«БІЗ — НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ»

Отырар ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 26 маусым Нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай, салауатты өмір салтын насихаттау және достықты нығайту мақсатында, «БІЗ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ» атты ұранмен аудан, қала Жастар ресурстық орталықтары қызметкерлері арасында кіші футболдан ашық біріншілік өтті.
Жарыстың ашылу салтанатына арнайы келген Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмахановтың алғы сөзімен бастау алып, одан әрі ашық біріншіліктің бас төрешісі Райымжан Әбдірайымов сайысқа қатысушы командаларға ойын ережесін таныстырып өтті.
Алаңға алғаш шыққан Сарыағаш және Төлеби ауданының жастар командасы тартысты ойын көрсетті. Сондай-ақ, Бәйдібек ауданы мен Түркістан обылысының жастары және Мақтаарал ауданы мен Арыс қаласының және Қазығұрт ауданы жастарының ойындары да көпшілікті тәнті етті.
Тартысты ойын нәтижесінде, Мақтаарал ауданы 1-ші орынға ие болса, 2-ші орынды Жетісай ауданы, 3-ші орынды Сарыағаш ауданы иеленсе, үздік төрттікті Қазығұрт ауданы түйіндеді. Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Сағи Қыпшақбаев аталмыш турнирдің «Үздік ойыншысы» атанды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.