Түркістандық іргелі оқу орны алғаш рет ең үздік 1000 университет қатарына енді

Yasawi университеті жыл сайын жарияланатын беделді университеттер рейтингі QS World University Rankings 2023 бойынша биыл 714-ші орынға шығып, алғаш рет ең үздік 1000 университет қатарына енді. Бұл туралы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл осы аптадағы ең маңызды әрі қуанышты жаңалық болды! Оқу орнында бұдан өзге қандай шаралар өтті? Жауабы төменде:
 Университетте «Түркі халықтарының зияткерлік ойындары» орталығының тұсауы кесілді!
 «Спорт және өнер» факультетінің бітіруші студенттері жаңаша бағытта дипломдық жобаларын қорғады.
«Актёрлық өнер» мамандығының бітіруші студенттері “Әпендінің 5 қатыны” және “Жарқанат” қойылымдарын сахналады. Ал «Дизайн»мамандығының түлектері сахнаға арналған костюмдерді тікті.
Өткен аптада университеттке шетелдерден қонақтар келді.
Түркия Республикасы Президенті әкімшілігі жанындағы Ұлттық кітапхана директоры Айхан Туғлу мен аталмыш кітапхана директорының орынбасары Мете Устабулут арнайы қонақ болды.
 «Башқұрт мемлекеттік медицина университеті» жоғары білім беру федералды мемлекеттік бюджеттік оқу орнының мамандары келді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.