Адами әлеуетті дамыту басқармасының апта ішіндегі атқарған жұмыстарына шолу жасалынды

Апталық аппарат отырысында Басқарма басшысы Дінислам Болатханұлы биыл облыста 59 мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 20 млрд. теңгеден астам қаржы қаралғандығын баяндады.
«Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру үдерісі» тақырыбында республикалық семинар өтті. Алқалы жиында сапалы білім, саналы тәрбие беру және әлеуметтендіру маңыздылығы талқыланды.
«WORLDSKILLS TURKІSTAN-2022» облыстық чемпионаты өтті. Нәтижесінде, 55 алтын, 19 күміс, 15 қола медаль және «Үздік кәсіп иесі» атағына ие болған 34 ерекше медальон иегерлері марапатталып, 8 студент кәсіпорындарға жұмысқа жолдама алды.
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен «Оқу жылы қорытындысы: жағдайы, мәселелері, перспективалары» тақырыбында жиын өтті.
Балаларды қорғау күні мерекесінде Түркістан қаласында алғаш рет «Жұлдызай» инклюзивті балалар шығармашылығы фестивалі өтті. Қайырымдылық фестивалінің гала-концертіне 200-ге жуық бала қатысты.
«Балалар жылы» аясында Түркістан облысында өткізілетін «TURAN-BALAFEST» онкүндігі өткізілді. Ауқымды іс-шара 1 маусым «Балаларды қорғау күніне» қорытындыланды.
Қазығұрт ауданы тұрғындарымен кездесуде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Жаңабазар, Қаржан елді мекендерінде 3 мектеп пайдалануға берілгендігін мәлімдеді.

Ad Widget

Recommended For You