірыңғай дизайн-код бекітілген болатын. Дизайн-кодтың негізгі мақсаты — қала аумағындағы барлық жарнама мен маңдайша үлгілерін бірыңғай стильде реттеу, сәулеттік үйлесімділікті сақтау және Түркістанның ұлттық нақыштағы заманауи бейнесін қалыптастыру болып табылады.
Осы мақсатта қала аумағында орналасқан және орнатылатын жарнама нысандары мен маңдайшалардың бекітілген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету бағытында жауапты бөлім мамандары тарапынан тұрақты мониторинг пен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Жыл басынан бері жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қала аумағында ретсіз орнатылған жарнама нысандары бөлшектеніп, жойылып жатыр. Сонымен қатар, жарнамалық маңдайшалар мен ақпараттық тақтайшалар жаңа дизайн-код талаптарына сай қайта орнатылып жатқанын да атап өткен жөн.
Мәселен, Түркістан қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімі мен «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің мамандары бірлесіп Бекзат Саттарханов даңғылы бойындағы кәсіпкерлік нысандарына тексеріс жүргізді. Тексеру барысында кәсіпкерлерге бірқатар ескертулер беріліп, маңдайша мен жарнама мәтіндерінің орфографиялық талаптарға, тіл нормаларына және дизайн-кодқа сай болуы қажеттілігі түсіндірілді. Алдағы уақытта белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда, ретсіз орналастырылған жарнамалар мен талапқа сай емес маңдайшалар әкімдік тарапынан мәжбүрлі түрде жойылатыны жайында кәсіпкерлерге хабарланды.
Айта кетейік, Түркістан қаласында заңсыз орналастырылған жарнамаларды анықтау және кәсіпкерлік нысандарының қасбеттерін талапқа сай келтіру бағытында тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізіліп, мониторинг нәтижесінде дизайн-кодқа сәйкес келмейтін бірқатар ретсіз жарнамалар алынып, қала келбетіне зиян келтіретін құрылымдар жойылып жатыр.
Ал қараша айының 19-ында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен қала аумағындағы тазалық және абаттандыру, заңсыз әрі ретсіз жарнамаларды жою, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және салық өндіру бағытында атқарылған жұмыстарға арналған лездемелік мәжіліс өтті. Жиында жауапты сала басшылары есеп беріп, ағымдағы жағдай мен көтерілген мәселелер талқыланды. Мәжіліс барысында Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұхит Кушенов қала аумағындағы заңсыз және ретсіз орналастырылған жарнамаларды анықтау және жою бағытында жүргізілген мониторинг қорытындыларын баяндады.
Қасбеттерді ретке келтіруге қатысты жалпы жыл басынан бері 637 жарнама нысаны бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде 35 нысан тіркеуге алынып, 602 заңсыз жарнама бөлшектеліп жойылған.
Сондай-ақ, тазалық пен қоғамдық тәртіп мәселелері бойынша Түркістан қаласы полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы А.Сапарбековтің мәлімдеуінше, биылғы 10 ай 17 күнде қалалық аумақта 106 931 құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде қоғамдық тәртіпке қатысты 26 192, жол қозғалысы ережелеріне байланысты 80 739 жағдай тіркелген. Тазалық бағытындағы нөлдік төзімділік қағидаты аясында 14 150 құқық бұзушылық анықталып, қоғамдық орындарды ластау, абаттандыру қағидасын бұзу және жол жабындысын бүлдіру деректері бойынша айыппұлдар белгіленіп, басым бөлігі толық өндірілді. Қаланы қоқыстан қорғау мақсатында тәулік бойы жүргізілетін шолу жұмыстары нәтижесінде 12 құқық бұзушылық анықталып, кінәлі тұлғаларға заң аясында шара қолданылған.
Сондай-ақ «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында айыппұлдарды өндіру жұмыстары күшейтілгені атап өтілді. Жеке сот орындаушыларына 14 963 хаттама жолданып, жұмыс орындары арқылы 71 қаулы орындалуда. Айыптұраққа 2 965 автокөлік қойылып, өндірілмеген айыппұлдармен жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Сонымен қатар, жиында 12–14 қараша күндері 6 сектор аумағында өткен Отырар, Бекзат, Шауғар тұрғындарымен кездесудің қорытындысы да қаралды. Ұйымдастыру инспекторлық және аумақтық даму бөлімшесінің басшысы Е.Төрехан қала тұрғындары көтерген инфрақұрылым, абаттандыру, әлеуметтік қолдау және коммуналдық қызметтерге қатысты мәселелерді баяндап, олардың орындалуы бойынша баяндады.
Мәжіліс соңында қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы санитарлық тазалықты, заңсыз жарнамаларды жоюды, қоғамдық тәртіпті нығайту мен тұрғындар мәселелерін уақтылы шешуді қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Тағы бір атап өтерлігі, Түркістан қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімі мен Бизнесті қолдау және туризм бөлімі бірлесіп, қала аумағында заңсыз орналастырылған жарнамаларды анықтау, ретсіз сауданы болдырмау және кәсіпкерлік нысандарының қасбеттерін талапқа сай келтіру мақсатында жоспарлы рейдтік іс-шаралар жүзгізілуде. Аталған жұмыстарға Түркістан қаласы әкімдігі Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі де қатысып, тіл нормаларының сақталуына қатысты бақылауды күшейткен.
