БАЛАЛАР ҮЙІ МЕН МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Биылғы күрделі жөндеуден өтетін білім ұйымының бірі — №3 балалар үйі. Аталған балалар үйі 1937 жылы ашылған. Бүгінде мекемеге тиесілі 9 ғимараттың 6-ы сараптама қорытындысына сәйкес жарамсыз деп танылған.

Қала әкімі білім нысандарын аралау барысында №3 балалар үйін күрделі жөндеу жұмыс барысын тексерді.

Екі қабатты ғимараттың едендері мен есік-терезелері ауысып, шатыры жөнделеді. Тозығы жеткен электр жүйесі, су құбыры мен кәріз және жылыту жүйелері жаңарады.

Балалар үйіндегі негізгі ғимарат 1964 жылы пайдалануға берілген. Сыйымдылығы 50 орынға лайықталған. Балалар үйінің негізгі ғимаратының ішкі бөлмелерінде және сыртқы

 Қазір мұнда 47 бала тәрбиеленуде. Осы жылдың сәуір айында жөндеу жұмысы басталғаннан балалар №4 балалар үйіне орналастырылған.

—Балалар үйінің жөндеу жұмысы жоғары деңгейде, әрі сапалы болуы керек. Өйткені балалар —біздің болашағымыз. Олардың мұнда өсіп, білім алуында ешқандай кедергі болмауы қажет.  Көбіміздің ата-анамыз бар болса,  мұндағы балалардың қамқоршысы мемлекет,—деді қала әкімі.

Қазір жалпы жұмыстардың 40 пайызы орындалған. Пайдалануға беру мерзімі қазан айына жоспарланып отыр.

Келесі нысан – 45 мектеп-гимназиясы болды. Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов  № 45 мектеп-гимназиясының жанына салынып жатқан қосымша құрылыстың жұмыс барысымен танысты. Құрылыс Ш. Қалдаяқов көшесінің бойында 1,2909 га жер аумақта жүргізілуде.

300 орындық жапсарлас ғимараттың бас мердігері – «ЖАҢА АРНА 2002» ЖШС-ы. Жоба бойынша мұнда жаттығу және гимнастикалық сабақтарға арналған спорт залы қарастырылған. Әрбір сынып 25 оқушыға шақталған 12 сынып болмақ. Сонымен бірге қосымша 33 жаңа жұмыс орны құрылады. Құрылысы наурыз айында басталған,  келесі жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Шаһар басшысы құрылыс жұмыстарын мерзімінде әрі сапалы орындалуын тапсырды.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

5 Comments

  1. Le logiciel de surveillance de téléphone portable CellSpy est un outil très sûr et complet, c’est le meilleur choix pour une surveillance efficace des téléphones mobiles. L’application peut surveiller divers types de messages, tels que les SMS, les e-mails et les applications de chat de messagerie instantanée telles que Snapchat, Facebook, Viber et Skype. Vous pouvez afficher tout le contenu de l’appareil cible: localisation GPS, photos, vidéos et historique de navigation, saisie au clavier, etc. https://www.xtmove.com/fr/how-to-see-what-someone-is-doing-on-their-phone-without-them-knowing/

  2. Wow that was odd. I just wrote an very long comment but after I clicked submit my comment didn’t appear.
    Grrrr… well I’m not writing all that over again. Regardless,
    just wanted to say superb blog!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.