2021 жылы Қазақстанда қазақ мектептерінің оқушыларына арналған «Jas leader Akademiiasy» Эксперименттік жоба «Болат Өтемұратов» қорының қолдауымен бастау алған болатын.
Болат Өтемұратов Қоры Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әкімдіктерімен бірлесе отырып «Jas leader Akademiiasy» бағдарламасы іске асты. «Балалар «Jas leader Akademiiasy» қосылу үшін жаңа оқу жылының басталуын асыға күтеміз. Бұл кешенді бағдарлама арқасында біз бірнеше жылдан кейін жастар арасында белсенді өмірлік ұстанымы бар, көздері ашық, өздерін көрсете білетін, дарынын тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемге жариялай алатын көшбасшылар тобын қалыптастырамыз», — деді Marat Aitmagambetov, Болат Өтемұратов қорының директоры.
Жоба жетекшісі, Жас көшбасшылар ұйымының директоры — Наталья Ивановна Бахмутова
Бағдарламаның мақсаты — 5-11 сынып оқушылары арасында көшбасшылық қабілеттерді қолдап, дамыту және мектепте оқытпайтын, бірақ сұраныстағы дағдыларды үйрету.
Қарым-қатынас дағдылары, аудитория алдында сөйлеу, уақытты жоспарлау және басқару, өзін-өзі таныстыру және өзіне деген сенімділікті дамыту — мұның бәрі балаларға «Jas leader Akademiiasy» бағдарламасында оқытылады. Қазіргі таңда Түркістан облысындағы 26 мектепте жоба жүріп жатыр. Атап айтқанда,Түркістан қаласында 20 мектепте, Кентау қаласында 2 мектепте, Төлеби ауданында 3 мектепте және Отырар ауданында 1 мектепте. Жоба аясында 5-11 сынып оқушылары арасында 7000 бала дәріс алып, түрлі
жобаларды жүзеге асыруда.
Жобаның негізгі бағыттары: бизнес, қоғамдық өмір(әлеуметтік қызмет), мектеп.
Жоба – ол әрдайым жаңа нәрсе.Барлық инновациялар түрлі мәселелерді шешуге бағытталған.Жобалар мәселелерді шешу үшін жасалады.
Мысалы: лас ойын алаңдары мен саябақтар, демалып жатқан адамдар қоқысты жәшіктің жанында қалдырып кетеді, балалар әткеншектерді сындырып, орындықтарға сурет салады, қоқыс лақтырады.
Шешімі: жасөспірімдер мен саябақта демалушылармен ақпараттық жұмыс жүргізу, қоғамдық сенбіліктерге шақыру.
Нәтижелері: жоба үшін таңдалған саябақ пен алаңдарда әрдайым сенбілік жүргізіледі (айына 1 рет), еріктілер балаларға қаладағы тазалықтың маңызы туралы әңгіме айтып, қызықты флешмобтар өткізеді (айына 3 рет), қоқыс әр жерде жатпайды. Сенбіліктер мен «тазалық» кездесулерінің тұрақты қатысушыларының позитивті ұстанымды қолдайтын қоғамы бар.
Мақсаты: 3 ай ішінде Түркістан қаласындағы алаңдар мен саябақтардың тазалығын қолдайтын белсенді қоғамдық қозғалыс құру.
Түркістан облысында 2 жылға жоспарланған«Көшбасшылық» факультативінің мұғалімдерін оқытуға арналған курс өз мәресіне жетті.
Алдағы жылда бағдарламаға Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Алматы облыстары біртіндеп қосылады.