
Кеше Абай дүниеге келген өңірде Түркістан облысының мәдениет күндері басталған-ды. Мерекелік шараға Абай облысының әкімі Берік Уәли арнайы қатысып, түркістандықтарға ерекше ризашылығын жеткізді. Қос өңір арасындағы рухани-мәдени ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.
Семей қаласындағы «Арена» кешенінде өтіп жатқан ауқымды іс-шараның мәнін Түркістан облысының Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев пен Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ермұхаммед Құралбеков таныстырып өтті. Абай жұртшылығына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің сәлемі мен ыстық ықыласын жеткізді.
Екі күнге жоспарланған ауқымды іс-шара аясында Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінен құралған жәрмеңке ұйымдастырылып, Абай еліне 540 тоннадан астам көкөніс, бақша, жеміс-жидек, балық және өңделген тағам өнімдері жеткізілді. Тұрғындарға сапалы өнімдер қолжетімді бағада сатылып жатыр.
Мәдени күндер аясында Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның концерттік бағдарламасы өтіп жатыр. Бағдарламада қазақтың ұлттық болмысын айшықтайтын фольклор мен патриоттық рухтағы әндер, классикалық композициялар, би және вокалдық шығармалар көпшілікке ұсынылуда. Сонымен қатар қолөнер бұйымдарының көрмесі көпшіліктің ерекше қызығушылығына ие болды.
Түркістан – сан ғасырлық тарих пен мәдениеттің алтын бесігі, ал Семей – қазақ руханиятының күре тамыры. Екі өңірдің өнері мен салт-дәстүрі тоғысқан бұл шара қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Ұлт руханиятын ұлықтаған Түркістан керуені бүгін де жалғасын тауып, Абай облысындағы Түркістан облысының мәдени күндері қорытындыланды. Хакім Абайдың 180 жылдығына арналған іс-шара Семей қаласында жоғары деңгейде өтті. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің қолдауымен жолға шыққан мәдени керуен абайлықтардың алғысына бөленді.
Мерекелік шараның алғашқы күнінде Абай облысының әкімі Берік Уәли арнайы қатысып, алғашқы болып өткізген түркістандықтарға ерекше ризашылығын жеткізді. Қос өңір арасындағы рухани-мәдени ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Екінші күні Абай облысы әкімі аппаратының басшысы Эльдар Бақпаев арнайы қатысып, іс-шараға атсалысқан бірқатар азаматтарға Абай облысының әкімі атынан алғыс хаттарды табыстады.
Екі күн бойы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, Түркістан өңірінің табиғи әрі сапалы өнімдері нарықтағыдан төмен бағамен саудаланды. Жәрмеңкеге 540 тоннадан астам, 40-қа жуық өнім түрлері (көкөніс, бақша, жеміс-жидек, балық және өңделген тағам өнімдері) жеткізілді. Мәдени күндер аясында қолөнер шеберлерінің көрмесі мен Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның концерттік бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылды. Жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары ризашылықтарын білдірді.
Айта кетейік, жалпы онкүндік аясында ақын мұрасын дәріптеуге бағытталған ғылыми-практикалық конференциялар, поэзия кештері, театрландырылған қойылымдар, кітап көрмелері, ашық аспан астындағы кино көрсетілім, ерекше концерттер, Абай оқулары, жас ақындар мүшәйрасы мен «Адамзаттың Абайы» атты ақындары айтысы, «Жеті қазына» өтеді. Ал Абай күнінде Қарауылтөбеде бірқатар іс-шара өтіп қорытындыланады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
