Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов мәлімдеді.
– Шымкентте өткен жылы 157 нысанның құрылысы жүргізілді. Атап айтқанда, 92 тұрғын үй, 34 инженерлік инфрақұрылым және 31 әлеуметтік нысан тұрғызылды. Ал биылға 112 нысанның құрылысы жоспарланып отыр. Осы орайда негізгі басымдық көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысына берілгенін атап өту керек. Нақтырақ айтсам, басқарма тарапынан «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 79 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Бұл баспаналар кредиттік және арендалық бағыттарда іске асырылады, – деді Ербол Құланбайұлы.
Спикердің сөзінше, қалада Әкімшілік-іскерлік орталығы, «Шымкент сити» және «Тұран» шағын аудандарында 65 кредиттік тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның 33-і осы жылы өз иелеріне тапсырылады. Яғни, 2 096 азамат тиімді бағамен баспана сатып алады. Сондай-ақ, 14 арендалық тұрғын үй салынуда. Оның алтауы Әкімшілік-іскерлік орталығында, 8-і «Тұранда» орналасқан. Ол бойынша бұл жылы 6 үйдің құрылысы аяқталып, 336 пәтер пайдалануға беріледі.
«ANYQ.KZ» — ақпарат