«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен «Nur Otan» партиясы активінің бейнеконференция мәжілісі өтті.
Жиын барысында Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорымен атқарылып жатқан жұмыстар мен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың төтенше жағдай кезінде халықты әлеуметтік қолдау шаралары, партия Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбектің Шымкентке жасаған іссапарында және ҚР Премьер-министрі А.Маминнің азаматтарды қабылдау кезінде берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды.
Жиында сөз алған «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б. Нарымбетов «BizBirgemiz» республикалық акциясы мен «Birgemiz» қоғамдық қоры аясында атқарылған жұмыстарды баяндады.
««Birgemiz» республикалық қоғамдық қорынан 40 мыңнан аса қала тұрғынының жеке есепшоттарына 50 мың теңгеден жалпы 2,8 млрд теңге қаражат аударылды. Ал «BizBirgemiz» акциясы аясында 8 мыңнан аса отбасы азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз етілді және 1 млн маска тегін таратылды. Қаладағы су басу апатынан зардап шеккен «Елтай» елдімекеніндегі 60 отбасыға азық-түлікпен гигиеналық заттар таратылды»,-деді Б.Нарымбетов.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.