Университетіміздің «Экология» ҒЗИ-ның бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д. Гауһар Саинованың қос бірдей шәкірті Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде докторлық диссертацияларын абыроймен қорғап, дипломдарын алды. Олар — Байхамурова Мөлдір (Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ нысаналы докторанты) және Нұрымжан Аубакиров.
Мөлдір Байхамурованың зерттеу такырыбы, «Түркістан ауданының сұр топырағының агрохимиялық қасиеті мен ферменттік белсенділігіне экологиялық факторлардың әсері»
Ал Нұрымжан Аубакировтың докторлық диссертациясының тақыбыры, «Түркістан көне қаласы мен Арыстанбаб кесенесінің тарихи-архитектуралық кешендерін сақтау мен қорғаудың экологиялық тұрғыда негізделген әдістері»
Жетекші Гауһар Саинова мен диплом иегерлерін құттықтаймыз!