Д.ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫ ЖАРТЫЛАЙ АШЫЛДЫ

Бүгін Д.Қонаев даңғылының жалғасы көлік қозғалысы үшін ашылды. Бүгінде аталған нысанда құрылыстың ІІІ кезеңі жүріп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Қонаев даңғылының құрылысын бақылап, жұмыс барысын тексерді. Д.Қонаев даңғылы қаладағы көлік ағыны жоғары магистралды жолдың бірі. Қазіргі сәтте құрылысы аяқталмаған даңғылдың Терешкова көшесінен Бекет көшесіне дейін аралығы көлік ағынын оңтайландыру үшін іске қосылып отыр. Құрылыс жобасы бойынша Қонаев даңғылының ІІІ кезеңінде ұзындығы 561,2 метр, ені 42 метрді құрайтын жол салынады. Жобаның үшінші кезеңі 2020 жылы басталып, жұмыс шеңберінде теміржол мен жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды. Сондай-ақ, жол жиегіндегі инженерлік жүйелерді ауыстырылады. Құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында тұрақты түрде техникалық қадағалау эксперттері бекітілген. Ұлттық сапа орталығымен орындалған жұмыстар мен материалдарға сараптама жүргізіліп отырады. Естеріңізге сала кетейік, қала тынысы үшін маңызды болып табылатын Қонаев даңғылының Рысқұлов-Қонаев  бөлігі көлік қозғалысына өткен жылдың қазанында ашылды. Жолдың құрылысы мерзімінен 1 жылға ерте аяқталды. Жолдың ұзындығы — 1 030 ал ен 45 метр. Ол жерден енді тәулігіне 100 мыңдай көлік қатынай алады. 

Негізінде Қонаев даңғылындағы жолайырықты салу ісі жоба бойынша екі жылға жоспарланған еді. Бірақ қаладағы көлік кептелісін ескерген шаһар әкімі жол салу ісін 1 жылда аяқтау туралы тапсырма берген болатын. Соған сәйкес жұмыс күшейтілген тәртіп жүргізілді. Жер асты жолын салу үшін бірнеше инженерлік жүйелер атап айтқанда су, газ, электр жарығы, байланыс желілері ауыстырылды. Жалпы жол айрықтың көлік өткізгіштігі тәулігіне 141 720  құрайтын болады. Бұдан бөлек, биыл 190 нысан немесе 352 шақырым жолда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін оның 271 шақырымынан астамын пайдалануға беріледі деген жоспар бар. Қалған жолдың құрылысы келер жылға өтпелі.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.