«БІЗ ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚТЫ ТАҢДАЙМЫЗ»

26 маусым — Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күні.
Қазығұрт ауданы аумағындағы халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің, Қаазығұрт аудандық Қ.Өмірәлиев атындағы орталық ктапханасы және «Шапағат» жастар орталықтарының бірлесіп ұйымдастыруымен «Біз есірткісіз болашақты таңдаймыз» акциясын өткізді. Акция барысында тұрғындарға ғасыр індетіне айналған есірткінің зияны мен зардабы түсіндіріліп, тұрғындарға брошюралары таратылды.
Жастар үн парақшаларын тарату барысында “Есірткіге ЖОҚ деп айтуға тұратын 10 себеп қандай?”, “Нашақорлықтың салдары”, “Есірткіден қалай бас тартуға болады”, “Бас тарту тактикасы” жайлы халыққа түсінік берді. Сонымен қатар, нашақорлық қазіргі таңда қоғамның дерті болып тұрған қауіпті індет екенін айтып, жастарымызға жаман әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Бәрі өз қолыңда: Есірткі тозағынан өзіңді сақта!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.