![](https://anyq.kz/wp-content/uploads/2022/07/whatsapp-image-2022-07-21-at-17.21.47-880x528.jpeg)
Бұл туралы Шымкент қалалық денсалулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында министр қаладағы Жүрек орталығы, емхана мен перзентханадағы медициналық қызмет сапасын бақылап, медицина қызметкерлерімен сұхбаттасты.
Жүрек орталығында болған А.Ғиният кардиохирургия бөлімшесін аралап, емдеу мекемесінің ота жасайтын мүмкіндіктерін көріп шықты. 158 төсекке есептелген қалалық жүрек орталығы алғашқы медициналық көмек нысандарының бірі. Орталық стационарлық түрде мамандандырылған, жоғары технологиялық кардиологиялық, кардиохирургиялық, аритмологиялық, эндоваскулярлық медициналық көмек көрсетіледі.Жыл басынан бері мұнда 3 мыңға жуық науқас емделіп, ашық жүрекке 306 операция жасалды.
Мұнан кейін Денсаулық сақтау министрі қалалық №4 емхананы аралады. Бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін ұйымда 39970 халық тіркелген.
Сондай-ақ Ажар Ғиният қалалық перзентханы аралап, ана мен балаға көрсетілетін медициналық қызмет барысымен танысты. Қалалық перзентханада жыл сайын 11 мыңнан астам нәресте дүниеге келеді. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін мұнда жылына 12 мыңнан астам ананың босануына жағдай жасалып отыр. Қазіргі таңда аталған мекемеде 53 білікті дәрігер, 171 орта, 87 кіші медперсонал жұмыс істейді. Қала тұрғындарына 153 төсек-орындық стационар қызмет көрсетуде. Қалалық перзентхананың 6 ғимараты 2021 жылы күрделі жөндеуден өтті. Оған бюджеттен 1,7 млрд теңге қаралған-ды. Нысан толықтай соңғы үлгідегі медициналық қондырғылармен жабдықталған, заман талабына сай. 2021 жылы 41 медициналық құрал-жабдық (22-і жергілікті бюджет есебінен) сатып алынды.
Айта кетейік, Шымкент қаласы демографиялық өсу көрсеткіші бойынша республикада алда келеді. Ұлттық статистиканың мәліметінше, демографиялық өсім жағынан Шымкент мегаполистер арасында көш бастап тұр.
Hi there! I understand this is somewhat off-topic but I needed to ask.
Does operating a well-established blog like yours
require a large amount of work? I am brand new to blogging however
I do write in my journal every day. I’d like to start
a blog so I will be able to share my own experience and thoughts
online. Please let me know if you have any ideas or tips for
new aspiring blog owners. Appreciate it!
Hello! I just wanted to ask if you ever have any issues
with hackers? My last blog (wordpress) was hacked and I
ended up losing several weeks of hard work due to no back up.
Do you have any solutions to prevent hackers?
https://solo.to/kobet1
http://www.mommyforyou.co.kr/bbs/board.php?bo_table=free&wr_id=53944
https://www.humansoft.co.kr:443/bbs/board.php?bo_table=free&wr_id=839797
https://topins.kr/bbs/board.php?bo_table=free&wr_id=76582