Рейд барысында сыртқы жарнамалардың орнатылу тәртібі мен рұқсат құжаттарының болуы, маңдайша мәтіндерінің эстетикалық және тілдік талаптарға сәйкестігі, сондай-ақ сауда нүктелерінің тек арнайы белгіленген аумақтарда жұмыс істеуі қатаң назарға алынды.
Аталған шаралар Түркістан қаласының дизайн-кодын іске асыру мақсатында жүргізілуде. 2025 жылы бекітілген дизайн-код қаладағы ғимарат қасбеттері, жарнамалық құрылымдар, шағын архитектуралық формалар, ақпараттық белгілер және абаттандыру элементтерінің ортақ стильде орындалуын көздейді.
Сонымен қатар өткен айдың 28-інде Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен қаланың бас жоспары мен жыл соңына дейін пайдалануға берілетін әлеуметтік нысандар, өндірістік орындардың даму қарқыны мен қаланың сәулеттік келбетін жетілдіру және инфрақұрылым сапасын арттыру мен абаттандыру бағытындағы өзекті мәселелер талқыланған-ды. Басқосуға қала әкімінің орынбасарлары мен жауапты бөлім басшылары, тиісті сала мамандары қатысып, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлары туралы баянданды.
Жиында ең алдымен Түркістан қаласының бас жоспары талқыланды. Мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алып, алдағы уақытта Үкімет қаулысымен бекітілуі күтілуде. Сондай-ақ, жыл соңына дейін пайдалануға берілетін әлеуметтік және өндірістік нысандардың, атап айтқанда тұрғын үйлер мен спорттық нысандардың, өндіріс орындарының пайдалануға берілуі сараланды.
Қала аумағындағы қараусыз қалған, талапқа сай келмейтін немесе ескірген нысандарды ретке келтіру, олардың сыртқы келбетін жаңартып, бекітілген дизайн-код талаптарымен сәйкестендіру мәселесі де ерекше назарға алынды. Бұл жұмыстар қаланың бірегей архитектуралық тұтастығын сақтап, туристік және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталатыны атап өтілді.
Сонымен қатар, Әзімбек Пазылбекұлы сала мамандарына алдағы уақытта пайдалануға берілетін әлеуметтік нысандардың айналасын толық абаттандырып, инфрақұрылымын сапалы аяқтауды тапсырды. Қала басшысы Түркістанның тазалығы мен жалпы сыртқы мәдени келбеті – қаланың даму деңгейін көрсететін басты өлшемдердің бірі екенін айтып, бұл бағыттағы жұмысты ұдайы күшейтуді міндеттеді.
Мәжіліс барысында құрылыс саласына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар да жүктелді. Бүгінде спорттық инфрақұрылымды дамытуға және тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына қолайлы жағдай жасау мақсатында Бекзат мөлтек ауданындағы Жиделі көшесінде орналасқан спорт кешенінің құрылысын толық аяқтап, нысан аумағын абаттандыру, тал егу және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұдан бөлек, кредиттік тұрғын үйлердің құрылысын жыл соңына дейін толық аяқтау міндеті қойылды. Қала әкімі бұл жобалардың тұрғындардың баспанаға қолжетімділігін арттырудағы стратегиялық маңызын атап өтіп, жұмыстың мерзімінде, сапалы орындалуы — басты талап екенін қатаң ескертті.
Жиын қорытындысында Әзімбек Пазылбекұлы қаланың әрбір жобасы мен бастамасы Түркістан тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталғанын, барлық жауапты тұлғаларға жұмысты жоғары жауапкершілікпен әрі жүйелі түрде жүргізуді тапсырды.
Осы ретте «Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріліп, осыған сәйкес қаланың бірыңғай дизайн-коды бекітілген болатын. Қазіргі уақытта Түркістан қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары кәсіпкерлік нысандарын аралап, дизайн-код талаптарына сәйкес келмейтін маңдайшалар мен жарнамалар бойынша ескертулер беруде. Нысан қасбеттерінің біріздендірілген үлгіде болуы – қаланың сәулеттік келбетін сақтауға бағытталған маңызды талап. Барша кәсіп иелерін талапқа сай, ескертпелерді ескеруді сұраймыз», — дейді Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұхит Көшенов.
Ал 26 қарашада Түркістан қалалық Сәулет және қала құрылысы бөлімі қала аумағында қызмет көрсететін жарнама агенттіктері мен кәсіпкерлермен кеңейтілген кездесу өткізген болатын. Жиынның негізгі мақсаты – шаһарда маңдайшалар мен сыртқы жарнамаларды дизайн-код талаптарына сәйкестендіру, сондай-ақ қаланың бірыңғай көркем келбетін қалыптастыру болды. Кеңеске Сәулет және қала құрылысы бөлімі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, жарнама агенттіктері мен кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатысқан-ды.
Кездесу барысында қатысушыларға қаланың үйлесімді сәулеттік стилін сақтау және көрнекі ақпараттың бірізділігін қамтамасыз ету үшін маңдайшаларды дизайн-кодқа сәйкестендірудің негізгі талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, жарнаманы орнату тәртібі, техникалық талаптар және заңдық жауапкершілік мәселелері егжей-тегжейлі қарастырылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға салалық мамандар нақты жауап берді. Жиын қорытындысында жарнама агенттіктерімен бірлесіп жұмыс істеу және кәсіпкерлік нысандарын дизайн-кодқа сәйкестендіру бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде келісімге келді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
