«Облыс тарихы» атты керуен шеруінің 2 күні «Ақмешіт» үңгірі мен Домалақ ана тарихи орындарымен және Түркістанның рухани-мәдени орталығын аралаумен жалғасты.
«Балалар жылы» аясында Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Облыс тарихы» атты керуен-шеруінің екінші күні
Түркістан– Бәйдібек бағыты бойынша: Ақмешіт әулие үңгірі, Домалақ ана кесенесі,
«Айналасына шуақ шашқан, бар қазақтың анасы — Домалақ ана». Қазақ халқы оны, бүкіл қазақ халқының анасы деп санаған.
Ақмешіт әулие үңгірі –Әк тасты жыныстар қабатында пайда болған ойық жарқабақ үңгір. Оқушылар көріп ерекше әсер алды.
Түркістан –Отырар бағыты бойынша: «Гауһар ана» кесенесі. Гауһар ана – ұлы ақын, ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің қызы. Гауһар ана жайлы аңыз-әңгімелерге сүйенсек, ол емшілік қасиеті ерекше жан болған деседі. Әлі күнге дейін ана кесенесінің маңында емдік қасиеттері бар.
«Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы»
Түркістан қаласы бойынша Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Иассы қорғаны, Рабиға сұлтан бегім кесенесі мен түстен кейін Түркістан қаласындағы рухани – мәдени орталығын тамашалады.
«Керуен Сарай» көп функционалды ойын-сауық орталығы, «Ұлы дала елі орталығы», «Visit Turkistan». Жалпы жаңарған Түркістанның келбетін тамашалап, керемет сезімге бөленіп қайтты.