5-6 тамыз аралығында Шымкент қаласында Тамыз кеңесі аясында республикалық қосымша білім беру форумы өтті.
Бүгін Түркістан Қаласы-на арнайы келген форум қатысушылары облыс орталығындағы Түркістан Оқушылар Сарайы-ның жұмысымен танысты. Республикамыздың барлық аймағынан келген қонақтарға Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова ізгі тілегін арнап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, оқушылар сарайының директоры Индира Икапова мектептің тыныс-тіршілігімен таныстырса, оқушылар көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынды.
ЖАЛПЫ ФОРУМНЫҢ ӨТКІЗІЛУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ
Форум барысында халықаралық тәжірибені ескере отырып, балаларға қосымша білім беруді дамытудың негізгі бағыттары мен перспективаларын, жаңа технологияларды қолдануды ескере отырып білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту мәселелерін талқыланды.
Секция жұмысына жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары, мектептің өзін-өзі басқару үйлестірушілері, дебат клубтарының, ҮЕҰ басшылары, ата-аналар қоғамдастығы қатысты.
Тамыз кеңесінің секциясын өткізуді ұйымдастырушы тарап — Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.