БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ БІР КҮНДІК МІНДЕТІН АТҚАРДЫ

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының орнына әлеуеметтік желі белсендісі, ұстаз Бауыржан Айтжанұлы Ниязбеков басқарма басшысының біркүндік міндетін атқарды. Бұл шара «23-маусым Мемлекеттік қызметкерлер» күніне орай «Өзін-өзі басқару» негізінде Түркістан облысының әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылып отыр.
Бауыржан Ниязбеков таңғы сағат 9-дан бастап өз жұмысына кірісті. Әуелі Басқарма басшысы Дінислам Болатханұлының қабылдауында болды. Сонан соң басшы, өз орнына отырғызды. Бір күндік шенеунік әдеттегідей басқарманың бөлім басшылармен өткізілетін жоспарлы жиналысына қатысты. Онда жазғы мектептің қорытындысы сұранып, 1-сыныпқа қабылдау ісі жан-жақты пысықталды. Орта білім колледждерге қабылдау жұмыстарының дайындығы қалай жүргізіліп жатқандығы сөз болды. Осылайша күн тәртібінде тұрған мәселелер қаузалып, жұмыс барысымен танысты.
Бұдан бөлек, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалымен өткен бейнеконференцияға қатысты. Сонымен қоса, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының барлық бөлімдерінің жұмыс бабымен танысып шықты.
— Бұл бастаманы естігенде, қуана қабыл алдым. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының жұмыс барысымен толық таныстым. Қызметшілері де барынша қолдап, сәттілік тіледі. Түрлі жиындар мен бас қосуларға қатыстым. Өзімнің тарапымнан мынадай ұсыныс айтар едім. Басқарма басшыларының міндетін атқарушы емес, мемлекеттік қызметкермен бір күн деген сынды мазмұнда өткізілсе. Себебі, басқарма басшысының міндетін атқарып, маңызды құжаттарға қол қойып, шешім шығару мүмкін емес, — дейді басқармадағы бір күндігін осылайша қорытындылаған Бауыржан Айтжанұлы.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.