САРЫАҒАШ: ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН ЖАРЫСҚА ҚАТЫСТЫ

Балалар жылына орай Сарыағаш қаласында  IV жазғы ауыл спорт ойындары аясында дзюдо күресінен жарыс өтті. Оған ауданымыздың барлық өңірінен командалар келді. Ойындар барысында 2007-2008 жылдарда дүниеге келген жасөспірімдер сынға түсті. Барлық ауданнан келген өрендер спорттың дзюдо түрінен шеберлік байқасты. Түркістан облысы чемпионатында «Болашақ» м/г оқушылары қатысты. Жалпы командалық есепте Қазығұрт ауданы командасы жүлделі – III орынға ие болды.

Нәтижесінде Үсенов Ерік 50 кг, жүлделі – I орынды, Әмірәлі Бексұлтан 50 кг, жүлделі – III орынды, Үсенов Берік 55 кг, жүлделі – III орынды, Сейдулла Дінислам 60 кг, жүлделі – III орынды иеленді. Жаттықтырушысы – Наушабеков Нұрболат. Қазығұрт ауданының спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді. Үсенов Ерік Талдықорған қаласындағы чемпионатқа жолдама алды. Жеңіс құтты болсын!

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You