Түркістан: Сауран ауданында Ұлттық рәміздер ұлықталды

Түркістан облысы Сауран ауданында «Рәміздерім — елдігімнің қуаты» атты мерекелік шара өтті.


4 маусым — ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне орай аудан әкімдігі ұйытқы болған жиынға аудан әкімінің орынбасары м.а. С.Садыбаев, ішкі саясат бөлімі басшысының м.а. Т.Жанәділов, ауыл тұрғындары мен жастар қатысты.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Ұлық мейрам қарсаңындағы кеште Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік — арман біздің қол жеткізген» деген атпен кітап көрмесі қойылды. Жиында «Асыл қазына» әжелер тобы мен мәдениет өнерпаздары ән шырқады.

Сондай-ақ, Шорнақ жалпы орта мектебінде «Желбіре, көк туым, желбіре!» атты мерекелік шарасы өтті. Онда мектеп оқушылары көк туымызды желбіретіп ән шырқап, флешмоб биледі.

Шара барысында Сауран ауданы әкімдігінің қызметкерлері «Мен туымды мақтан етемін» челленджін Кентау қаласы әкімдігінен қабыл алып, өңірдегі аудан, қала, ауылдық округтерге жолдады.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.