МАГИСТРАНТ АТАНУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ ҚАЖЕТ?

Сіздер 2022 жылғы кешенді тестілеуге (КТ) тіркелдіңіздер ме? Тіркелу бағдарламасы өтініштерді 15 шілдеге дейін ғана қабылдайтынын ескертеміз.
Бұл күннен кейін БАЗА ЖАБЫЛАДЫ.
Бүгінгі танда республика бойынша 7,5 мың өтініш келіп түсті.
Егер де Сізге КТ тапсыру қаласына немесе тіліне, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тобына өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда база жабылғанға дейін өтінішті жойып, қайтадан өтініш беруге мүмкіндік беріледі.
Электронды поштаңызға немесе телефон нөміріңізге SMS-хабарлама жіберілмейді, сондықтан Жеке кабинетіңіздегі ақпаратты өткізіп алмаңыздар.
Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат 18 шілдеде Жеке кабинетіңізде «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді болады.
Түсушілер магистратураны бакалавриатты бітірген білім беру саласына қарамастан басқа да даярлау бағыттары бойынша оқи алады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.