«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ШЫМКЕНТТІҢ БАС ЖОСПАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Шымкент қаласы бас жоспарының жобасын талқылау жұмыстары қызу түрде жүріп жатыр. Бүгін оған қатысты өздерінің ой-пікірін білдіруге Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы Шымкент қалалық филиалының белсенді мүшелері келді. Арасында белгілі сәулетшілер және қаланың дамуына үлес қосқан азаматтар бар.

–Шымкент қаласының дамуы бәріміз үшін үлкен маңызға ие. Ал, бас жоспар дұрыс жасалса, онда қалада экономика да, өнеркәсіп те, ауыл шаруашылығы да орнықты дамиды. Ең бастысы, бұл құжат халықтың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруіне ықпалын тигізеді. Сондықтан, жергілікті биліктің бас жоспардың жобасын қоғамның ашық талқылауына шығаруы орынды шешім дер едім. Біз «Ауыл» партиясының атынан осы мәселеге қатысты ой-пікірлеріміз бен ұсыныстарымызды жеткізу үшін жиналып отырмыз, – деді «Ауыл» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Қанатбек Досалиев.

Бас құжаттағы маңызды тұстың бірі – инженерлік инфрақұрылымды, жол салуды дұрыс жоспарлау. Соңғы бас жоспар жасалған кезде қала тұрғындарының саны басқаша еді. Жыл сайын демография және көші-қон факторларының есебінен Шымкент тұрғындарының саны көбейіп келеді. Бұған қоса көлік кептелісін азайтып, жолдарды дамыту маңызды. Осы бағытта тиісті жұмыстар атқарылып, барлық жұмыс жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Жалпы Шымкент заманауи мегаполис талабына сай келетін қала атанады деп жоспарлап отыр.

Айта кетейік,  Шымкенттің бұған дейінгі бас жоспары 2012 жылы бекітілген. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бас жоспар 2035 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Жобаны әзірлеу үшін мамандар қаладағы 117 мың гектар аумаққа түгел топотүсірілім жасап, 1:10 000 масштабпен картаға енгізіпті. Бұл жұмыстардың тағы бір ерекшілігі – барлық сызба заманауи талаптарға сай келетін векторлы форматта жасалған. Осылайша алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылып, Шымкент заманауи мегаполис талабына сай келетін қала атанады деп жоспарланып отыр.

«Anyq.kz» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.