ЕЛІМІЗДІҢ БАС ПЕДАГОГЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮР

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Түркістан облысында іс-сапармен жүр. Еліміздің бас педагогы халықпен кездесіп, білім саласындағы өзгерістер жайлы түсіндіріп,есеп бермек.  Сондай-ақ,  Асхат Аймағамбетов облыстағы білім ахуалымен танысады. Сондай таныстық жұмыстарының бірі Түркістан облысындағы алты ауылда өтті.  Жеті мектептің жұмысымен танысқан бас педагог екі мектеп басшысының жұмысына төмен баға берді. Өз құзыреттеріндегі міндеттерін орындауына және қажетті жұмысты ұйымдастыруларына қатысты сұрақтараға жауап бере алмады олар.  Сондай-ақ мектептердің біріндегі кітапханашыға «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша атқарып жатқан жұмысы үшін алғысын жеткізді. Тағы екі мектепте осы жоба бойынша жұмыс тиісті деңгейде емес екенін атап айтты. Мектеп басшыларының аттестациядан өту мерзімі өтіп кетсе де, кейбір облыс аудандарында 5 жылдан астам уақыт бойы аттестация өткізілмегенін тілге тиек етті. Осы облыстың басқа да білім беру ұйымдарының жұмысы жалғасын таппақ.

«Anyq.kz» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

3 Comments

  1. 617580 785285Oh my goodness! an superb article dude. Thanks a great deal Even so Im experiencing issue with ur rss . Do not know why Struggle to register for it. Can there be any person finding identical rss concern? Anyone who knows kindly respond. Thnkx 900213

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.