
Арыс қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты М.Мәметова атындағы жалпы орта мектебіне ,,Зарлық Әулие” қоры азаматы Сариев Ескер келіп, Қамқоршылық кеңес төрағасы М.Оразалиев және мектеп директоры Ғ.Оңалбаев ұйымдастыруымен ауыл азаматтары арасынан көп балалы отбасыларының әлеуметтік жағдайына қарай мектепке киім кешек алуға қаржылай көмектерің 6 отбасына беріп кетті ақшалай.
Қаржы әр оқушыға аяқ киім, сөмке, ақ жейде, мектеп формасы және өзге де қажетті киімдерді сатып алуға жетеді. Қуаныштан жүздері жайнаған оқушылар мен ата-аналар қиын-қыстау кезеңде көмек қолын созған жомарт жандарға алғысын білдірді.
Бүгінде Арыстағы 16 мектепте әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 2 мыңға жуық оқушы бар. Олардың бірқатарына «Мектепке жол» акциясы және демеушілердің көмегімен қолдау көрсетіліп жатыр.