Түркістан облысында ең жас сайлаушы Кентау қаласында дауыс берді

Түркістан облысында ауыл әкімдерінің сайлауында жастар белсенділік танытуда. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.


Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғыны Севара Тойметова 2003 жылы туған. Бүгін ол жергілікті №58-сайлау учаскесіне барып, алғаш рет өз таңдауын жасады.

Елімізде бірінші рет өткізіліп жатқан ауыл әкімдерінің сайлауына тұрғындардың дауыс беруі белсенді.

«Ауылымызда еңбекқор, білімді азаматтар көп. Бүгінгі сайлауда сондай азамат ауыл әкімі болады деп ойлаймын. Өзім де сондай азаматқа дауыс бердім. Сайланған әкім ауылымыздың дамуына белсене атсалысады деп ойлаймын», — дейді С.Тойметова.

Оқуды үздік аяқтаған ол биыл Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық университетінің «Алғашқы әсери дайындық» пәні бойынша грантқа түскен.

Ал, Шардара ауданында жуырда ғана отау құрған жас отбасы алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Жаушықұм ауылдық округінің тұрғындары Ержан Қожантай мен Әсел Айтбай сайлау науқанына немқұрайлы қарамай белсенділік танытуды азаматтық парызым деп біледі.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.