Бүгін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов облысымызға іс-сапар барысында Ордабасы ауданындағы білім беру мекемелерінің жұмысымен танысып, ұстаздар қауымымен кездесті.
Темірлан жалпы орта және Қарсыбай Сыпатаев мектептерінің техникалық базасын аралап көрген Асхат Қанатұлы жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына жағдай жасау керектігін айтып өтті. Сондай-ақ, аталған мектептің кітапхана мен денешынықтыру бағытындағы базасының жұмысымен танысып, өзекті мәселерін тыңдады.
Айта кетерлігі, жұмыс жоспары бойынша келген Асхат Қанатұлы білім саласының басшыларына алдағы жаңа оқу жылына білім беру ұйымдарын сапалы дайындауды тапсырды.