
Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі «Өзін-өзі басқару парламенті фракциясының» жастары және оқытушылары Елтаңба авторы белгілі сәулетші, Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Барыс орденінің иегері Жандарбек Мәлібековпен онлайн түрде жүздесу өткізді.
Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің студенттеріне Жандарбек Мәлібеков Елтаңбаның шығу тарихын айтып берді. Сонымен қатар, студент жастарға сәттілік тіледі.
Мұндай шаралардың жастардың бойына жігер, сенім ұялатары анық.