Д. ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫ ҚҰРЫЛЫС КЕЗЕҢДЕРІ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

Шымкент әкімі М.Әйтенов Қонаев даңғылындағы құрылыс жұмыстарының барысын да тексерді.

Д.Қонаев даңғылының 5 кезеңіндегі құрылыс жұмыстары Бадам өзенінен бастап Д.Қонаев даңғылы жалғысының 6 кезеңіне дейін аралықты қамтиды.

Құрылыс жобасы бойынша Д.Қонаев даңғылы 5 кезеңінің ұзындығы 4,6 шақырым, жолдың ені 23 метрді құрайды. Жолдағы салынып жатқан аяқжолдың ені 3 метр, 6 қозғалыс жолағы бар. 5 кезеңнің жұмыс шеңберінде жол негізін әзірлеу, тас төсеу, суағарларды орнату, су өткізгіш құбырын орнату жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, құрылыс белдеуіндегі инженерлік желілерін ауыстыру жұмыстары жоспарланған.

Сонымен қатар, Д.Қонаев даңғылында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың бірі — тірек қабырғаларын орнату. Оның ұзындығы оң жағынан 1620 метрді құрайды. Сол жағынан 1689 метр. Биіктігі 0,6 метрден 14,25 метрге дейін.

Қаладағы шығыс айналма жолы құрылысы қарқын алған. Бүгінде айналма жолдың құрылыс жұмыстары қарқынды. Нысанның құрылысы 2021 жылы басталған. 1-кезеңі №1 автожолынан Әл-Фараби көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Айналма жолдың ұзындығы — 3,9 шақырым, 4 жолақты және ені — 60 метр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 28% орындалды.

Шаһар басшысы жұмыстардың межеленген мерзімде және жоғары сапада орындалуын тапсырды.

Сондай-ақ, шаһардың шақырым жолына асфальт төселді. Қала әкімі М.Әйтенов Базарқақпа тұрғын алабына барып, жөндеуден өткен жолдардың сапасын тексерді.

Айта кетейік, 2022 жылы жоспарланған 308 көшенің бүгінгі таңда 155 шақырым болатын 190 көшесінде жұмыстар толығымен аяқталды. Осылайша, асфальт жол үлесі 67,4 пайызға жетеді. Ал, қалған көшелерді 2022 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған.

Бұдан бөлек, 13 нысан жаңа жолдың құрылысы, 5 нысанда қайта құру жұмыстары, 3 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, биыл жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы ауқымды 5 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы автомобиль жолдары саласында 137 нысанда (189,7 шқ) жөндеу жұмысы аяқталған. 

 

«Аnyq.kz» – ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.