Партиялық Бақылау комиссиясының мүшелері Фаридулла Файзуллаев, Акмалжан Исаков пен «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлы және аудан әкімінің орынбасары Мадияр Мұхтарұлы бастаған топ жолдардың сапасымен танысып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі 1,5 шақырымдық Абай көшесі бойынша мердігер мекеме «Достық Спец Транс» ЖШС тарапынан жол аяқ салу жұмыстарына бақылау жүргізу барысында 50 метр жерге битумсыз асфальт салынғандығы анықталып, акт түзілді. Сол бөлігі қайта қалпына келтіріледі. Бұл жұмыстар партиялық бақылау комиссиясының бақылауында болмақ.
Жалпы Сайрам ауданы бойынша 2021 жылы «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы және аудандық бюджет есебінен 22,9 шақырым болатын 18 елді мекендердің ішкі көшелеріне 344 млн 396 мың теңге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Қазіргі таңда аталған 18 елді мекен ішіндегі ішкі көшелердің 6 нысанында (Қайнарбұлақ а/о Жаназат, А.Зияев, Расилов, Рысалды, Жаңақұрылыс, Буря Роза көшелері) құрылыс жұмыстары «Темиртас» ЖШС тарапынан аяқталып, екі нысанда (Қарасу а/о Ескендір және Қайнарбұлақ а/о Абай көшелері) құрылыс жұмысары «Достық Спец Транс» ЖШС тарапынан жүргізілуде.
Сонымен қатар, аудандық бюджеттен бөлінген 345 млн 565 мың теңгеге 13,5 шақырымды құрайтын 7 елді мекен ішіндегі ішкі көшелердің орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Қазіргі таңда Манкент а/о О.Құрбанов және Көлкент а/о Тумар, Тәуелсіздік-1 көшесінің орташа жөндеу жұмыстары «Темиртас» ЖШС тарапынан орындалған. Қарабұлақ а/о Ғайрат-Уабайдуллаев көшесінің орташа жөндеу жұмыстары «Vek-Stroy-Com» ЖШС тарапынан орындалған.
Аудандық маңызы бар жолдар:
2020 жылы аудандық маңызы бар КХSR-11 «КХ-3 Көксәйек-Шаян-Аққала-Сарқырама» автомобиль жолының 5,3-10,6 шқ аралығын күрделі жөндеу нысаны бойынша сметалық құны 484 744,0 мың теңге. 2021 жылға аудандық бюджет есебінен 136 млн 867 мың теңге қаралып соның 40 млн теңгесі игерілген. Аталған нысан жыл соңында пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар аудандық маңызы бар КSRХ-3 «KX-3 Кожакорган-Нуржанкорган» автомобиль жолының 0-5,4 шқ аралығын күрделі жөндеу нысаны бойынша мердігер мекеме «Алем Транс Жол» ЖШС келісім шарттың суммасы 477 млн 332 мың теңге, жөндеу жұмыстары 2022 жылы аяқтау жоспарлануда.
«ANYQ.KZ-ақпарат»