«Ақмешіт» үңгіріне барды

Өлкетанулық экспедициясының үшінші күні Бәйдібек ауданындағы ерекше табиғатымен әйгілі «Ақмешіт» үңгірін бағындырумен басталды. Жас зерттеушілер үңгірдің тарихы мен геологиялық құрылымымен танысып, осындай жарғабақ үңгірдің қалай пайда болғаны жайлы тың ақпараттар жинады. Жалпы, «Ақмешіт» үңгірі-әктасты жыныстар қабатында пайда болған жарқабақ саңылауларынан мезгіл-мезгіл су тамып тұратын ішінен қарағанда ернеуі киіз үйдің шаңырағы секілді көрінетін үңгір.
Келесі мәдени нысан Түркістан облысының оңтүстігіндегі Қаратау бөктерінде Балабөген өзенінің бойында орналасқан «Домалақ ана» кесенесі.Бұл кесенеде оқушылар «Домалақ ана» атанған аты алты алашқа мәлім атақты би-шешен Бәйдібек бидің кенже әйелі Нурила ананың өмірімен танысты.
Сонымен қатар зияткерлер Түркістан облысының жетекші кәсіпорындарының бірі — «Dala Fruit» компаниясының өндіріс орнымен танысты. «Dala Fruit» компаниясы өсіретін алманың 5 түрлі сұрпы – айдаред, голден, фуджи, гренни, джонаголд түрлері туралы ақпарат алып қана қоймай,мамандық таңдауға арналған кеңестер тыңдады. Отандық жемістер шығаратын өндіріс орны заманауи технологияларды қолдана отырып, алма өсіру, сақтау, өңдеу және сатумен айналысады. Қарасу ауылдық округінің экологиялық таза аумағындағы 135 га жерде бір миллион бір жүз мың ағаш отырғызылған. «Dala Fruit» компаниясының директоры Нұрсұлтан Нәжіорташа өнім жыл артқан сайын ұлғайып келеді. Жылдан жылға көбейіп келе жатқан өнім меншікті қоймада сақталады. 15 тоннаға дейін алманы бір жыл бойы сақтауға болатын қойма оқушылардың ерекше назар аударған аумаққа айналды.Айта кетейік,Қазақстан бойынша тек осы компанияда осындай ауқымды қоймалар бар.
Кейіннен оқушылар шырайлы Шым қаланың тарихы басталған «Цитадельге» саяхат жасады.Бұл қалашықта оқушылар көне жәдігерлермен және бекіністің тарихы туралы танымдарын кеңейтті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.