Түркістан қаласы Адами әлеуетті дамыту бөлімі ашық аспан астында сурет салудан байқау өткізді

Түркістан қаласы Адами әлеуетті дамыту бөлімі «Оқушылар сарайы» «2022 жыл – Балалар жылына» Open Air «Бақытты балалық шақ» атты сурет салу фестивалін өткізді. Шараға облыс әкімінің орынбасары С. Амангелдіұлы, облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Д.Болатханұлы, Облыстық мәслихат депутаты, “Іскер әйелдер” қауымдастығының төрайымы И. Әбдіғаппарқызы және қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы О.Шайқықызы, сондай-ақ әр мектептен келген 100-аса бала қатысты.
💨С.Амангелдіұлы: “Биылғы жылды президентіміз “Балалар жылы” деп жариялады. Еліміз бойынша бала саны ең көп аймақ — біздің облысымыз. Осы жылдың аясында қазір облысымызда түрлі шаралар өтіп жатыр. Бүгін өтіп жатқан “Сурет салу” бауқауы балалардың дамуына, шығармашылығына өте пайдалы”.
🌈Ашық аспан астында өткен байқауға әр мектептен келген дарынды балаларға Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі Омар Базарбайұлы, ХҚТУ, Бейнелеу өнері кафедрасының магистр оқытушысы Нұржан Ержанұлы, Түркістан Қолөнер мектебі, Сурет пәні мұғалімі Сейфулла Бахтиярұлы және «Оқушылар сарайы» Сурет үйірмесің жетекшісі Мұрат Нұрмағанбетұлы қазылық етіп, бағалады.
⚡️Нәтиже бойынша:
✨Асфальтқа сурет салу:
І орын – № 27 Ө.Жәнібеков мектебі
ІІ орын – «Оқушылар сарайы»
ІІ орын – № 31 Абай мектебі
ІІІ орын – № 8 Н.Төреқұлов мектебі
ІІІ орын — № 18 Ж. Еділбаев мектебі
ІІІ орын — № 19 Төле би мектебі
«Ерекше шығарма» номинациясымен — № 10 Әл-Фараби мектебі
«Қызықты шығармашылық шешім» номинациясымен – № 1 А.Байтұрсынов мектебі
«Ұйымшыл үжым» номинациясымен — № 20 Р.Исетов мектебі
«Ең жарқын көрініс» — № 21 М.Пошанов мектебі
«Позитивті көзқарас» — № 3 Әмір-Темір мектебі
✨Мольбертке сурет салу:
І орын – Бақдәулет Арай № 22 Б.Момышұлы
ІІ орын — Сайлауова Арайлым № 8 Н.Төреқұлов мектебі
ІІ орын – Тасболат Сағыныш №12 Қ.Сәтбаев мектебі
ІІІ орын – Айтбай Мереке № 17 Ататүрік мектебі
ІІІ орын – Жұмабек Диана № 1 А.Байтұрсынов мектебі
ІІІ орын – Мұратов Нұрсейіт № 13 Ә.Науаи мектебі
«Жас суретші» номинациясымен – Макканова Сабрина
«Жаңашыл суретші» номинациясымен – Жоқан Ақерке № 19 Төле би мектебі
«Ең креативті жұмыс» номинациясымен – Ұлықбекова Гүлназар Е.Изатуллаев мектебі
«Шебер суретші» номинациясымен – Шәмшиддин Жандос № 18 Ж. Еділбаев мектебі

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.