АБАЙ АУДАНЫ БИЫЛ ЭЛЕКТР ЖӘНЕ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҒЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

Қала әкімінің есепті кездесуінде Абай ауданының әкімі Б.Парманов ауданның инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылу барысы туралы айтты.

Осы жылы аудан тұрғындарын ауыз сумен қамту 100 пайызға жеткізу жоспарланған. Бұл мақсатта Құрсай (Арғымақ) шағын ауданында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Нұршуақ, Батыс, Жаңаталап елдімекендерінде құрылыс жұмыстары осы жылы ақталып, электр желісімен қамтылу көрсеткіші де 100 пайызға жетеді.

Биыл табиғи газбен қамту көрсеткіші 91 пайызға жетеді. Осы мақсатта Көкбұлақ, Батыс, Арғымақ, Ақжар, Ақтас, Ақтас-2, Нұршуақ елдімекендерінде құрылыс жұмыстар басталды, жыл соңына дейін аяқталады. Нұршуақ тұрғын алабындағы жұмыстар келесі жылға өтпелі.

27 мың халқы бар Самал-3 және 6300 халқы бар Солтүстік-батыс шағын аудандары осы жылы кәріз жүйесімен қамтылады. Қамтылу көрсеткіші 41,4 пайызға жетеді.

56,5 шақырымды құрайтын 39 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан туры бір жыл бұрын аудан әкімі Б.Парманов қала әкімдігінің «Instagram» және Facebook парақшасында өткен тікелей эфирде аудан тұрғындарының 71% сапалы ауыз сумен қамтылып отырғанын мәлімдеген еді.

Оның айтуынша, ұңғыма және тасымалды ауыз су пайдаланып отырған 10 елді мекеннің 8-де  2021 жылы ауыз су құрылысы жүргізіліп, нәтижесінде 25 мыңға жуық тұрғын таза сумен қамтылады. Оның ішінде 4 елді мекеннің тұрғындарына ауыз су жүйелерін қосу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда: «Игілік», «Қызылжар», «Көкбұлақ», «Тәуелсіздікке 20 жыл». Қалған 4 елді мекеннің яғни, «Жаңаталап», «Ынтымақ-2», «Жаңа Тұрлан», «Солтүстік саяжай» (Нұршуақ) құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталуы керек еді. 2022 жылға өтпелі екі елді мекеннің (Ақтас-2, Құрсай) ЖСҚ-н дайындауға – 48,6 млн. теңге бөлініп, «Ұлмад» ЖШС тарапынан жоба дайындалды. 2021 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.Бір сағатқа созылған тікелей эфирді 1500-нан астам қала тұрғыны қарады. Осы уақыт ішінде аудан тұрғындары тарапынан ауыз су, газбен қамту, сапалы электрмен қамту және жол мен қоғамдық көлік мәселесіне қатысты 100 ден астам сұрақтар келіп түсті. Аудан әкімі сауалдардың көпшілігіне толық жауап беріп өтті.

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.