Достар, естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы тек «Құқық» білім беру саласы бойынша шекті балл өзгертіліп, оқуға қабылдану үшін кемінде 75 балл жинау қажет еді.
Қалған білім беру салалары бойынша шекті балл деңгейі өзгеріссіз қалды. Атап айтқанда,
«Педагогикалық ғылымдарға» – кемінде 75 балл,
«Денсаулық сақтау» білім беру саласына – кемінде 70 балл,
«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар»,
«Ветеринария» білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл.
Сондай-ақ Ұлттық ЖОО-ларға – кемінде 65 балл, ал басқа ЖОО-ларға – кемінде 50 балл.
ӘР ПӘН БОЙЫНША ШЕКТІ БАЛЛ – 5 БАЛЛ.
МАҢЫЗДЫ: Әр ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ білім беру бағдарламары тобы бойынша өз шекті балын белгілейді.
ЖОО-лардың белгіленген шекті балдарымен UTO Telegram арнасында таныса аласыздар.