АРЫС ОҚУШЫЛАРЫ АБАЙ КҮНІН АТАП ӨТТІ

Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты «Аққала» жалпы орта білім беретін мектебінде челендж өтті. Шара Түркі әлемінің ортақ мақтанышы, қазақтың ұлы тұлғасы — Абай Құнанбайұлының 177 жылдық мерейтойына арнлады. Ұлы тұлғаға тағызым жасау мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Болысбек Перизат Жұмағұлқызы Абай күніне оқушылардың басын қосып челендж ұйымдастырды.

Абай Құнанбайұлы ғұлама ғалым, ойшыл ақын, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы.

Абай – дала философы. Абай шығармашылығы әлемдік туындылар қатарында орын алған халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы. Абай – қазақтың ұлы Абайы, жер жаһанның алыбы. Жас толқын үшін Абайдың өсиеттері мен өнері асыл қазына. Осы орайда оқушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтып, өзге мектеп оқушыларына жолдады.

Ad Widget

Recommended For You